Дәріс № Тақырыбы: Балалардың есту қабілеті нашар психологиялық-педагогикалық қолдау. Мақсаты



бет1/2
Дата15.10.2022
өлшемі21,5 Kb.
#153208
  1   2
Байланысты:
Дәріс 6.
Gljssary, ВСЯ Шпора, практикалық тапсырмалар 2, ЕАЖКЗТ емтихан сұрақтары

Дәріс № 6.
Тақырыбы:Балалардың есту қабілеті нашар психологиялық-педагогикалық қолдау.
Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Есту қабілеті нашар балалардың сөзді қабылдау.
2.Есту қабілеті нашар балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау.
3. Олармен жұмыс жүргізу жұмыстар

1.Мүмкіндігі шектеулі жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.


Атақты француз жазушысы және философ-гуманисі Мишель де Монтень 16 ғасырда былай деп жазды: «Кереңдік-соқырлыққа қарағанда ауыр мүгедектік. Ол адамды басты қасиеті - тез және еркін қарым-қатынастан айырады». Медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, мемлекеттің даму деңгейіне қарамастан, бала жасындағылардың есту қабілетінің бұзылуы мен жоғалуы жиі құбылыс болып табылады (шамамен, 1000 адамның ішінен 16-17 жағдай), сондықтан осы балалардың бейімделуін жетілдіру қоғамда үнемі өзекті мәселе болып табылады.
Есту органы адам организмінде өте үлкен рөл атқарады.Негізінде адамның есту органы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Іштен туа біткен сыртқы құлақтың зақымдануы сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітеліп қалуын «атрезия» дейді. Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Сыртқы құлақтың зақымдануына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Егер адамның құлағына құлық жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс. Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Ол әр түрлі себептерден болады,мысалы, ангина, грипп аурулары. Ішкі құлақтың зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы. Есту органының күшті бұзылуы бұл – өздігінен немесе емделудің нәтижесінде есту органының жақсармауы. Есту органының күшті бұзылуы іштен туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.
Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі 2-ге бөлінеді:

  • Әлсіз есту;

  • Кереңдік.

Жүре пайда болған себептер:
ортаңғы құлақтың күшті қабынуы, мұрын және жұтқыншақ аурулары, ауыр инфекциялық аурулар (менингит, скарлатина, қызылша) туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.
Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және құлағының мүкісі бар адамдар.Құлағының мүкісі бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу). Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар еститіндер. Кереңдердің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі сөз сөйлеу қабілетінен айырылған кереңдер (керең-мылқаулар); екіншісі сөз сөйлеу қабілеті бар кереңдер (есту қабілетінен кеш айырылғандар).Баланың дамуы бұзылған кезде оның қоғамда әлеуметтену процесі және әрі қарай бейімделуі қиындайды.Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада «Өз орнын таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ туады.Ол үшін не істеу қажет? Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту және бәрінен бұрын оларды белсенді әрекет пен қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет. ХХ ғасырдың аса көрнекті ғалымы Л.С. Выготский естімейтін балалар адам тәртібінің барлық жиынтығына, яғни белсенді өмірге қабілетті дегенді алға тартады. Сонымен қатар, адамның өзін-өзі тануы үшін, алдымен өзіндік «Мен» кейіпін қалыптастыру қажет.
2.Бүкіл әлемдегі психологтар мен ұстаздарды жалпы білім беру мектептерінде оқитын нақты клиникалық диагнозы жоқ, бірақ оқуы мен мінез-құлқында айқын қиындықтары бар оқушылар популяциясының көбеюі мазалайды. ҚР Білім және ғылым министірлігінің көрсеткіштері бойынша бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 60% -да соматикалық және психофизикалық дезадаптацияның қауіпі бар, және де олардың 35%-да психикалық жүйке-жүйесінің айқын бұзылысы балабақшаның кіші топтарында анықталған. Бұл балалардың арасында есту қабілеті бұзылған балалар ерекше орын алады. Бұл балалардың өмірде өз орынын табуы, әлеуметтік бейімделуі, өзін тұлға ретінде қалыптастыруы, өзін –өзі бағалауы мен дамытуы – қазіргі таңдағы ең күрделі мәселенің бірі. Осыған байланысты бұл категориядағы балаларды оқытуда оқытудыудың шарттарын анықтау және де оқытудың барлық кезеңдерінде психологиялық қолдап отыру ерекше маңызды.Есту қабілеті бұзылған балалардың олардың тұлғалық және психикалық дамуын жан- жақты қарастыратын жұмыс бағыты қажет. Тұлғаның үйлесімді қалыптасуы үшін, баланың өзін-өзі бағалауын дамыту үшін, міндетті түрде өзін қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнауы қажет, баланың қасында оны жақсы көретін және түсінетін ересек адам болу керек. Алайда, баланың ақыл-ой дамуының кейбір бұзылушылықтары бар отбасында - бұл ата-ана трагедиясы. Даму мүмкіндігі шектеулі бала туу отбасының барлық мүшелері үшін сынақ болып табылады. Есту қабілеті бұзылған балалардың тұлғалық және танымдық қызметінің жүйелі психологиялық зерттеуі, психикалық дамудағы бұзылыстарын анықтау арқылы ғана, дамуында бұзылысы бар балалардың барлық психологиялық танымын қалыптастыратын кешенді түзету – дамытушылық бағдарлама құрастыра алады. Есту қабілеті бұзылған балалардың олардың тұлғалық және психикалық дамуын жан-жақты қарастыратын жұмыс бағыты қажет. Бұл жағдайда танымдық іс- әрекетінің ерекшеліктері,онтогенездегі психиканың дамуы, екіншілік кемістіктің айқын дәрежедегі көрінісі және тұлғаның жеке қалыптасуы – тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының негізгі мәселесі болып табылады.Өзін-өзі бағалауының айқын төмендігі есебінен баланың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға енуінде қиындықтар туындайды.
3.Белгілі кемістіктің бар болуына байланысты, мүмкіндігі шектеулі бала мен оның қауымы арасында өзіне тән қатынас пайда болады. Көп жағдайда кемістік баланы оқшаулап, оны шеттетеді.Сондықтан да есту қабілеті бұзылған балалардың отбасындағы тәрбиелену, оқу қоғамға бейімделу процессіне бағыныштылығы, сау баламен салыстырғанда әлдеқайда көп.Сонымен қатар өзін-өзі бағалауының қалыпты дамуына баланың өз ортасымен,достарымен қарым-қатынасы өте маңызды болып табылады. Белгілі бір іс-әрекеттердегі жетістіктерін басқа балалардың нәтижелерімен салыстыра отырып, бала өз мүмкіндіген дұрыс және тура бағалауға үйрене бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет