Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары



бет23/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП

Тұжырым:
девиантты мінез-құлықты балалардың қоғамда болуы әртүрлі әлеуметтік ықпалдардың және тәрбие институттарының қызметіндегі олқылықтардың нәтижесінде пайда болады;
девиантты мінез-құлықты балалардың дені өтпелі кезеңге сәйкес келетіндігі олардың азаматтық қалыптасуында әлеуметтік орта тарапынан болған мұқтаждықтарына көмектің дер кезінде көрсетілмеуінен туындайды;
кез- келген қайта тәрбиеленетін немесе қайта әлеуметтік ортаға қайтарылған бала реабилитациялық қамқорлықты қажетсінеді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Девиантты мінез-құлықты балалармен қандай бағыттарда жұмыс жүргізіледі?
2. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізуді концептуалдық тұрғыда зерттеген ғалымдар көзқарастарын сипаттап айтыңыз.
3. Әлеуметтік қараусыз қалған балаларды өмірге қайта бейімдеу жұмыстарына қандай қызметтер енеді?
4. Реабилитациялық орталықтарда қандай әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі?
5. Қазақстанда девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізіп жатқан қандай реабилитациялық орталықтардың жұмысының оң нәтижелері туралы айта аласыз?

Әлеуметтік педагогикадағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шаралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:


- әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының алдын алу;
- баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;
- баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет