Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Дәріс 14 Дамыған, дамушы елдердегі табиғи ресурстарды пайдаланудағы ерекшеліктері



бет41/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Дәріс 14
Дамыған, дамушы елдердегі табиғи ресурстарды пайдаланудағы ерекшеліктері
Әр мемлекеттің тағдырында негізгі рольды жер ойнайды, ол өзінің пайда болу және қызмет көрсету мүмкіндігін анықтайтын фактор болып табылады.
Эффектілікте көтеру және мемлекеттік басқару сапасы, т.с.с. ұлттық ресурстар біріккен ақпараттық жүйемен бірге ортамемлекеттік басқару жүйесін құру, «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақмерзімді приоритеті болып табылады.
«Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ-жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт-дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі»,- ҚР-ның Президентінің Н.А.Назарбаев өз үндеуінде ерекшелеп айтты.
ҚР-сы дүние жүзіндегі жермен қамтамасыздандырылған елдердің бірі болып табылады. Біздің ел дүние жүзінде тоғызыншы орында, ал бұрынғы одақтан Ресей Федерациясына ғана жол береді. Республиканың жер қоры 271287мың га-ды құрайды. Ауыл шаруашылығына арналған жердің ауданы 201099,5мың га, бұл барлық жер қорының 74 пайызын құрайды.
Елде өткізіліп жатқан реформалар нәтижесінде қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу процесі, жаңа жер сабы және оған қатысты жер қатынастарының құрылуы жүріп жатыр. Цивилизациялы жер қатынастарын құру және жылжымайтын мүлікті басқару жүйелері-нарықтық экономиканың негізгі құралы, бүкіл дамыған елдердің кілттік мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыру негізі, мемлекеттік жер кадастрын құру жеке жүргізу, оның жердік-ақпараттық жүйелерін автоматизациялау болып табылады.
Формациялардың ауысуы жер кадастрының мақсатты бағытталуының объективті қажеттілігінің өзгеруін шарттайды. Бұл жер өз қызметтерін сақтай отырып, негізгі құрал ретінде кеңістіктік базистің өндірісі және негізгі табиғи ресурс, жылжымайтын мүлікке айналады. Осыған байланысты әр жер участогы заң түрінде жылжымалы мүлік статусын алып және заңды, жеке тұлғалардың мүлігінің құрамына енуі тиіс. Осымен қатар, жерді қолдану жолдары өзгереді-ақылы жерді қолдану енгізіледі, бұл жерде өту механизмінің жерді кадастрлы бағалау негізінде өңдеу қажеттілігі туады. Жер ресурстарын рационалды және эффектілі қолдану-мемлекеттік маңыздылығы бар мәселе. Бұл сұрақтың шешімі 2003жылы 1-шілдеден бастап Қазақстан Республикасының 149 бабымен қарастырылған, яғни жер кадастрын, оның толық көлемімен жүргізу қажеттілігін тудырады. «Мемлекеттік жер кадастры ҚР-ның жерінің табиғи және шаруашылық жағдайлары туралы мәліметтер жүйесін көрсетеді, орналасқан жері, мақсатты қолданылуы, көлемі және жер учаскелерінің шекаралары, олардың сапалы мінездемесі, жерді қолдану және жер учаскелерінің бағалануы туралы есеп». Жер кадастры Қазақстан Республикасының 2003ж. қарастырылған «Мемлекеттік жер кадастрының жүргізу туралы тәртібін» Министрлер Кабинетінің қаулысы енгізілді.
Бұл жұмыста жер кадастрын нормативті-құқықтық негізін реттеуі қарастырылды, елде жүргізіліп жатқан жер реформаларының бөлінбес құрастырушысы ретінде.
Мемлекеттік жер кадастрының өзіндік ерекшелігі және жерге орналастырушылық құқықтық реттеу заты сияқты жер ресурстарын басқаруда тәуелсіз құқықтық институттың пайда болуын және дамуын шарттайды.
Жер реформаларының басталуымен нарықтық өзгеріс рамкаларында жерге орналасу және мемлекеттік жер кадастрының принципті жаңа көптеген қатынастарында құрылу үшін экономикалық, ұйымдық-нормативтік шарттар пайда болды, олар қазіргі нарық қатынастарының дамуына нақты әсер ете алады.
Қазіргі заманғы жер кадастрының және жер орналасушылықтың мазмұнын түсіну үшін және олардың регулиотивті мүмкіншіліктері жер қатынастарын тәртіпке келтіру бойынша бірінші деңгейлі талап, дүние жүзінің тәжірибесі және қазіргі заманғы кадастр жүйелерінің анализдарын оқып үйрену болып табылады. Мұндай әдістеме жоспарын, приоритеттерін оқып үйренуге және негізгі мақсаттарымен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа заңнама бойынша жер учаскесі және оған құқық негізгі объекттер болып табылады, соған байланысты көптеген түрлі жер қатынастары пайда болады. Сондықтан нақты бекіту және мүлік иелері, жерді қолданушылардың құқықтарын қорғау туралы сұрақты зерттеу маңызды тәжірибелі мағынаға ие.
Бұл жұмыста қазіргі заманғы жер кадастрының мақсатты принциптерінің жүйелері жете баяндалған, оның маңыздылығын ашу әрекеттері жүзеге асырылған, жоспары және ерекшеліктері, қазіргі заманғы кадастрлық жүйелерін талдау, мемлекеттік жер кадастры және жер орналасушылығының негізгі кезеңдері және тенденциялары көрсетілген.
Кадастр жүйелерінің ерекшеліктерін талдау, т.с.с. дамыған шет елдердің оң тәжірибесі кадастрдың кілттік рөлі туралы, оны нарықтық экономиканың базалық элементі ретінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей, жылжымайтын мүлік нарығының және нарықтық экономиканың толығымен бүгінгі күнде орташа қызмет етуіне елде жеке меншік немесе жылжымайтын кадастрды қамтамасыз ететін арнайы жүйелер болу керек.


Кадастр ұғымы тұрақты емес, ол экономикадағы, саясаттағы, экологиядағы, әлеуметтік ортадағы өзгерістерге тәуелді өзгеріп тұрады. Қазіргі кездегі кадастр- бұл әдістемелі қалыптасқан және жүйелі түрде жаңарып отыратын елдің немесе ауданның жеке меншігі, ол жер учаскесін шекараларының кадастрлық суреттелуіне негізделетін мәліметтер туралы мемлекеттік реестр.
Эффектілі кадастрлық жүйе беретін негізгі ерекшеліктерге жатады:

  • Жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығы және басқа құқықтарды сенімді қорғау және кепілдеме беру;

  • Жылжымайтын мүлік және жер туралы нақты мәліметтермен қамтамасыз ету арқылы салық салу жүйелерін қолдау;

  • Ипотека жүйелерінің дамуы, кредит кепілдемелерімен қамтамасыз ету;

  • Жылжымайтын мүлік және жер нарығының дамуы және бақылануы;

  • Жерлерді рационалды қолдану және қорғау;

  • Мүлік және жер құқықтарын сақтауға байланысты, сонымен қоса құқықтарды қалпына келтіруді, сот процесстерінің нәтижесіне кепілдеме беру;

  • Жер және мүлік жан-жалдарын төмендету;

  • Жекешелендіру және мемлекеттендіру процесстерін қамтамасыз ету;

  • Инвестицияларды тарту, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мүмкіндіктерді кеңейту;

  • Қала шаруашылығын басқару; табиғи және шаруашылық ресурстарды рационалды қолдануды қолдау, т.с.с. қоршаған ортаны толығымен:

  • Өкімет органдарын және кадастрлық басқаруды экономикалық жіне әлеуметтік даму жобаларын өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы кадастрлар модельдері Еуропа өңделген және бүкіл дүние жүзіне таралған. Олардың бір –бірінен айырмашылығы дәстүрлерінен, мәдени мұраларынан, идеяларды тарату және даму әдістерінен жіне кадастрлық саясаттың әсер етуінен байқалады. Осыған байланысты Қазақстан үшін дамыған шетелдердің тәжірибесі үлкен қызығушылығын тудырады, оларды жылжымайтын мүліктің кадастрын құру және қызметтеуіне мемлекеттің қатысу деңгейі бойынша екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа Голландия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және жеке меншікпен қамтамасыз ету жүйелеріне шектеулі қатысумен ерекшеленген кейбір басқа елдер.
Екінші топқа Германияның, Швейцарияның, Австрияның, Швецияның кадастрлық жүйелері жатады, олар жеке меншіктен қамтамасыздандыруда мемлекеттің қатысу деңгейінің жоғарлығымен мінезделінеді, ал бұл жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын сенімді қорғауды кепілдейді. Мұндай әдістеме құқықтарды тіркеу және шекараларды өлшеуді өткізу міндеттілігін қарастырады. Кейбір елдердің тәжірибесін қарастыра отырып біздің елде кадастрды құру кезінде олардың қолдану мүмкіндігі бар ма екенін көреміз. Мысалы, Голландияда кадастрдың қамтамасыз ету ұйымдық-зандық жүйелері экономиканың кәсіпорын формасында жүзеге асырылған. Жер кітабының және кадастр қызметтері «Dienst Voor het Kadaster en de Openbare Registers», елде «Кадастр» аталынған қызметтерімен орындалады. Бұл нұсқа бойынша мысалға Германиядағы сияқты екі тәуелсіз ұйымдық бірліктерге бөлінушілік жоқ. «Кадастр» тұрғын үй құрылыс және қоршаған ортаны қорғау министрліктеріне бағынады. Өйткені 1836 жылдан бастап барлық елдердің жер учаскелері тіркелсе, ал Голландияда кадастр толық және барлық көлемді болып табылады. Маңызды ақпарат ретінде кадастрда жер учаскелері иелері, нақты құқықтар және ипотекалар туралы мәліметтер қамтылады. Кадастрға өту реестрге жазуларды енгізгеннен кейін, ол үшін меншік объектісі бірқалыпты анықталушы және шектелмеген болу нәтижесінде жүзеге асырылады. Егер қажеттілік туса, онда енгізулерден кейін кадастр геодезистімен жер учаскелерін өлшеу өткізіледі. Кадастр гео-жүйесі және жер ақпараттары болып табылады, яғни көптеген қолданушылар үшін мәліметтер банкі де бола алады. Қазіргі кезде барлық мәліметтерге (қоғамдық реестр) шексіз мүмкіндік бар. Өлшеу және тіркеу үшін алынатын алымдар және баж салығы компетентті министірмен бекілінеді және шығындарды толтыру принципіне негізделінеді. Бұдан басқа, ақша резервтерін құру және инновацияларды қаржыландыру үшін табыс алуға жиі қол жеткізіледі. Жоғары үнемділіктің белгілері, голландық кадастр толығымен автоматтандырылған. Қазіргі кезде картографиялық және регистрациялық мәліметтердің интеграциясы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Голландық жүйе жылжымайтын мүлікпен келісім шартқа қатысушыларының құқықтық қауіпсіздігінің, жоғары үнемделіктің, мүлікті жеткізу жүйесінің жақсы орнатылуының (қажеттілігіне қарай 24 сағат ішінде), жер ақпараттарының қолданушылар үшін бағдарлаушы ретінде, кадастрлық жүиелердің қажетті икемділігінің жоғары деңгейлігімен мінезделінеді. Францияда жылжымайтын мүлік реестры ипотекалар және құқықтары ерекшеленген Реестрлық қызметтермен жылжымайтын мүлік кепілдемелері және ипотека картотекалары бойынша жүргізіледі, Кепілдің бар болуы Францияда мүліктің дәлелі болып табылады. Жұмсалмаған жер учаскілері ережеге сәйкес тіркеуге алынбайды. Осының салдарынан жылжымайтын мүлік реестры толық емес, қазырғы кезге дейін онда шамамен 80 пайыз жылжымайтын мүлік тіркелген. Францияда Реестрлық қызметтер дәстүрлі орталықтандырылған құрылымдар ішіне, қаржылық бағытталуына енгізілген. Кадастрлық ұйымдар жылжымайтын мүлікті салық салу және административтілеу үшін тіркеуге алады. Жер кітабы оның көне германдық мағынасында тек қана- бұл тарихи шартталған- Эль-Засте- Лотарингияда бар. Француздық кадастр жер учаскелері және жеке меншік қатынастарының фактілері айғағын көрсетпейді. Кадастрлық карталар, наполеондық кездегі геометриялық сапаға қатысты тек административті мінез ала алады.
Жылжымайтын мүлік реестрының бұқаралық принципі, мынандай мағына береді, егер әр адам қатысты баж салығын төлеп болса, ол өткізілген құжаттардың көшірмесін ала алады, жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мәліметтерді қорғау бойынша ешқандай шектеулер қойылмайды. Жүйе қызығушылық танытқан қолданушылар үшін, әлсіз актуалдық және кадастрлық- техникалық туралылығының әлсіздігін тек шектеулі ақпарат ағымын бере алады. Кейінгі кезден бастап Францияның кадастрлық жүйесі өзгеріс жағдайында тұр. Егер осы уақытқа дейін жүйе жылжымайтын мүлікті тіркеуге алуды тек салық жинау үшін бағыттаса, енді болашақта ол жылжымайтын мүлік заңдылықтарында және жер құжаттарында маңызды рөлге ие болады. Қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып кадастрлық карталардың жетіспейтін келе-келе дәлділігін көтеру, т.с.с. жер кадастры автоматты түрде жүргізуді ұйымдатыру, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни француздық жүйенің кадастрлық – техникалық бөлігі қазіргі кезде баяу өзгеріс процессінде: тарихи «наполеондық» салық кадастры келе – келе геоақпараттық жүйеге ауыстырылады. Ұлыбританияда жүйенің функцияналды бірлігі негізінде жылжымайтын мүлік кадастры жоқ. Жерге жеке меншік құқықтарын қамтамасыз ету үшін 1862жылы Англияда және Уэльсте аудандар бойынша «Жер учаскелерінің атауларының реестры» атты жер қолданушылардың жер учаскелерін қолдану құқықтарына регистрация жасау енгізілді, ол келесі мағлұматтарды қамтыды: жер учаскесін суреттеуін, жер иесі туралы мәліметтер, міндеттемелер және шектеулер.
Реестрге енгізу алдында тіркеуге алу сұранымына мұқият тексерулер жүргізіледі. Бірақ та тіркеуге алу үшін арналған жер учаскенің атауы нақты анықталмауы тиіс. Сол сияқты шекараларын бетілеу құралы (забор т.б.) анықталмауы тиіс. Жер иесі өз ынтасымен, өзінің есебі арқылы жер өлшеушіден өзінің жер учаскесінің шекараларын біле алады және көршілердің рұқсатымен реестрге енгізе алады. Бірақ бүгінгі күні тіркеуге алынған жер учаскелерінің аз ғана бөлігі ресми түрде шекаралары бекітілген. Өкімет оларға орнатылған региондарға тіркеуге алу бойынша міндеттемелер енгізуге өкілді. Бүгінгі күні олар барлық жерлерде енгізілген. Бірақ та бұл региондарда барлық жер учаскелері тіркелмеген, регистрация міндетті болады, тек қана жеке меншікті өткізу кезінде, оны қырық жылдан аса уақытқа арендаға беру кезінде. Реестрге енгізу кезінде жеке меншілікке мемлекетпен кепілдеме беріледі. Бірақ ол жазулардың дұрыстығына ғана қатысты, ал материалды – заңдық аспекттері қатысы болмайды.
Ұлыбритания реестр атаулары қоғамдық болып табылады, өйткені реестрдан көшірмесін әр адам ала алады. Сақтандыру сияқты әкімшілік шығындары реестр сондағының баж салық есебінен төленуі тиіс. Яғни бұл жерде шығындарды толтыру принципі қолданылады. Ұлыбританияда барлық көлемді кадастрдың жоқ болуына қарай, оның гео мәліметтерді өңдеу бойынша мақсаттармен қызметтерін орындауға өлшеулер бойынша жеке бюролар және өлшеу бойынша үлкен фирмалардың бөлімшелері міндеттенді.
Ағылшын жүйесі мемлекеттің жеке меншікті қамтамасыз ету жүйесіне өте аз қатысулар деңгейіне мысал бола алады. Бұл жеке меншік құрылымы бар, онда қолданушылар жүйеге жоғары талаптар қойылмауына шарттасады. Бірақ жеке меншікті тіркеуден бас тарту кезінде, соның ішінде тек араларды өлшеу және карталарды құрастыру, ол жер ақпараттық жүйелер ретінде мүмкін болатын барлық көлемді алымдар және гео мәліметтерді экономикалық қолданудан бас тартқанын шарттайды. Соңғысына болашақ Ұлыбританияда орын жоқ.
АҚШ-та барлық көлемді кадастр жоқ. Бірлескен жер регистрациясын енгізу әрекеттері тек кейбір штаттарда ғана мүмкін болды. Бұған себеп болған, жеке қауіпсіздендіру компаниялары мемлекеттің жеке меншікті қамтамасыз етуіне қарсы болды, өйткені жеке меншік күәлігі бола алатын карталар, осы компанияларда қауісіздендіріліп, сақталады. Кейбір штаттарда «Құжаттар реестры» атты тіркеу жүйелері бар, онда әр жер иесі жеке меншігін өткізу туралы құжаттарын тіркей алады. Тіркеуге алу, өлшеу немесе жер учаскелерінің шекараларын таңбалау міндеттемелері жоқ.
Орталық кадастрлық қызметтердің жоқ болуына байланысты, ол толығымен және графикалық гео мәліметтерді тіркеуге алады және сақтайды, сондықтан жеке мүлікпен қамтамасыз ету жүйелері қолданушылар үшін ақпараттық ағым ретінде тек шектеулі түрде ғана жарайды. Мемлекеттің мүлікті қамтамасыздандыру жүйесінде қатысу деңгейі төмен. Бірақ мемлекетпен гео мәліметтер қорын қолдау және толық тіркеуге алу мүмкіндіктері қолданылмайды. Яғни АҚШ-та мүлікті қамтамасыздандыру жүйесі жүзеге асырылуда, көп емес төтеншелерден басқа, толығымен жеке сектор арқылы ол мүліктің құқықтық қауіпсіздігіне тәуекелмен жауапкершілік алдында жүзеге асырады. Бірақ та сөз экономикалық жүйе туралы болып отыр. Ол оның қатысушыларымен мойындалады және мүлікті қамтамасыздандыру тек мемлекеттің іс-әрекеттеріне негізделмеуі керек екендігі, егер альтернатива ретінде жеке күштердің мойындалған жүйесі тарихи қалыптасқан болса, экономикалық жүйеге мысал болып табылады.
Қарастырылған елдерден ерекшелігі, Германияның, Австрияның, Швейцарияның, Швецияның кадастрлық жүйелері және басқа елдер қатары мемлекеттің мүлікті қамтамасыздандыруда негізгі рөлмен мінезделінеді. Қазіргі кездегі Германияның кадастрлық жүйесі заңды және ұйымдық түрде бөлінеді: Жер кітабына – жер туралы заңдық мәліметтерінің реестры ретінде (жеке меншік қатынастары, құқықтары, шектеулері, т.б.). Ресурстар кадастры – фактілі қасиеттеріне дәлелдемелер ретінде (атауы, жағдайы, көлемі, мекемесі, қолданылуы және т.б.). Тарихи қалыптасқандай, жер кітабын жүргізуі федералды юстиция министрлігінің компетенциясының құрамында (жер соты). Кадастр федералды жер компетенцияларына кіреді, бұл оның құқықтық және ұйымдық көрсеткіштерін анықтады. Жалпы принципті толық кадастр кітаптар, карталар, сандық мәліметтер механизмінен тұрады. Әр кадастрдың жүргізуін жалғастыру, шекаралар үшін мағынасы бар, тәелсіз өлшеуге (дәлдік принципі) негізделеді. Жазуларды жер кітабына енгізу қажет, тек заңгердің жете тексерілуінен өткеннен кейін ғана (жер сотының судьясы). Жер кітабында мүлікті беру нәтижесінде болатын өзгерістерді кадастрда да өзгерту қажеттілігі туады. Кадастрлық суреттеумен өлшеу бойынша (жеке) ресми тағайындалған инженерлер немесе муниципалдық кадастрлық қызметтердің өлшеуі мекемелер айналысады. Германиядағы кадастр толық ашылған жүйе болып табылмайды. Өзінің қызығушылығын танытқан адам, жер кітабы және кадастрдың ортақ мәліметтерімен таныса алады (шектелген қоғам реестры). Егер ортақгермандық кадастрлық жүйе туралы айтсақ, ол өзімен толық, барлық көлемді, қазіргі заманғы және мүлікті дәйектейтін жоғары дәлділікті және сенімді реестрды көрсетеді. Кадастр жеке меншік иелерінің құқықтарын қорғау, дұрыс салық салу, кепіл жүйелерін қамтамасыз етеді және жер ресурстарын рационалды және тиімді қолдануға қолдау жасайды.
Сол уақытта әкімшілдік және бюрократиялық қиындықтар осы жақын арада бірлескен федералды кадастрлы ақпараттық жүйені құруға мүмкіндік бермейді. Кадастрды және жер кітабын жүргізу мемлекеттің егеменді міндеті болып табылады, сондықтан мемлекетпен немесе муниципалитетпен жүзеге асырылады. Ал бұл үшін персонал қажеттілігі Еуропамен салыстырғанда, Ұлыбритания, Франция персонал қаттелігінен 2,5-3 есе көп. Бұл жүйенің тиімділігінен төмендетеді, оны приватизация көмегімен, оның жеке облыстарында көтеруге болады. Системы земели книги и кадастра ФРГ.-герман. Союз оберо ведения Бюллетень, 7\1993 Австрияда жеке меншікпен қамтамасыз ету ұйымдық бірліктер арқылы жүзеге асады: жер кітабы және кадастр, олар, Германиядан қарағанда, 1985жылдан бастап біріккен бірлік сияқты ұйымдық түрде шығады және орталықтандырыла жүргізіледі. Жер кітабы және кадастр федералды егеменділікке бағынады. Осымен қатар жер кітабы федералды юстиция министрлігінің жүргізілуінде, ал кадастр – экономикалық сұрақтар бойынша федералды министрлігінде жүргізіледі, т.с.с. өлшеу бойынша федералды ведомстваларында оған бағынушысы жүргізілуінде болады.
Австриялық жылжымайтын мүлік кадастры Заңның 8-келісімімен жүргізіледі, «жер учаскелерінің шекараларын дәлелдеу үшін және қолдану түрлерін көрсету үшін, аудан көлемін және т.б. мәліметтер жер учаскелерін тез тану үшін керек». Кадастр шекаралары заңдық (жер учаскелерінің тізімі) және техникалық (карталар, аэросуреттер, геодезиялық мәліметтер) бөлімдерден тұрады. Мүлікті беру құқығы құжаттардағы жазуларға сәйкес, келісім- шартты күәландыратын, жер кітабында жүзеге асырылады. Жер учаскесінің кез келген шекарасын өзгерту үшін өлшеу бойынша инженер – консультанттардың шекараларды өлшеуі қажет. Кадастр жүйесін қамтамасыз ету шығындары алымдар мен баж салығының есебінен жүргізеді, олар өте жоғары емес, бірінші кезекте орталықтан жүргізілгенінен. Австриялық кадастр жүйесі принципті бюрократиялық және рентабельді емес құрылымдарда жоғары құқықтық қауіпсіздігімен мінезделінеді. Тиімділікті көтеру және ары қарай дамуы, жер кітабын және кадастрдың бірлігін жүзеге асыруға және гео ақпараттық барлық көлемді жүйелерді құруға бағытталған.
Швециядағы кадастырлық жүйе әр адамның жер және мүлік иесі болу құқығына негізгі кепілдеме берді болып табылады. Бұл жүйе барлығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Швецияның барлық азаматтары мүлікті сатуға және сатып алуға құқықты. Кадастырлық жүйе несие жүйесінің негізін құрайды, онда жылжымайтын мүлік ссуда алуға кепіл ретінде қолданылады. Бұл жеке тұлғаларға үй салып өз бизнестерін ашуға мүмкіндік береді. Швецияның барлық жерлері жылжымайтын бірліктерге бөлінген (орман, көлі, үй бар жер учаскелері) төрт млн астам мұндай регистрлер бар, олар елу үш агенттіліктермен Ұлттық жер геодезиялық қызметтерінің мүліктерінің тіркеуі бойынша және тоқсан үш агенттілік землерді тіркеуге алуды, юстиция Министірлігінің ұлттық соттарының басқаруымен қатысты жүзеге асады. Ұлттық жер геодезиялық қызметтер, жылжымайтын мүлікті құруға, мүлікті бағалау және тіркеге алуға, осы процедуралардың өтуін бақылауға жауап береді. Жер регистрінін органдары – тұрғылықты соттың бір бөлігі және жерлерді тіркеуге алумен ғана айналысады. Соттың біреуі қосарлануы бойынша жер регистрінің органдарының жетекшісі болады. Жылжымайтын мүлік меншік регистрі тіркеу кітабынан және картографиялық материалдардан тұрады. Жылжымайтын мүлік регистрі жеке меншік құқығына кепілді қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікпен келісімдерді жүзеге асыру үшін, халық санағын жүргізу үшін, ауыл шаруашылық статистиканы жүргізуге, қоршаған ортаның ластануын бақылауға, жер өңдеуші және басқа жұмыстардың орындалуы үшін территориялардың дамуын жоспарлау үшін қажет.
Жер регистрі жер иелерінің актілеріне немесе мәртебелерді заңды тіркеуге, аманаттарды тіркеуге, т.с.с. басқа мәліметтерді, жылжымайтын мүлік иелігінің заңды статусына қатысты қызметтер атқарады. Жер регистрі арнайы үлкен тіркеу кітаптарында, жылжымайтын мүлік регистрінің кітабының формасымен бекітілген, кітаптарда жүргізіледі. Әр мүлік кітаптың екі бетінде тіркеледі. Бірінші бетінде жылжымайтын мүлік регистрінен учаскенің суреттелуі жазылады, т.с.с. берілген мүлікке мәртебелер, хронологиялық тәртіппен орналастырылған және жер иесінің аты, мерзімі, мүлікті беру түрі (сату, сыйлау және т.б.), мерзімі және тіркеудің идентификаторлық номері жазылады. Екінші бетінде заклад, ерекше сервитут шарттары, аренда бойынша ақпараттар келтіріледі. Қазіргі кезде Швецияда 1974 ж басталған бірлескен ақпараттық жүйелердің көмегімен – Жер мәліметтер банкі, дүние жүзінде аналогы жоқ, екі регистрдің автоматизациялау процесі аяқталу кезеңінде жүріп жатыр. Эффектілікті көтергеннен басқа және жылжымайтын мүлікті тіркеуге алу жүйесіне одан да рационалды ұйымдасқан қала және регионалды жоспарлау үшін сапалы жаңа мүмкіндіктерді береді.
Жүйенің құру, енгізу, қызметтеу жұмыстарын координациялау үшін 70-жылдардың ортасында берілген жылжымайтын мүліктерді басқару орталығы құрылды, ол Ұлттық жер геодезиялық қызметтерімен және сот органдармен тығыз жұмыс істеді. 1996 ж Орталық Басқару Ұлттық жер геодезиялық қызметтерінің құрамына кірді. Осыған орай, басқа қарастырылған елдерден қарағанда, Швецияда орталықтандырылған кадастырлық тіркеу жүйесінің бар екендігін айтуға болады. Швецияның кадастрлық жүйесінің бір ерекшелігі, реестр қамтитын ақпараттың заңдық күші бар. Ал бұл, жүйенің барлық клиенттері – жеке тұлғалар, банктер, несие мекемелері және т.б. – жүйеде тіркеген меншік иелері өз мүліктерін сатуға, немесе кредит алуда кепіл ретінде қолданулары мүмкін. Егер мүлік иесі туралы ақпарат нақты болмаса, мемлекет араласады да, келісім жақтары ауысады. Сондықтан сатып алу, жылжымайтын мүлікті сату немесе кредит алу операциялары қымбат болып табылмайды. Швецияның кадастрлық жүйесі мүлік құқығы және нарықтық экономиканың негізі ретінде ғана емес, сонымен қатар жерге салық салу, мемлекеттік тіркеуге алу, әлеуметтік жоспарлау және табиғи ресурстарды қолдануды жоспарлау үшін де қызмет етеді. Жүйені басқару өте эффектілі жүргізіледі және оған елдің кез келген жерінен қол жеткізуге болады. Бір аптада 600 000 астам сұранымдар тіркеледі (бұл жай сұраныс және тіркеу ақпараттарын енгізу). Жүйедегі ақпарат күнделікті және қайта-қайта жаңартылып тұрады. Жүйе бәріне бірдей ашық болғанымен, санкциялы емес ақпараттарды өзгерту немесе жою мақсатында енулерге шаралар қолдануда. Жер мәліметтерінің банкісінің ақпараттарына сенімді сақтау жүйелері орнатылған.
Жүйе мемлекет үшін табыс көзі болып табылады, ол жылына 655 млн АҚШ долларын құрайды, 3 млрд долларды санамағанда, оны жылжымайтын мүліктен салық түрінде алады. Қарастырған мүлікті қамтамасыздандыру жүйелері жүзлеген жылдар бойы құрылды. Мұнда қайта құрылу жолындағы мемлекттерді айта кеткен жөн, олар тек соңғы бірнеше жыл ішінде социализмнен нарықтық экономикаға өту рамкаларында өздерінің анықтамаларын іздеп және мүлікті қамтамасыздандырудың ұйымдық формаларын енді ғана анықтауда. Мысал ретінде Чех Республикасы, Румыния, ТМД елдері және т.б. елдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет