Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары



бет29/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП

Әлеуметтік педагог қызметінің нәтижесі
Әлеуметтік педагог жұмысын мектеп әкімшілігі төмендегі критерийлер бойынша бағалайды:
- Әлеуметтік-педагогикалық әрекетті жоспарлау мен ұйымдастырудың жүйесі.
- Қазақстан Республикасының білім беру, тәрбиелеу, қорғаныш және қамқоршы қызметтері, бала мен ана, еңбекті қорғау аумақтарында бекітілген нормативтік-құқықтық құжаттардың реттілігі.
- Оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің есепке алуды ұйымдастыруы.
- Оқушылардың отбасымен, қамқоршыларымен әлеуметтік-педагогикалық қызмет жұмыстарынынң жүйесі.
- Әлеуметтік педагогтің қызметі білім мекемесі әкімшілігінің ағымдағы және қорытынды тексеру нәтижелері мен маманның өзін-өзі бақылау-зерттеулері барысында бағаланады. Оған қажетті құжаттардың болуы басты роль атқарады.
- Әлеуметтік педагогтің қызметі 5 жылда бір рет өткізілген аттестация нәтижелері ынталандырып отырады. Егер әлеуметтік педагог өз қызметінің кәсіби шеберлігі едәуір жоғарылады деп есептейтін болса кезектен тыс аттестацилық сынақтан өтуге тілек білдіруіне болады. Эксперттік тексеру нәтижесі екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: кәсіби қызметінің қалыптасу деңгейі және нәтижелік деңгейі.
- Әлеуметтік педагогтің әлеуметтік педагогикалық қызметінің нәтижесі негізінен қажетті мамандығының және кәсіби дайындық деңгейінің жоғары болуымен анықталады. Тарификация кезінде әлеуметтік еңбек ақысының разрядын қою үшін білім дәрежесі мен еңбек өтілі ал аттестациялау тұсында кәсібі қызметінің қалыптасушылық және нәтижелік деңгейі есепке алынады.
Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысы
Отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмірін құру ортасы, ол бір қатар өлшемдермен анықталады. Әлеуметтік – мәдени өлшем ата-аналарының білім деңгейімен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты, әлеуметтік экономикалық өлшем – ата-аналарының мүліктік-материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты; техника-гигиеналық тұрмыс жағдайы, үй құрылысының жабдықталуы, өмір салты ерекшеліктеріне байланысты, демографиялық – отбасы құрылымына байланысты анықталады. Бала дамуының қай жағын қарастырсақ та, барлық жағдайда, жас ерекшелігінің қай кезеңінде де отбасының маңыздылығы тиімді және шешуші роль атқарады. Баланың ішкі дүниесін білу, оның проблемаларына ортақтасу, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық тұлғасын қалыптастырады. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші рөл атқарады.
Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтықмақтасады, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.
Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндеттерінің бірі - ата-ананың педагогикалық белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, оң-терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады.
1. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.
2. Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттірінің бірі - ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады.
Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу.
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;
- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну; әлеуметтік педагогтың отбасына етене жақындуына мүмкіндік тудырады.
Сонымен қатар, әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психология-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу,
балалар шығармашылығын пайдалану тағы басқа әдістерді жүргізе алады.
Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтау тиіс:
- ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;
- зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс;
- зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;
- психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.
Отбасына әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінен өз баласы мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік әлеуметтілігін пайдалану мүмкіндігіне қарай бөлінген отбасыларының шартты топтарда жүргізіледі. Осыған байланысты отбасыларын 5 топқа бөледі:
1. Жоғары адамгершілікті, этномәдени қарым-қатынастардағы отбасылар. Салауатты өмір салты, ұлттық-этникалық, моральдық атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар жатады. Әлеуметтік педагогтің жиі араласуының қажеті жоқ дей тұрғанмен тәрбиелеудің жас ерекшелігіне баланысты қиындықтарына сәйкес кейбір кеңестер мен ескертулердің берілуі мүмкін.
2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын отбасылар, бірақ тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан балаларында эгоизм, нигилизм, ата-анасын менсінбеу, отбасынан аластау көзқарастарының қалыптаса бастауы тағы басқа педагогтың көңіл аударуына мәжбүр етеді.
3. Дау-жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасыларына педагогикалық белсенді ықпал қажет, отбасындағы микроклиматты сауықтыру, жасөспірімді қорғап қалудың шұғыл шараларын қолдану қажет. Олар:
- дау-жанжал отбасында көп уақытқа созылуы, отбасы мүшелерінің таусылмайтын кикілжіңі ауыр моральдық-психологиялық ахуалға әкеледі. Жанталасқан адамдардың балаға агрессиялық көзқарасы, ата-аналарының баланы бір-біріне айдап салуы, баланың ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр болады;
- педагогикалық қалыптасқан отбасы - мұндай отбасыларында балаға қарым-қатынас қатыгездікке, әкімгерлікке, тұрақсыздыққа,
зорлыққа құрылған. Бұл баланың намысына тиіп, ар-ожданын таптайтын, сезімін өшіріп, өзіне-өзі баға бере алмайтын күйге жеткізеді. Нәтижесінде отбасынан аластану, ата-ана ықпалынан босап шығу ниетіне ауып, ауладағы, көшедегі бейресми топтардың қолына түседі;
- әлеуметсізденген отбасы-отбасылық ұстанымдар мен қамқорлықтың жойылуы, бала құндылығын бағаламау, тәрбиесіздік, сексуальдық арсыздық, мастардың сотқарлығы тағы басқа;
Басты «тәрбие әдісі» - ұрып соғу. Бұл отбасылардан шығатын балалардың психикасы бұзылады, үйінен, сабақтан қашады, оқу - үлгерімі нашар болып қалыптасады.
4. Сырттай сау көрінетін отбасы - бірақ іштей рухани азғындық жайланған, шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиетті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы «бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.
5. Қалыптаспаған отбасылар – дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықты, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуі немесе белсенді араласуы қажет.
Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауанын едәуір байытады, егер өзара әрекет мақсаты формада жүргізілетін болса тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет