Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет1/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Дәріс № 1
Дәріс тақырыбы:
Педагогикалық шеберлік компоненттері

  1. Педагогикалық шеберлік туралы

  2. Педагогикалық шеберліктің мәні мен мазмұны

Дәріс мақсаты: педагогикалық шеберлік туралы түсінік қалыптастыру.
Дәріс мәтіні:
1. Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік “педагогикалық шеберлік” болып таблылады. Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу-тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал педагогикалық шеберліктің ішкі мәні – бұл педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері.
Педагогикалық шеберліктің мәні «Педагогикалық энциклопедияда» былайша түсіндіріледі: «...бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі бар педагогтардың қолы жетерлік әрдайым жетілдіруді қажет ететін жоғары дәржелі өнер. Өз ісінің шебері бола алатын педагог – бұл өз пәнін терең меңгерген, ғылымның нақты салаларынан және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін толық деңгейде білетін, жалпы және, әсіресе, балалар психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман. Осы анықтаманың мағынасына үңілетін болсақ, мынаны көруге болады:

  1. «педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына мыналар енеді: жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция; өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім; педагогикадан, жалпы, жас және педагогикалық психологиядан білімінің болуы; оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану білу іскерлігі; оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеруі. Бұл негізінен, Н.В.Кузьминаның белгілеуінше, педагогтың қалай оқыту және тәрбиелеу керектігін білуден көрінеді.

  2. педагогикалық шеберлікті педагогтың бойында тәрбиелеуге болады, шеберлікке педагог боламын деген әрбір адамның қолы жетеді.

Орыс тілінің сөздігінде “шеберлік белгілі бір саладағы өнер” деп анықтама берілген. Ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік жеке тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның – педагогтың өмірге көзқарасы, қарым – қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми - әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл “тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы”. Бұл жөнінде ол: “Мен білік пен дағдыға шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім” дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, “дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі - өнер болып табылады”. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек “мында кел” деген сөзді 15 – 20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет - әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана” дейді.
А.И.Щербаков педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының , жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: “педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады” дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: “сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтің жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін” айтады.
Міне, шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: “мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым – қатынас, тұлға сияқты үштікте” дейді. Шеберлік... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті, дағды мен білікті меңгеруі деп анықтайды.Н.В.Кузьминаның пікірінше, педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интеллеутуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю.К.Бабанский “мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер” деп көрсетеді. Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.
Н.В.Кухарев мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық – педагогтік дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша, мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды:
а) тұлғаның қажеттілік – мотивациялық саласы;
б) операциялық – техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады);
в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
Шебер педагог білімді,тәжірибесі мол, жан жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптасыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя,мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен,педагогикалық әдептің қыр- сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін»,-айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардыңтолық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:
1) Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) Пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормалары сіңіре білгендігі;
3) Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырғанадам ғанашеберлікке ие болады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін – өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білуменшарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- Педагогикалық іс – әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- Педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- Педагогикалық іс – әрекетке бейімділігі;
- Педагогикалық техникасы.
Шебер педагог – бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері , оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, педагогикалық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін , жүрек қалауымен жұмыс істейтін,әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі құрылымды қамтиды:
1) Педагогикалық технология ( сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
2) Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылысы);
3) Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәриелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
4) Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білудағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).
Мұғалім адамның өз пәнін терең менгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі.Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.
Төртінші қыры - байқағыштық сезімі және көрегендігі.
Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры - үлгі өнегесі, мұғалім мәдениетінемесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
И.А.Зязюннің пікірінше, педагогикалық шеберлік – бұл кәсіптік педагогикалық іс – әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттерінің кешені. Ал, В.А.Сластениннің пайымдауынша, педагогикалық шеберлік – бұл педагогикалық процестің жоғары пәрменділігін қамтамасыз ететін жеке адамның жекелік іскерлік белгілері мен қасиеттерінің синтезі.
Сондай-ақ, педагогикалық шеберліктің маңызды бөлігі ретінде педагогикалық техника қарастырылады. Бұл жеке оқушыға немесе ықпал жасауға арналған әдістемелік құралдардың тиімді және дұрыс қолдану шеберлігі. Оған мұғалімнің сөйлеу техникасы, өзін – өзі ұстау, жүріс – тұрысы, киім киісі, эмоционалдық тұрақтылығы, дауыс ырғағы және тағы басқа қасиеттері жатады.
Педагогикалық техникасы – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай – күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін сөзін және педагогикалық мақсатты қарым- қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз етедін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.
Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.
Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастар жүйесі – кәсіби білім, қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзірет болып табылады деген тұжырым жасайды.
А.М.Новиков педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында. Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармен ауыстыруға болмайтынына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А.Н.Новиков педагогикалық шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда ашып береді, оқушыға өз мақсатына-мұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады. Педагогикалық шеберлік туралы түсініктерді талдай келе төмендегі пікірлерге мән берейік.
А.Б.Орлов өз мақаласында “шебер” және “жасаушы” деген түсініктердің оптималды қатысын негізге алады, “шебер” “жасаушының” құлы болады, ал шеберлік – шығармашылық құралы деп жазады (өзектендіру)”. Бұл дегеніңіз педагог тиімді әрі іс-тәжірибеде ақталған әдістерді шебер меңгерген, бірақ оларды өзінің жеке кәсіби жаңалықтарымен байытуға ұмтылмайды, өзінің шығармашылық потенциалын іске асыра алмайды. Дегенмен, педагогикалық шеберлікті қажетті және жеткілікті деңгейде игермесе, кез-келген маманға өзінің кәсіби саласында шығармашылығын өмірге келтіру қиын болады.

Бақылау сұрақтары:


1. Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алады ма?


2. Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба?
3. А.В.Луначарскийдің педагогқа қойылатын талаптары қандай?
4. Н.К.Крупскаяның берген үлгілі мұғалімнің критерийлерін атаңыз.
5. Педагогикалық шеберлік туралы А.С:Макаренконың пікірлері.
6. В.А.Сухомлинскийдің педагог тұлғасы туралы пікірін келтіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет