Дәріс № 19 Дене шынықтыру мен спортты басқару. Дәріс жоспары: Жасӛспірімдердің жан-жақты болып ӛсуіне бағыт беру
Дене шынықтыру санасы ӛзіндік ағартушылық, ынталандырушылық, бақылаушылық және тежегіштік
Балалардың бір жастарында қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеттерін үйрену әдісі жоғары болады. Бұл жас балалардың бас миының барлық бӛліктерінің және арқа ми жүйкелерінің тек дамуына және әрекетті сезу мүшелерінің
жетілуіне байланысты, сонымен қатар ептіліктің, шапшаңдықтың, шыдамдылықтарының дамуына байланысты болады. 12-13 жастарда дене жаттығуларын кеш бастаған балаларда әрекет координациясы кем дамиды және бұлшық ет күшінің, дене массасының ӛсуі сәйкес келмейді. Бұл жағдайда осы жаста жыныс және эндикрон жүйелерінің жетілуіне сәйкес келеді. Оқушылардың жаңа жаттығуларды тез істеуі олардың дене дамуының дәрежесіне байланысты.
Мектептегі дене тәрбиесі жүйесі – дене және рухани күшті дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар мен спорттық әрекеттер жүйесі. Дене мәдениеті дамытушылық, тәрбиелік, білімдік, сауықтыру – гигиеналақ қызметтерді атқарады. Салауаттылық санасы: дене мәдениетінің мәнін, оның ӛмірлік қажеттілігін, барлық дамудың (ақыл ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық) табиғи негізі ретіндегі мәнін түсіну, дене шынықтыру және спорт тарихы, теориясы мен практикасы туралы білімнен тұрады және адамдардың дене шынықтыру, спорттық – ойындық әрекет білігі мен дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Практикалық сабақтар барысында балалардың дене шынықтыру – спорттық ойлауы; техникалық шеберлігін жетілдіруге даяр болуы, уақытқа, кеңістікке және ойын жағдайына бағдарлануы; спорттық – ойындық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келу қабілеттері дамиды. Мұның бәрі олардың бойында денсаулығын сақтауға қажеттілікті, ұйымдасқан дене әрекетін, дене шынықтыру мен спортты әдеттегі күнделікті ісіне айналдыруын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру санасы ӛзіндік ағартушылық, ынталандырушылық, бақылаушылық және тежегіштік (спорттық жетістіктерге жетуде адамгершілік – құқықтық нормаларды ұмытпау) қызметтер атқарады.
Сол үшін қимыл-әрекеттің техникасын үйрену кезінде оқушылардың ұқыптылық мүмкіншіліктерін есепке алуды талап етеді. Әр сыныптың негізгі топтары жақсы дамыған немесе қанағаттандырарлық деңгейде дамыған балалар топтарынан тұрады, бұлар жаңа жаттығуларды жеңіл үйренеді. Кейбірі жаттығуларды үйренуде кӛп қиналады. Себебі олар уақытты, дұрыс игере алмайды және олар әлсіз болады. Әдетте олар мұғалімнің кӛрсеткен жаттығуларына кӛңіл аудармай оларға қарапайым әрекеттерді үйретуде кӛп уақытты талап етеді. Олар күшті, темпті, әрекет тездігін, жалпы қимыл-әрекетті дұрыс басқара алмайды. Ал денесі жан-жақты дамыған оқушылар ақылды, жылдам, тез түсініп, саналы, кӛрсетілген жаттығуларды тез ұғып алады.
Үйрету - мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап ететін, күрделі жұмыс. Үйрену үшін үйрететін оқушымыз әрекеттерді алғашқы үйренуге дайын болуы тиіс.
Мысалы, 6-сыныптың бірінш тоқсанында жеңіл атлетика сабағы кезінде қолдарын бүгіп және созып орындайтын жаттығуларды бергені дұрыс. Себебі бұл болашақта оқушыларға арқанға ӛрмелеу, тартылу, жүкті кӛтеріп қою жаттығуларын орындауға кӛмегін тигізеді.
Екінші тоқсанда жүгіру сабағында бір аяқта секіріп жүру түрлерін, жүресіне отырып жүру және т.б. енгізуді талап етеді.
Үшінші тоқсанның соңында кӛктемгі жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларына даярлау мақсатында әр түрлі жаттығулар беріледі.
Оқушылардың үйретуге дайындығын тест кӛмегімен, бақылау және бұрын үйренген жаттығуларды қайталап орындату арқылы анықтаймыз. Үйретуге кірісумен міндетін анық түсіндіру талап етіледі.Үйретілген жаттығулардың маңызын түсіндірген дұрыс болады.
Мұғалім үйрету жұмысын ӛзіндік әдістерімен түсіндіруі тиіс. Мысалы, кӛрсету, түсіндіру, кӛмекші жаттығуларды беру, орындап кӛруі, үйренгенді бағалау.
Орындап кӛрсету анық болуы тиіс, әрекеттің негізгі бӛлектері түсіндіріліп беріледі. Кейін жаттығу қарапайым болса оқушыдан толығымен орындау талап етіледі, ал күрделі болса бӛліп орындау ұсынылады.
Жаттығуды орындап кӛрсету және түсіндіру оқушыда жаттығу туралы жалпы түсініктің қалыптасуы мақсатында кӛрсетіледі.. Оқушы мұғалімнің әрекеті қалай орындалғанын бақылау арқылы ӛзінде сол жаттығу туралы ой пайда етеді. Кейін тәжірибе турінде орындалады, бұл оқушының білімін нақтылайды. Жаттығуды орындау кезінде жіберілген қатені мұғалім уақытында тұзетіп беруі керек. Күрделі жаттығуларды орындаған кезде мұғалім қауіпсіздікті сақтау үшін қасында бақылап тұрады.
Координациясы күрделі жаттығулардың бӛлектеп (әлементтерге) бӛліп үйреткен дұрыс. Оқушы жаттығуды толық орындағаннан кейін мұғалімің кӛмегімен жаттығу таңдалады, жіберілген қатенің себебі және оны түзету жолдары анықталады. Қатені тӛмендегіше түзету мүмкін:
жаттығудың орындалуын қайталап кӛрсетіп оны оқушыдан қайталап кӛрсетуді талап ету;
дайындық, кӛмекші жаттығуларды қайталау жолымен техникалық құралдарды пайдалану жолымен т.б.
Үйретудің үшінші басқышында үйретілген жаттығуды кӛндігу деңгейіне дейін бекітілуі тиіс. Кӛбінесе оқушылар ӛз бетінше қайталайды, ал мұғалім басшылық етеді. Жаттығулардың орындалу жағдайын ӛзгертіп бару арқылы әрекет қабілетінің динамикасын жоғарылатуға болады. Мысалы, биіктікке секіру кезінде биіктікті ӛзгертіп бару т.б.
Әрекет кӛндігуін жетілдіру бұл жаттығулардың дұрыс орындалуы, тездіктің ӛсуі, нәтижені жоғарылату мақсатында қозғалыстарды үнемдеп пайдалануы, жаттығуларды техникасымен шебер орындау т.б. Бұлар үздіксіз жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастырумен іске асырылады. Дене тәрбиесі сабағында уақыттың аз болуына байланысты кӛрсетілген тапсырма толық (кӛрсетілмейді) шешілмейді, тек тұрмыста пайдаланатын жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, ӛрмелеу сияқты жаттығулар орындалады. Сондықтан оқушыларға тапсырма беру және ӛз бетінше орындауды талап ету арқылы оларда жақсы кӛндігуді қалыптастыру мүмкін.