Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері



бет6/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Гольджи аппараты

Алғашқы рет «Гольджи аппараты» деп аталатын оргноидты 1898 жылы мишықтың Пуркинье клеткаларынан тауып ашқан итальян ғалымы Камилло Гольджи. Гольджи аппаратын «ішкі тор тәрізді аппарат» деп те атайды. Бұл зерттеулердің бағасын көп жылдар өткеннен кейін ғалымдар қоғамы түсініп, оның авторына Нобель премиясы берілді. Гольджи аппаратының түрлі клеткаларда орналасуы әр уақытта ұқсас болып келеді. Көбінесе ол ядроның маңайында орналасып клетка орталығын қоршап тұрады. Кейбір клеткаларда Гольджи аппараты ядроның астында да орналасуы мүмкін. Электронды микроскоп арқылы зерттеулер бойынша Гольджи аппараты үш компоненттен тұрады (8-сурет).



  1. Қатар орналасқан жазық мембраналардан тұратын қатырмаланған қапшықтар (цистерналар) жүйесі. Мұндай көршілес қатар жатқан қапшықтардың ара қашықтығы 140-150 А. Әр қапшықтың ішкі қуысының ені 90 А, ал мембраналардың қалыңдығы 70-80 А.

  2. Екінші компонент – белок секретін эндоплазмалық тордан тасымалдайтын диаметрі 300-500 А болатын көпіршіктер.

  3. Үшінші компонент – диаметрі 0,2-0,3 мкм болатын ірі вакуольдер.

Гольджи аппаратының қызметі: 1) эндоплазмалық торда өндірілетін секреттерді қалыптастыру және сыртқа шығару; 2) көмірсулар синтезіне қатысу және көмірсуларды полипептид тізбектеріне жалғастыру; 3) лизосомдар құрастыруға қатысу; 4) сперматозоидта Гольджи аппаратынан акросом қалыптасады.

Өсімдіктер және омыртқасыздардың клеткаларында Гольджи аппараты диффузды (бытыраңқы) түрде клеткада жайылып жатады.

Гольджи аппаратының мұндай түрін диктиосом деп атайды (9-сурет). Диктиосом жазық қапшықтардан (цистерналар) және олардың шеттерінде орналасқан майда көпіршіктерде қалыптасады, одан кейін ірі вакуольдерге түседі. Жетілген секреті бар ірі вакуольдер клетканың шетіне қарай қозғалады (орнығады), оның мембранасы плазмалеммамен қосылып кетеді де, секрет сыртқа шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет