Дәріс – Жоспар



бет2/2
Дата15.10.2023
өлшемі24,82 Kb.
#185527
1   2
Байланысты:
6 дәріс

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

«Smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді.



Қазіргі уақытта мақсат қоюдың әдістемелері жетерлік. Оқу мақсатын SMART критерийлері бойынша болуы қажеттілігі туындап отырғаны баршаңызға белгілі. SMART атауы ағылшын сөздерінің бірінші әріптерінің аббревиатурасы болып табылады. Д.Доурдэн бойынша SMART мақсаттарды қою:


 S (Specific) – мақсат нақты болуы керек, қол жеткізу үдерісіне жұмылдырылған қатысушылар оның неден құралатыныны түсінуі керек.
 M (Measurable) – мақсат өлшенетін болуы керек, қол жеткізу ҥдерісіне жұмылдырылған қатысушылар олармен мақсатқа қол жеткізе ме, жоқ па, соны тҥсінуі керек. Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады.
 A (Achievable) – мақсат қол жеткізетін болуы керек, қол жеткізу үдерісіне жұмылдырылған қатысушылар тиісті ресурстарға ие болуы қажет.
 R (Realistic) - мақсат шынайы болуы керек, нақты нәтижеге бағытталуы тиіс.
 T (Timely) – мақсат уақытпен айқындалуы керек, әрбір мақсат үшін оған қол жеткізудің уақыт тарапынан шектеу болуы тиіс.
Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы білуі керек. Мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Ең маңыздысы жүзеге аспай қалған немесе мерзімі бойынша қалып отырған мақсаттарға мән беру.
Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады. Өз қателіктерін түзету барысында сабақтың мақсатын «SMART» критерийлеріне сүйеніп, нақты, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа сай, белгілі уақыт аралығымен шектелген болуына көңіл бөлінуі шарт. «SMART» критерийлеріне аса мән берілуі керек:
Мақсат қойған кезде төмендегі талаптар орындалуы керек:
1) Мақсатты нақтылы тұжырымдау (четкая формулировка целей)
2) Қойылған мақсаттарды нақтылы міндеттерге бөлу және үздіксіз бағалау.
Мысалы, дәстүрлі оқытудағы мақсат:«математикадан білімін жақсарту» деп алынған, ал осы мақсаттың талдауы: нақтылы емес, өлшеу қиын және мерзімі көрсетілмеген. Ал, SMART негізінде қойылған мақсат: «екі апта ішінде теңдеулер жүйесін шешіп үйрену. (научиться решать системы уравнений двумя способами в течение двух недель).
Жаңартылған білім берудегі оқу бағдарламасында оқу мақсаттары білім алушылардың пәнді меңгеруін дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандартында күтілетін нәтижелерді анықтау, осы дамытуды ақпараттандыру үшін оқу бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б.Блумның таксономиясы қолданылады.
Ғалым Э.Уилсон «Жеке нәтижелер Блум сипаттаған үш саланың біріне байланысты болуы керек» екеніне, маңыздылығына назар аударады. Блум таксономиясының когнитивті сала бойынша сипаттамасы мен нәтижеге негізделген қолдануға болатын пайдалы етістіктерді басшылыққа алуға болады.
Блум таксономиясында нәтижеге негізделген сөйлемдерде қолдануға болатын етістіктер 3 кестеде берілген:


Кесте -3. Нәтижеге негізделген сөйлемдерде қолдануға болатын етістіктер



Когнитивті қатынас

Сипаттамасы

Нәтижеге негізделген сөйлемдерде қолдануға болатын етістіктер

Эвалюация

Х-ті белгілі мақсатпен бағалау мүмкіндігі

Бағалау, баға беру, эвалюация, салыстыру

Жинақтау

Элементтерді бір бүтін етіп реттеу жҽне біріктіру

Құрастыру, пайымдастыру, ұсыну

Талдау

Мәселені анықтап алу үшін құрамдарға бөлу

Анықтау, талдау, есептеу, тестілеу, тексеру

Қолдану

Ережелер мен қағидаттарды қолдану

Қолдану, пайдалану, көрсету, өз ойын білдіру, тәжірибеден өткізу.

Түсіну

Мағынасын түсіну, бірақ бұл түсінікті белгілі бір жағдайдың шегінен асырмау

Сипаттау, түсіндіру, талқылау, мақұлдау

Білу

Алдында көрсетілген мәліметті қайта құрастыру

Анықтау, атап шығу, қайта құрастыру, жазу

Қорытындылай келе сабақты тиімді жоспарлауда басымдық беретін жұмыс бағыттары айқындалды:


 біріншіден, эмоциялық, әлеуметтік және когнитивті салаларын басшылыққа ала отырып, білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен коллаборативті оқытуға арналған орта құру және жағдай жасау;
екіншіден, оқу мақсаттарының SMART критерийлеріне негізделуі жҽне білім алушылардың пәнді меңгеруін дамытуға қажетті білімі мен дағдыларын анықтауға бағыттау;
 үшіншіден, Блум таксономиясы ойлау деңгейі мен білім алу нәтижелерінің сәйкестігін сақтау;
 төртіншіден, білім алу нәтижелері мен оқыту әдістерінің сәйкес келуін;
 бесіншіден, оқытуға негізделген бағалауды қолдану және бағалау критерийлері (табыс критерийі) оқытудың мақсаты ретінде білім алушылар нені білу, түсіну және жаса алу қажеттілігін айқындай алу; үнемі оқу нәтижелері мен бағалау арасындағы байланысты сақтау; сондай-ақ, оқыту нәтижелерін сабаққа, топтың көлеміне, білім алушылардың деңгейіне бөлінген уақытты ескере отырып, жоспарлау.
Сабақта қолданылатын барлық стратегиялар логикалық тұрғыда өзара байланысты бірі сызыққа тізіліп, бірін-бірі толықтыратындай болғанда ғана өз нәтижесін береді. Егер білім алушыларға оқу әрекетінің мақсаттары және көзделген нәтиже түсінікті болса, олар өз жұмысының сапасын өздері тексере алады.
Білім алушылардың оқу мақсаттарын жҽне оған жету өлшемдерін айқын түсінуі жоспарлау дағдыларын дамытудың міндетті шарты болып табылады.
Ғалымдар Харт, Диксон, Друмманд және МакИнтайер: жоспарлау – оқытушы қызметіндегі ең маңызды үдерістердің бірі. Тиімді жоспарлау – мұғалімдер білім алушылардың әлеуетін өзгерте аламын деген өз күштеріне деген сенімнің негізінде жатыр. Бұл пікірлер оқытушылар білім алушылардың таңдау жасауына оң әсерін тигізеді. Шындығында әдістерді, жұмыс түрлері мен оқыту стратегияларын сәтті ұштастыра білгенде ғана көзделген нәтижеге жетуге, сабақты тиімді жоспарлауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет