Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Энергия аудитінің басты міндеттері



бет43/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
2. Энергия аудитінің басты міндеттері:

  • энергетикалық қорлардың үнемдеудің мүмкіндіктерінің әлеуетін және қорын анықтау;

  • энергия үнемдеу шараларының бағдарламасын әзірлеу, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу;

  • энергия үнемдейтін шараларды енгізуден кейінгі экономикалық тиімділігін анықтау;

  • энергия үнемдеу шараларының өтеу мерзімін және оларды енгізу шығындарын анықтау;

  • энергия қорларының шығынын бақылау және есепке алу жүйесін жетілдіру;

  • кәсіпорынның энергетикалық паспортын әзірлеу.

3. Энергия аудитінің негізгі сатылары:
1 саты.  Энергия аудиті жүргізілетін объекті туралы ақпарат алу:

  • алдыңғы және қазіргі жылдарындағы отынның, судың және электр энергиясының тұтынылуы бойынша бастапқы мәліметтерді жинау;

  • энергияны тұтынуының құрылымын талдау;

  • энергияға кететін шығындардың құрылымын талдау;

  • кәсіпорын мен жеке бөлімшелердің шығарылатын өнімнің бірлігіне кететін энергия тасымалдағыштар шығынын анықтау.

2 саты. Жалпы объекті және оның жеке бөлімшелері бойынша отын-энергетикалық ағынын зерттеу:

  • технологиялық өндірістің негізгі және қосалқы үдерістердің сұлбасын зерттеу;

  • объектінің энергетикалық қорларды тұтыну сұлбасын құрастыру;

  • энергетикалық қорларды тұтыну картасын құрастыру;

  • энергия қорлардың жеке түрлері бойынша кәсіпорынның теңгерімін құрастыру;

  • кәсіпорынның отын-энергетикалық теңгірімін құрастыру;

  • энергия сыйымдылығы жоғары тұтынушыларды анықтау және олар бойынша мәліметтерді жинау;

  • жеке тұтынушылар бойынша энергияны тұтыну меншікті нормасын анықтау;

  • энергия сыйымдылығы жоғары тұтынушылар бойынша жеке энергетикалық теңгерімді құрастыру.

3 саты. Объектідегі отын-энергетикалық қорларды тұтыну тиімділігін талдау:

  • Жеке технологиялық үдерістерді пайдалану тиімділігін талдау;

  • Объект бөлімшелерінің отын-энергетикалық қорларын тұтыну тиімділігін талдау;

  • Жеке тұтынушылардың энергияны тұтынуды талдау;

  • Отын және энергияның жоғарғы нормативті шығындарын анықтау;

  • Тереңдетілген энергетикалық аудиттің басымдылығын анықтау.

Жеке объектілерде өзіндік энергия тұтынатын орындары бар болуы мүмкін, қосымша энергетикалық аудиттің көмегінсіз анықтау қиынға соғады.
Қосымша энергетикалық аудитке арнайы тексерістер де кіреді, тексерістерді орындау үшін өзіндік өлшеу құрылғыларын қолданумен немесе ғылыми зерттеуді жүргізу қажет етеді. Энергияның ерекше тұтынушыларына келетін болсақ, олардың қатарына тоңазытқыштар, компрессорлық қондырғылар, электр пештері және т.б. Егер энергетикалық аудит шартында белгіленген болса, зерттеу жұмыстары ерекше мәселелерді шешу үшін де жүргізіледі.
4 саты. Жеке технологиялық үдерістердің және энергияны тұтынудың тереңдетілген энергетикалық аудит:

  • Аралық параметрлердің қосымша өлшеулерін жүргізу және жұмыс режимдерін анықтау.

  • Тұтынушылар жұмысының тиімділігін анықтау.

  • Басшылардың келісімімен өзіндік мәселелерін шешу.

5 саты. Энергетикалық аудиттің нәтижесін шығару:

  • Энергия үнемдеу шараларын әзірлеу.

  • Енгізілетін шаралардың тиімділігін техника-экономикалық талдау.

  • Алынған қорытындыларды салыстырмалы талдау.

  • Өнімнің энергия сыйымдылығын және энергия қорларын тұтынылуын одан әрі төмендету жаңа басымдылықты таңдау және мақсатты қою.

  • Энергетикалық аудит есепбін құрастыру.

Қазіргі таңда энергетикалық аудиттің маңыздылығын және пайдалылығын анықтайтын, сондай-ақ не себепті энергияны тұтынушы оның қорытындысына сену қажеттігін дәлелдейтін көптеген факторлар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет