Дәріс15 Қоғамдағы экологиялық тұрақты дамудың концепциялары 1. Ресурстық және энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық қорлардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау.
Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес: Аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалар энергия аудитін жүргізу құқығына ие болады.
Энергия аудиттің басты мақсаты энергия үнемдеу мүмкіндіктерін табу және шаруашылықты жүргізетін субъектілерінің энергия қорларын тиімді пайдалануды анықтауда көмектесу.