Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Организмнің өсу мен дамуының жалпы заңдылықтары



бет7/11
Дата27.09.2024
өлшемі461,39 Kb.
#205254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
жас ерекшелик

ОЖЖ тежелу:
Орталық жүйке жүйесіндегі қозумен қатар тежелуде болатынын орыс ғалымы М.И. Чеченов 1862 жылы дәлелдеген.
ОЖЖ тежелі процестері 4 бөлінеді:
Пресинапстық тежелу. Реншоу клеткасы қозады, одан гаммааминмай қышқылы бөлініп, постсинапстық мембрананың Cl анионына өткізгіштікті күшейтеді, деполяризациялайды. Әрекет потенциалы төмендейді, Са катионын өткізбейді.
Постсинапстық тежелу. Тежеуші нейрон қатысады. Мотонейрондағы постсинапстық мембранада К катонындарын сыртқа шығарады, СІ аниондарын ішке қарай өтуін күшейтеді.
Пессимустық тежелу. (медиаторлар көбейеді).
Қозудан кейінгі тежелу.
ОЖЖ рефлекстерді үйлестіру
Қозу мен қатар оның айналасындағы орталықтарда тежелу туып, қозу үрдісін жан-жағынан қоршап, оны кері қарай алғашқыда пайда болған жеріне шоғырланады (концентрация).
Қозу мен тежелудің жайылысы иррадиация деп аталады.
Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістің тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады.
Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокциялық (жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған.
Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды.
Доминаттық қозу (лат. – dominantus- үстемдік, үстем). Белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық Үстемдік ететін билеуші орталық бола алады (А.А. Ухтомский). Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың қызметін тоқтата алады. Бұл орталықты ерекше қасиеттері бар:
1. Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді.
2. Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де, басқа орталықтардың қызметін тежейді.
3. Қозу созыңқы (инертті) болады.
4. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жиілігінен көп артық. Сәл тітіркендіргішке күшті жауап береді.
Қозу тез жинақталады. Бұл орталық керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды. Организмге өте қажеттілерін тудырады. Сөйтіп оның организмді дегеніне, алдына қойылған мақсатына жеткізуде маңызы зор.
Кері байланыс (афферентация) жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет