Тұжырым: 1. Педагогикалық процесс қашанда оқытушылардың басшылығымен ұйымдастырылып, оқушылардың өзара iс-әрекеттерi негiзiнде жүзеге асырылады. Сондықтан әлеуметтік педагогикалық қызмет те педагогикалық процестен тыс болуы мүмкін емес. 2. Тұтас әлеуметтік-педагогикалық процесс әлеуметтік педагог әрекетiн ұйымдастыруда педагог пен ата-аналардың және т.б. қатысуымен мақсатқа жетуін қамтиды. 3. Әлеуметтік-педагогикалық процесс екi жақты сипатқа ие болады 4. Әлеуметтік-педагогикалық процестiң мақсаты мен мiндеттерi қашанда қоғам мақсатын және мiндетiн қоғамдық тапсырыс ретiнде жүзеге асыру арқылы анықталады.