Дәріс 9
Гемопоэз
Қанның дамуын гемопоэз дейді. Гемопоэздің екі түрін ажыратады: эмбриондық және постэмбриондық. Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерация. Эритроцит – тердің түзілуін – эритропоэз, гранулоциттердің түзілуін – гранулопоэз, тромбоциттердің түзілуін – тромбоцитопоэз, моноциттердің түзілуін – моноцитопоэз, лимфоциттердің түзілуін – лимфоцитопоэз деп атайды.
Эмбриондарда қан бастапқы кезде сары уыз қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында, лимфа түзуші органдарда жасалады. Қанның барлық клеткалары мезенхиманың клеткаларынан пайда болады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның түзілуімен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Қан жасалудың ең ерте гемопоэз ұрықтан тыс болады. Мезобласта қан аралшықтары пайда болады. Қан аралшықтары қосылып тамырлар торын құрайды.
Адам ұрығында бағана клеткаларының қай кезеңде пайда болатоыны жайында деректер жоқ. Ал тышқандарда 7-9 күндері пайда болады. Әрі қарай бірінші эритробластар, бірінші лейкоциттер пайда болады.
Эритроциттредің түзілуі гемоцитобластарда гемоглобиннің жиналуынан басталады. Ересек адамдарда қанның пішіндік элементтері арнаулы қан жасаушы мүшелерде түзіледі. Олардың біразы – көк бауыр, жілік майында түзіледі. Ал лимфоциттре – көк бауырда лимфа тамырларында түзіледі. Жілік майында эритроциттердің, гранулоциттердің және қан пластинкаларында жаңадан түзілу процесі жүреді. Жілік майының қан жасаушы ұлпасы – миелоидті ұлпа деп аталады. Моноциттер миелоидті және лимфоидті ұлпаларда түзіледі.
Қан жасаудың ең көп тараған теориясы бойынша миелоидты және лимфоидты ұлпалардың қан жасаушы ретінде детерминделген ортақ бастама клеткалары бар. Бұл дің клеткалары өзінің түрі жағынан кішкене лимфоциттерге ұқсайды. Қан жасаушы жүйенің түрлі учаскелерінің үздіксіз дің клеткаларын алмастыруы және олардың қоныстауы жүреді.
Гемоцитобластрадың бөлінуі арқылы пайда болған клеткалар эритропоэз кезінде амеба тәрізді қозғалуға қабілетсіз, ең бастысы цитоплазма күшті базофилияланады. Бұл клеткалар проэмбриобластар немесе базофильді эритробластар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |