Гистологиялық препараттарды жасау тәсілі
Зерттелетін мүшелер мен ұлпалардан ұсақ (1 см3) кесекшелерді алып бекіту (фиксация).
Бекітілген кесекшелерді ағын суға жуу.
Күштілігі өсе түсетін спирттерде сусыздандыру.
Кесекшелерді парафинде қатыру.
Кесекшелерден микротом арқылы кесінділер жасау.
Кесінділерді бояу.
Кесінділерді бальзамға қатыру.
Бекіту (фиксация) дегеніміз – ол химиялық немесе физикалық заттардың көмегімен клеткалардың ішкі құрылысын (химиялық және физикалық) бір қалпында сақтау.
Бекіткіштер (фиксаторлар) екі топқа бөлінеді: жай және күрделі. Жай бекіткіш бір химиялық заттан тұрса) мысалы спирт, формалин), күрделі бекіткіштердің құрамына бірнеше химиялық заттар кіреді. Кейбір бекіткіштерден кейін ұлпа кесекшелерін сумен жуу қажет. Ұлпа кесекшелерін парафинге қатыру үшін алдымен оларды құрғату керек. Сусыздандыру күштілігі өсе түсетін спирттермен жүргізіледі. парафинге қатырудың алдында кесекшелерді аралық сұйықтарға (ксилол, хлороформ) салады. Одан кейін парафинді термостатқа ерітіп кесекшелерге құйып қатырады. Парафин кесектерінен микротомда жұқа (5-7 мкм) кесінділер жасайды. Ол кесінділерді заттық шыныға жапсырып бояйды. Боялған кесінділерді бальзамға қатырып үстінен жапқыш шынымен жабады. осы екі шыны арасындағы боялған ұлпа кесіндісін гистологиялық препарат деп атаймыз.
Дәріс 2
Достарыңызбен бөлісу: |