Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары



бет37/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП

Тұжырым:
1. Жетім, әлеуметтік жетім.балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу қоғамның адам тәрбиесіне және адам мен қоғамдық қатынастарды ізгілендіру ұстанымдарынан туындаған мәселе.
2. Жетім балалардың қоғамға енуі мен қоғамның адам тәрбиесіне қойып отырған талаптарын орындаудың бірден бір шарты немесе жолы- ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу арқылы әлеуметтендіру болмақ.
3. Бала асырап алу мен қамқорлыққа алу - баланы әлеуметтендірудің ең тиімді жолы.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. «Қамқорлық», «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдарының айырмашылығы мен ортақ сипаттарына түсінік беріңіз.
2. Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға кімдерді жатқызуға болады?
3. Жетiм балаларды қамқорлыққа алу мекемелерінің қызметіне сипаттама беріңіз.
4. Жетім балаларды асырап алу мен қамқорлыққа алудың жолдарын сипаттап түсіндіріңіз.
5. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметiнiң функциялары неден тұрады?
6. Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң құрылымына кезеңді сипаттама беріп, түсіндіріңіз.
7. Әлеуметтiк педагог қызметiндегi әдiс-тәсiлдердің ерекшеліктері қандай?
8. Тәрбиесі қиын балалар мен жеткіншектер тәрбиесіндегі психолог пен әлеуметтік педагог функцияларын қалай ажыратып көрсетер едіңіз?
9. Тәрбиесі қиын жеткіншектің мінез-құлқының қалыптасуына себеп болған факторларды анықтау үшін диагностикалық карта құрастырыңыз (сұрақтар жүйесін, тексеру жағдаяттарын, бақылау обьектілерін және т.б.).
10. Микроауданның әлеуметтік-педагогикалық картасын жасау үшін оның зерттеу бағдарламасын дайындаңыз.

«Қамқорлық» - қорғансыз балалардың (ата-аналарынан айырылған балалар, жас сәбилер және т.б.) жеке басының және мүлкiнiң құқықтарын қорғау. Сонымен қатар, әлеуметтiк педагогикада «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдары жиі қолданылады. Сонымен, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға:


- ата-анасы қайтыс болған;
- ата-анасы бала тәрбиелеу құқығынан айрылған;
- ата-аналық құқығы шектелген;
- түзету колониясында кiнәсiн өтеп жүрген ата-аналардың балалары;
- қылмысына байланысты тәртiп сақтау органдары бақылауында жүрген ата-аналардың балалары;
- балаларын емханалардан, әлеуметтiк мекемелерден алып кетуден бас тартып жүрген ата-аналардың балалары жатады.
Отбасы - адамдықтың алғашқы әліппесінің негізін қалайтын баланың алтын бесігі. Сондықтан да салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптаспақ. Қоғамның болашағын құрайтын жастар тәрбиесінде бәсекелестікке қабілеттілікті отбасынан бастаған маңызды. Ол үшін рухы мықты жастарды қалыптастыру, ал олардың ынтымағы жарасқан ата-ана тәрбиесінен өнеге алған ортадан шығуы қажеттілік.
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілігі мен сипаты
2. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелерінің түрлері мен ерекшеліктері және жұмыс мазмұны
3. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі
Егер бала асырап алынбаса немесе ешқандай отбасына қамқорлыққа берiлмесе, онда оның бiлiмi мен тәрбиесiмен мемлекеттiк мекемелер шұғылданады. Олар балалар үйi мен мектеп-интернаттарға орналастырылады.
Балалар үйi мен мектеп-интернаттардың айырмашылығы сонда, балалар үйiнде тұратын балалар сол жерге жақын аймақтағы мектепте бiлiм алады. Ал мектеп-интернатта балалар өмiр сүредi әрi оқып, бiлiм алады.
Жетiм балалар тәрбиесiмен шұғылданатын балалар үйiнiң бүгiнгi жаңа формасы отбасы типтi балалар үйi болып табылады. Мұнда ата-аналардың рөлiн әлеуметтiк дайындықтан өткен ата-ана тәрбиешi атқарады. Балалар үйiнде атқаратын қызметi қарапайым балалар үйiндегiдей болып қала бередi.
Балалар үйiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
- баланың қалыпты дамуын қалыптастыратын отбасылық жағдайға жақын қолайлы мүмкiндiктер жасау;
- балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
- баланы әлеуметтiк қорғауды, оның дәрiгерлiк-педагогикалық және әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушiлердiң қызығушылығы мен құқығын қорғау;
- балалардың бiлiм беру бағдарламасын меңгеруiн, тұлғаның қызығушылығына сәйкес лайықты бiлiм алуын қадағалау;
- тәрбиешiлердiң жалпы мәдениетiн қалыптастыру, оларды өмiрге бейiмдеу;
- балалардың өзiн-өзi дамытуы мен өзiн-өзi таныту сұранысын қалыптастыру;
- балалардың кәсiптi таңдауға және кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруiне жағдай жасау.
Балалар үйiндегi балалар проблемасын кеңiнен зерттеген ғалымдар М.И.Лисина, В.С.Мухина, А.М.Прихожан, Е.О.Смирнова және т.б. болды.
Балалар үйiнде кездесетiн әртүрлi жастағы балаларға қысқаша сипаттама берейiк. Олар: мектепке дейінгі жастағы балалар, кіші мектеп жасындағы балалар, жеткіншек, жасөспірімдік жастағы балалар.
Мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн ересектермен қарым-қатынаста болып сұхбаттасу, жүздесіп көрісуге деген ынта, үлкеннің қамқорлығы мен мейірімін сезіну аса қажет. Әйтсе де, ересектер тарапынан мұндай мейірімнің жеткіліксіздігін ғалымдар зерттеулері көрсетуде.
Бұл жастағы балалардың қоғамдағы қарым-қатынасқа деген талпынушылығы, ересектерге деген ұмтылысынан болады, балалар ересектер тарапынан болған қарым-қатынасты және ұсынысты шын ықыласымен қабылдайды.
Балалар үйіндегі кіші мектеп жасындағы балаларға тән сипат балалар үйінің күнделікті тіршілігіндегі әрекет түрткісінің айқын байқалуында. Олар балалар үйінде өмір сүру ережелерін орындау, мектепте және балалар үйінде мінез-құлық талаптарын сақтау секілді әрекеттерді орындаумен ерекшеленеді.
Жасөспiрiмдiк шақта бұл себептер баланың өзiнiң «Менiнiң» қалыптасуында нақтылы бiр қиындықтарды туғызады. Балалар үйiнде тәрбиеленіп жатқан жасөспiрiмдердiң интеллектуалдық, мiнез-құлықтық сипаттамаларына қосымша олардың денсаулығына сәйкес проблема қосылады.
Балалар үйiндегi әлеуметтiк педагогтың қызметiне тоқталайық. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң мақсаты - балалар үйiндегi тәрбиеленушiлердi әлеуметтендiру болып табылады. Ол мақсат әртүрлi мiндеттердi жүзеге асыру негiзiнде орындалады.
Әлеуметтiк педагогтың қызметi баланың әлеуметтiк статусын анықтаудан басталады. Құжаттарды зерттеу, әңгiмелесу, тест жүргiзу жолымен әлеуметтiк педагог баланы танып бiледi, шешуге тиiс болған проблеманы бөлiп айқындайды. Әлеуметтiк педагог баланың дене және психикалық саулығы туралы, оның интернаттық мекемеге түскенге дейiнгi өмiрiнiң жағдайын, ата-аналары туралы мәлiмет жинайды.
Әлеуметтiк педагогтың келесi мiндетi - бала дамуының жеке бағдарламасын жасау, яғни ол баланың қазiргi жағдайын ескере отырып, оның балалар үйiнен кетерде қандай дәрежеде болуы керек екендiгiн елестетуi керек.
Балалар үйiнде орындайтын әлеуметтiк педагогтың тағы бiр маңызды мiндетi – әкiмшiлiк органдары тарапынан баланың қызығушылығы мен құқығын қорғау. Осы функцияны жүзеге асыра отырып, әлеуметтiк педагог тәрбиешiнiң тәрбие құқығын қорғайды. Сондай-ақ, әлеуметтiк педагог баланың тұрғын үй проблемасымен, алдағы уақыттағы баланың оқуын жалғастыруы мен жұмыспен қамтамасыз етiлуi мәселелерiмен айналысады.
Тұжырым:
1. Әлеуметтік педагог қызметінің қажеттілігі қоғамның бүгінгі нарықтық қатынас 7 кезеңіндегі құбылыстарға байланысты туындап отыр.
2. Әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі қамқорлыққа алынған баланың өмірі мен әрекетіндегі қажеттіліктер мен мұқтаждықтардан туындайды.
3. Әлеуметтік педагогикалық қамқорлыққа алудың тиімділігі қамқорлыққа берілген баланың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктеріне де байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет