Тұжырым: 1. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуы отбасындағы және қоғамдық ортадағы балаға деген мейірімділіктің тым аздығынан немесе тым көптігінен туындайды; 2. Девиантты мінез-құлықтың алдын алмаушылық қылмыстың артуына алып келеді; 3. Бала әлеуметтенуінде оның өмірлік ұстанымдарын берік қалыптастыру маңызды. Сондықтан отбасындағы балаға психологиялық кеңес беру жұмысын жүргізуге ата-аналарды даярлау - әрбір тәрбие мекемелерінің алдында тұрған басты міндеті болуға тиіс. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: 1.«Девиация» ұғымының мәнін ашыңыз, оның құрылымын сипаттап түсіндіріңіз.
2.Халқымызда әлеуметтік қалыптан ауытқыған мінез-құлықтарды қалай реттеп отырғандығын мысалдармен дәлелдеп түсіндіріңіз.
3.Бүгінгі күні ғылымда айқындалған девиантты мінез-құлықтың түрлеріне сипаттама беріңіз, олардың пайда болуын бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерімен байланыстырып түсіндіріңіз.
4.Девиантты мінез-құлықты балалары бар ата-атаналарға олармен қандай бағытта және қалай жұмыс жүргізуді ұсынасыз?
5.Девиация құбылысы қоғамдық категория ретінде құбылмалы сипатқа ие дегенді қалай түсіндіресіз?