Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.
Елде ұлттық спорт түрлерінің тұрақты дамуы байқалады. Ұлттық түрлерімен шұғылданушылардың үлесі 2013 жылы 5,9% - дан 2017 жылы 6,6% - ға дейін өсті (343 303 адам).
Ұлттық спорт түрлері бойынша бүгінде республикада 9 мамандандырылған спорт клубы (Астана және Алматы қалалары, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы және Маңғыстау обл., СҚО-да 2), 10 мамандандырылған спорт мектебі (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Түркістан облысындағы 2 клуб) және Астана қаласындағы ұлттық және Ат спорты түрлері орталығы жұмыс істейді
Ұлттық спорт түрлерінен Республикалық және облыстық спорт федерацияларын ашу. Ұлттық спорттың негізгі түрлерінен БЖС мектептерін ашу.
Жоғары жетістіктер спортын дамыту мақсатында елімізде 322,6 мың спортшы шұғылданатын 519 спорт ұйымы жұмыс істейді. Оған 459 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі кіреді, оның ішінде 144 мамандандырылған, онда 321,8 мың оқушы шұғылданады.
Сондай-ақ, олимпиадалық резервті даярлау 16 орталығы, спортта дарынды балаларға арналған 12 облыстық мектеп-интернаттар3,7 мың оқушы, 22 облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі.
Олимпиадалық резервтің 5 республикалық мамандандырылған мектепинтернат-колледжі, 2 республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 ұлттық және Ат спорты түрлері орталығы, 1 дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы, 9 Олимпиадалық даярлау орталығы.
Республиканың спорт ұйымдарының қалыптасуы.
1988 жылы 1 қаңтарда ҚазССР Оқу министрлігінің кәсіптік одақтардың, спорт комитеттері мен ведомоствалардың жүйесінде 624 балалармен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп, онда 305 мыңнан астам бала оқыды. Республикада талай жылдан бері қысқы спорт түрлері артта қалып келген болатын.
Республиканың спорт ұйымдары осындай артта қалушылықты болдырмау шараларын жасады. Соның нәтижесінде қысқы спорттың 5 түрі бойынша 1984 жылы еліміздің құрама командасына Қазақстанның 28 спортшысы енгізілді. 1981 жылы Красноярск қаласында өткізілген СССР халықтарының қысқы спартакиадасында Қазақстанның құрама коллективі одақтас республикалар арасында жалпы командалық 2 орынға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |