Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің бес негізгі критерийі бар



бет6/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық, Тілім менің тірлігімнің айғағы, Дене тәрбиесі және спорт тарихы тест, Ерекше білім лекция, инклюзив білім беру бағд, Этнопедагогика 1
Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің бес негізгі критерийі бар:руханилық, кәсіби-біліктілік, кәсіби әрекетке операциялық-технологиялық дайындығы, шығармашылық белсенділік және бейімделу қабілеттілігі.
Рухани көрсеткіштер мына төмендегілер:

  • кәсіби-әрекетке саналы қызығу;

  • қарым-қатынас жасай білу, айналасындағылармен араласу;

  • адамдарды түсіне білуі;

  • адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (ар-намыс, борыш, жауапкершілік);

  • сөзі мен ісі арасындағы байланыс;

  • рухани құндылықтарды бағалау.

Кәсіби – біліктілігінің көрсеткішіне жататындар:

  • болжам жасау қабілеттілігі (жұмысын жоспарлау, қиындықтарының алдын алу, т.б.);

  • әрекетінің жетістігі;

  • әрекетінің саналы деңгейі (ғылыми негізде жұмыс жасау);

  • стратегиялық, тактикалық міндеттерін белгілеу;

  • кәсіби әрекетте түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу шеберлігі;

  • күрделі кәсіби міндеттерді шеше білу;

  • әрекеттің мақсаттылық деңгейі;

  • түрлі әдістемелер мен технологиялармен жұмыс істей білу;

  • зерттеу жүргізе білу дағдысы;

  • студенттің тілін дамыту;

  • ұйымдастыру қабілеті.

Шығармашылық белсенділік көрсеткішіне мыналар жатады:

  • кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану;

  • шығармашылық материалының күрделі деңгейі;

  • өз шығармашылығын балаларға үйрете білу;

  • балалардың шығармашылық қабілетін дамыта білу.

Кәсіби әрекеттер жасау адамның біліктілігін кеңейтеді. Мұғалімнің өзін және әрекетін типтік құбылыс ретінде қарастыруға болады. Қызметіндегі рөлін жоғары бағалап, өзін соның бір бөлігімін деп сезінетін адамдар өте жиі кездеседі. Олар бар міндетін өз мойнына жүктеп, біртұтас, бөліп қарауға болмайтын үрдіс ретінде қабылдайды. Мысалы, оқытушы кәсіби нәтижеге жету үшін пәнді күшейту негізінде белгілі бір күш жұмсап, оқушыларға бақылау жүргізу қажет. Ол өзін “Бағалаушы” және “Сот” рөлінде көрсетіп, “Білімдар” имиджін әрқашан қорғауы керек. Бұл әдіс әр мұғалімге сәйкес келе бермеуі де мүмкін. Бірақ, ол өз имиджін қорғай алуы тиіс.
Белгілі ағылшын психологі Эверет Шостромның ойынша “Қазіргі заманда адам өзінің шексіз әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде өзін шығармашылық жағынан және тікелей көрсете алады. Бірақ, өткенді тежеп, болашақты қауіпсіздендендіруге әлі мүмкіншілік аз” деген ой айтқан. Демек, әр адам белгілі дәрежеде манипулятор бола алады. Алайда, ізгіліктік психологияда манипуляторлыққа қарсы да әлеует бар. Мұны А.Маслоу, кейінірек К.Гольдштейн “Өзін-өзі актуаландыру” деп бекіткен.
Мұғалімнің кәсіби манипуляторлықты қолдануы психологияда қорғану тәсілі делінеді. Ол ой-тілегін, ұсынысын еркін білдіруге, дамуына, өмірдің әдемілігі мен сан түрлілігін толығымен сезінуіне шек қояды. Психологтардың көпшілігі “өзін бағыттай бақылай алған адам - өзгере алу еркіндігі дамыған, сәтсіз кезеңді мерекеге айналдыра алатын адам” дейді. Еркіндіктің және өзін актуаландырудың алғашқы қадамы - өз әрекеттерін саналы түрде түсіне білу. Адам өмірге келе сала тәртіптеуші, амал табушы қасиетке ие болмайды, ол қасиеттерді кәсіби орта, көпшілік шыңдайды.
Ф.Перлздің айтуынша, адамның өзін және қоршаған ортасын қорғауында қайшылықтарға жиі кездеседі. Мұнда өзіне және өзгеге деген сенімсіздік мәселесі туады. Баланы қатал бақылап, сан қайтара тексеру шектен тыс болған жағдайда өзіне деген сенімсіздігі күшейеді. Ондай адам өзінен беделі жоғары адамнан қолдау іздейді.
Екінші себепті анықтаған Э.Фромм адамға тән қасиет – махаббат деп есептейді. Адам өзін-өзі сүйе білмесе, ол өзгені сүйе де, түсіне де алмайды. Өзін сүюі - өзінің әлсіз жақтарын, кемшілігіне дұрыс көзқараспен қарауы. Біз қиял қуып, қызылға қызығу салдарынан өзімізді де, өзгені де түсінбеушілікке тап болуымыз ықтимал. Осыған ұшыраған мұғалім үмітсіз болады әрі шәкіртін де дұрыс баули алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет