Дәріс №8. Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшіру
Жоспары:
Бихевиоризм сатысы
АКТ дамуының конгнитивтік сатысы
Лекцияның мақсаты: мектепте ақпараттық коммуникациялық технология құралдарының даму тарихы мен танысу..
Білім беру процесінде ең негізгі әдіс бұл сұрақ-жауап әдісі болып саналады. Егерде біз оқушыларға өтілетін тақырыпты толығымен өтетін болсақ және осы өтілген тақырыпты оқушы қай деңгейде игергендігін бақылау үшін біз сұрақ-жауап әдісімен білім аламыз. Бірақта сұрақ-жауап процедурасын белгілі бір тәртіпте өткізбесек оқушының санасында өтілген тақырып тәртіпсіз түрде қалыптасады. Сондықтан сұрақ-жауап процедурасын ең алдымен бір ыңғайлы тәртіпке салуымыз керек. Оқытушы оқушыға беретін сұрақтарды және оның тура жауабын сабақ басталмастан алдын дайындап алуы керек. Ал мұндай процедураны қайтіп ұйымдастырамыз?
Ең адымен өтетін тақырыпты 3 бөлікке бөлшектеп аламыз. Тақырыпты бөлшектеп алғанымыздан соң әр бір бөлшекке тиісті сұрақтарды қалыптастырамыз.
Бірінші бөлшектегі сұрақтар өтілетін тақырыпқа дайынгершілікті қамтамасыз етуі тиіс.
Екінші бөлшектегі сұрақтар тақырыптың негізін ашып беруі керек. Бұл процедураны 6 сұрақпенен түсіндіріп беруі керек.
Үшінші бөлшектегі сұрақтар өтілген тақырыпты тәжрибеде қолдану мүмкіншіліктерін көрсетуі тиіс.
Жалпылай алғанда сұрақтар тізімін бихевиоризм жалпылай деген мағынаны білдіреді. Осы айтылған процедура білім берудің ең негізгі әдісі болып саналады. Ал берілген білімді оқушы қай деңгейде игергенін бақылау үшін біз бұл сұрақтарға оқушылардан жауап алуымыз керек. Алынған жауаптарға тура не тура емес жауабына қарай біз оқушының игеру деңгейін бақылаймыз. Мұндай бақылауда көптеген әдістерді қолдануға болады. Олар: балдық әдіс, бағалы әдіс, салыстырмалы, т.б. Білім берудің бақылануының өзі бір сала. Кейінгі білім беруде ең қиын мәселе бұл сұрақтарды құрастыру болып саналады. Егер де біз осы сұрақтарды бір тізбекте қисынды түрде құрастыра алмасақ ол кезде білім берудегі бейнетіміздің құндылығы төмендеп кетеді.Сұрақтарды қалыптастыру қалай амалға асырылады?
Егер де біз сұрақтарды қисынды түрде құрастыра алмасақ ол кезде біз оқушыларды түсінуіне алып келуіміз мүмкін. Сұрақтарды құрастыру процедурасы тақырыптың күрделі не күрделі еместігіне байланысты. Егер тақырып күрделі, ол жағдайда сұрақтардың тәртібі жеңілден күрделі жақа қарай болуы керек. Ал керісінше тақырып күрделі болмаса ол жағдайда сұрақ бір-бірімен қиылысқан түрде құрастырылады. Яғни 1-сұрақтың жауабы 2-сұрақтың жауабы болады немесе 2-сұрақтың жауабы 3-сұрақтың жауабы т.с.с. Бірақта сұрақтар тізімінің көбейіп кетуі тақырыптың мәнділігін жоғалтып қоюы мүмкін.
Ақпараттық технологияның дамуы дидактикалық оқу методикасына өзінің күшті септігін қосты. Егер де АҚТ-ның мектепте қолдау тарихына көз салсақ ең алдыменен біз мектепте кибернетика пәнінің бір бөлшегі болған алгоритмдеу және бағдарламалау пәндерінің ендірілуін көреміз. Соң ең алдыменен ДКК (дербес компьютерлерінің қолдануын көреміз.) Ең алғашқы кеңес компьютерлері болып саналады. Бұл компьютерде Байсик тілінде жазылған қарапайым бағдарламаларды оқушыларға үйрету мақсат қылып қойылатын болады. Сон МИР, ПРАСК сияқты ДК компьютерлер оқу процесіне ендіріле бастады. Бұл дербес компьютерлерде Паскаль, СИ сияқты бағдарламалау тілдерін үйрету мүмкіншілігі туындады. Өткен ғасырдың 90 жылдардан бастап IBM компьютерлері келе бастады. Бұл компьютерлердің мектепте оқу процесіне ендірілуі АКТ технологиясын мектеп оқушыларының игеруі жылдамдасты. Бұл компьютерлердің мектепте ендірілу салдары мектеп оқушыларына объектілік бағдарламалау тілдерін үйрету мүмкіншілігі туындады. Әрине бұл тілдерді игеру оқушылардың қазіргі кезеңде АКТ мүмкіншіліктерін толығыменен игеріп өздерінің білім алу саласына кеңейтуге мүмкіншілік жаратты. Сонымен қатар оқу процесіне жаңа алгоритмдеу негізі ақпараттық модельдеу, сызықты бағдарлама құру және дискреттік алгоритмдер сияқты пәндер үйретіле бастады.
АҚТ технологиясының мектепте оқу процесіне ендірілуі дидактикалық білім беру технологиясының жаңа бағыттарын туындатты.
Білім беруде дидактик әдістердің негізін үйрену кезінде білім беруші өтіліп жатқан пәннің конгнетивтік даму процедурасын жақсы білу керек. Ойткені әр бір пәнді оқыту кезінде біз сол пәннің ең алдіменен кіріспе құрылымын жақсы үйреніп шығуымыз керек. Бұл құрылымда міндетті түрде сол пәннің келіп шығуы қалыптасуы даму процедурасы қамтылған болады. Бұл процедураны конгнетивтік түрде үйрену дегеніміз қарапайым түсініктерден күрделі түсініктерге жүйелі түрде өту болып саналады. Әрине үйретудың бұндай әдісі негізінде үйренушілерге өте тиімді жағдай туындатады.
Ал АКТ –ның білім беру процедурасына қолдануы ең алдімен механик есептеу құрылымынан басталады. Бұл құрылымды біз «счет» деп айтамыз. Бұл құрылымды пайдаланып біз әртүрлі арифметик есептерді есептеудің жылдамдығын асырамыз. Бұндай жағдайда білім берудің өнімділігі шамалы асады.
Тағы бір жағдай бұл логарифмдік линейка механизмі болып саналады. АКТ-ның бұл механизмін білім беру саласында қолдану күрделі болған арифметик есептер логарифмді есептеу, нәтижені жуықтау, туындыларды есепеу сияқты курделі болған арифметик есептерді шешудің тиімділігін күрт асырды.
Есептеу техникасының дамуы алғашқы калькуляторларда келтіріліп шықты. Калькулятордың білім беру процедурасына ендірілуі ең алғашқы қарапайым қолданбалы есептерді шешу мүмкіншілігін туындатты. Нәтижеде бізге білім беруде жаңа әр түрлі пәндер келіп шықты. Бұндай пәндер бұл алгоритмдеу, бағдарламалау сияқты пәндер болып саналады.
АКТ-ның кейінгі даму сатысы бұл есептеу техникасының негізі болған компьютерлермен тікелей байланысты. Компьютерлердің білім беру саласында қолдануы білім беру көлемін, жылдамдығын асырды. Бұндай жағдай ақпараттық технологиялардың өмірге қолдануға болған сұранысын өте асырды. Бұндай сұраныс білім процедурасында өзгертуге алып келді. Өткені білім алушы өмірде жақсы жұмыс істеу үшін ақпараттық технологияларда қолданылатын АКТ инструменттерден пайдалана алатын болу керек.
Педагогик практикада ең күрделі және ең керекті процедура бұл білім беру методикасы болып саналады. Өйткені біз мектеп оқушыларына білім беру методикасын жақсылап жобалап алмасақ ол кезде біз беретін ең қарапайым білімдерді де оқушыларға жеткізе алмаймыз. Егер де оқытушының білімі күшті болып, бірақта білім беру методикасы төмен болса, ол жағдайда бұл оқытушы өзінің білімін оқушыға ойдағыдай жеткізе алмайды. Мектеп тағы да басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары міндетті түрде білім беру методикасын игеруі тиіс. Тәжрибеде білім беру методикасы дербес ғылыми сала болып саналады. Ал білім беру методикасы дегенде нені түсінеміз?
Мысалы үшін оқытушыға бір тақырыпты оқушыларға түсіндіру керек болсын. Оқытушы ең алдымен сол тақырыптың атын айқындап алуы керек. Егерде:
А) Тақырып күрделі болса, ол кезде білім беру процедурасын тікелей тақырыптан бастау керек емес. Ең алдымен сол тақырыпқа жақын болған қарапайым түсінікте оқушыларға түсіндіру керек. Сосын ғана күрделі тақырыпты түсіндіруге өтсе болады.
Б) Егерде тақырып қарапайым болса, ол кезде бұл тақырыпты салыстрма түрде тікелей түсіндіріп өтсе болады. Тақырыпты түсіндіріп болған соң тақырыптың негізіне өтеді. Тақырыптың негізін оқушының деңгейіне қарай түсіндіруді жалғастыру керек болады. Мұндай жағдайда оқушының деңгейін оқытушы шамалы бөлшектеп алы керек. Тақырыптың негізі түсіндірілгеннен соң тақырыпқа қорытынды жасау керек. Бұл процедурада сол тақырыптың қолданбалы жақтарын мысалдармен түсіндіру керек. Ал тақырыпты өтіп болған соң оқытушы берген білімін оқушылар қабылдады ма жоқ қабылдамады ма не қандай деңгейде қабылдағанын оқытушы білуі тиіс. Егерде оқытушы берген білімінің қаншалықты оқушылар жағынан қабылданғанын білмесе ол жағдайда оқытушы өзінің кейінгі сабақтарын жоспарлай алмайды. Міне осы айтқандарымыз білім беру методикасының негізі болып саналады. Егерде осы методика негізін игеріп алмасақ ол жағдайда оқытушының оқушылар алдындағы абыройы тқмендеп кетеді. Сондықтан білім берудің әр түрлі әдістері мектеп оқытушыларына үйретіледі. Білім беру методикасы өте қызық пән болып оның негізін игеру әрбір оқытушының міндеті болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |