Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары


ДӘРІС1 4: ТҰЛҒАМЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет35/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП

ДӘРІС1 4: ТҰЛҒАМЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


ЖЕКЕ ТҰЛҒА ЖӘНЕ МИКРООРТАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест, семинар-тренингтар тағы басқа). Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік зерттеу және болжам жүргізу жұмыстары
Ата-ананың жауапкершілігі бала тәрбиесіне аса мән беруді талап ететін ұғым болып табылады. Өйткені, баланың мінез-құлқын, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру, заман талабына сай азамат етіп өсіру оңай міндет емес. Сәби аяғын тәй-тәйлап басқаннан бастап-ақ ата-анасымен тән қасиеттерге дағдыланады, ұяда көргенінен өнеге алады. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді үйренеді, еңбекке, өнер-білімге бой ұрады. Сондықтан да, отбасында күнделікті болып жатқан сан алуан ірлі-уақты оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, ересектерді еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, туыстар мен жолдастарға ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі-бәрі балаларға тікелей әсер етеді, мінез-құлқы соған орай қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқан да соны ілесің» деген халық даналығы да осыған байланысты туса керек.
Шын мәніндегі өнеге бедел – ата-ананың да, мұғалімнің де, әлеуметтік педагогтың да бала тәрбиесіне үлкен көмек беретін дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. Онсыз балаға ойдағыдай тәрбие беру қиын. Бала ата-ананың бойынан оның беделін түсіретіндей кемшілікті көп көрсе, жағымсыз мінезге көшеді, ешкімнің сөзін тыңдамайды. Керісінше, ұстамды, еңбекқор, білімді ата-ананың өнегесін кез келген сәби тез бойына сезінеді әрі сүйсінеді.
Баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне негізінен үш фактор әсер етеді: тұқымқуалаушылық, отбасы және тәрбие.
Осы үш ұғым біріне-бірі тізбектеліп, біріне-бірі ұштасып жатса, баланың өмірге бейімделуі, қоғамда жеке тұлға болып дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Баланы отбасыда ғана дұрыс тәрбиелеп қана қоймай, мектепте де білім алуы мен тәрбиеленуіне басты назар аударған жөн.
Еліміздің Ата Заңының 30-бабында - әрбір азамат тегін орта білім алуға міндетті деп айтылып өткен. Осыған орай, біздің мемлекетімізде бала 6 жастан 16 жасқа дейін мектеп табалдырығынан білім алып, тәрбиеленіп шығады. Осы кезеңде педагог пен ата-ана арасында тығыз ынтымақтастық болуы тиіс. Ата-ана өз баласы туралы педагогқа толық мағлұматты мектепке баласы алғашқы күннен барғаннан бастап-ақ жеткізгені жөн болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі таңдағы мектептердегі әлеуметтік педагогтар ата-ана мен баласы арасындағы қарым-қатынасты, оқушының әлеуметтік ортасы, психологиялық-медициналық жай-күйі жөнінде ақпаратты анықтауда әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі тиіс.
Мұндай әлеуметтік сауалнамалар ата-ананың өз баласы жөніндегі мәліметті, арнайы даярланған сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.
Әлеуметтік педагогикалық зерттеулер мынадай сатылардан тұрады:
1. Зерттеу жүргізілетін объектілер мен субъектілерді анықтау (кімдерге және қай жерде жүргізілетіндігін анықтау қажет).
2. Мақсатты анықтау
3. Сауалнама, яғни зерттеу жұмысының сұрақтарын даярлау.
4. Зерттеулерді жүргізу.
5. Нәтижесін талдау (жалпы саны - 100% қатысқаны – Х ),

сараптама жүргізу, хаттамасын жазу және тіркеу, яғни хаттамаларды нөмерлеу (1-11 сн.).


6. Қорытындысын шығару және әлеуметтік болжам жасау (салыстырмалы түрде).

Сонымен, қазіргі таңда өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу мақсатында мектепте «ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын» дамытқан жөн. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасап пікір алмасып, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер мен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонда ғана, білімді ұрпақ, саналы жеке тұлға тәрбиелеп шығара аламыз. Негізі әлеуметтік педагогтардың да мақсаты осы болып табылады.


Мектептегі әлеуметтік педагог өзінде есепте тұрған оқушылардың отбасына әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сынып жетекшісінен оқушының отбасы туралы мәлімет жинап, оқушының отбасының әлеуметтік құжаты (паспорты) толтырып қояды.
Өткізілген семинар-тренингтер, сауалнама және тесттердің
хаттама үлгісі
Өткізілетін күні
Мектеп аты, сыныбы
сауалнама (тест) атауы
ХАТТАМА №
Сыныпта барлығы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Қыз бала саны:
Ұл бала саны:
Ұлттық құрамы:
Қойылатын сауалнама сұрақ саны:
Сауалнама мақсаты:
1-сұрақ бойынша «қойылатын сұрақ жазылады» және көрсеткіштері көрсетіледі (мониторниг жасалады).
2.
3.
Қорытындысы, яғни әлеуметтік болжам жасалады: қойылған сұрақтар бойынша қай сыныпта жоғары көрсеткіш және қай сыныпта төмен көрсеткіштеріне байланысты сыныптарды салыстырмалы түрде нәтижесін талдап жазып, әлеметтік кеңес ұсынылады.
Әлеуметтік педагог қолы аты-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет