Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары



бет9/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП

Мезофактор (мезо - орта, аралық деген мағынаны бiлдiредi) - бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигiзетiн әсерi. Әлеуметтендірудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады.
Бұқаралық қарым-қатынас құралдарының негізгі қызметтерін қарастырайық:
1. Ақпараттық қызмет. Теледидардағы бағдарламалар, радио, газеттердегі хабарлар және т.б. арқылы адам өзінің ақпараттық әлемін қалыптастырады.
2. Рекреативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдары көп жағдайда топтық немесе жеке-дара адамдардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктерін айқындайды. Бұл қызмет барлық адамдарды күнделікті тұрмыстық күйбелеңнен біршама ауытқытып, сергітеді.
3. Релаксациялық қызмет. Қоршаған әлеуметтік ортамен немесе басқа да өмір құбылыстарындағы қарым-қатынаста қиындық көріп отырған жастар мен жасөспірімдер үшін бұл қызмет ерекше сипатқа ие.
4. Нормативтік қызмет. Бұқаралық қарым-қатынас құралдарын пайдалану барлық жас ерекшеліктеріндегі адамдардың белгілі бір нормалар спектрін игеруіне ықпал етеді.
Мезофакторлардың жекелеген адамдарға әсері арқылы төртiншi топ факторы анықталады. Оны микрофактордеп атаймыз (микро - кiшi деген мағынаны бiлдiредi).
Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие институттары, құрдастар тобы, микроорта, ұйымдар (соның ішінде діни ұйымдар да) жатады.
Тәрбие институттары - нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға немесе нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты да жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйымТәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өмірде нақтылы қызметті қамтиды. Олар мыналар:
- мақсатты бағытталған жағдайды жасау арқылы қоғамның мүшесін дайындау мен дамыту мәселесі тек тәрбие процесі арқылы ғана жүзеге асырылады;
- қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуді мәдениетті қолға алу және оны жаңартып, қолдануға ыңғайлы ету арқылы жүзеге асыру;
- қоғам мүшелерінің қарым-қатынасы мен іс-әрекетін және талпынысын иинтеграциялау.
Тұжырым:
1.Жеке адам әлеуметтендiру процесiнiң объектiсi әрi субъектiсi ретiнде көрiнедi. Нақтырақ айтқанда, жеке адамды қоғамның бүгiнгi талаптарына сай бейiмдеп тәрбиелеуде адам әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қарастырылса, өзiнiң қоғаммен тығыз байланысы арқылы бiртiндеп қоғамға енуi және оның мiнез-құлық ережелерiнiң қалыптасуы әлеуметтендiру процесiнiң субъектiсi ретiнде көрiнедi.
2.Жеке адамның дамуы қоғамнан тыс болуы мүмкiн емес. Олай болса жеке адам бойындағы кемшiлiктер мен ауытқулар да қоғам ықпалынан туындайды.
3.Жеке адамды әлеуметтендiрудегі тәрбие үрдісінде әлеуметтендірудің: мего, макро, мезо және микрофакторлары әсер етедi.
Жеке адамның қалыптасуындағы кездесетiн ауытқулар жеке дара кездесуi мүмкiн емес. Олар: әлеуметтiк ауытқу, психикалық ауытқу, дене жағынан ауытқу және педагогикалық ауытқулар болып мiндеттi түрде бір-бiрiмен байланыста дамиды.
4.Бүгiнгi күнгi педагогика ғылымында тәрбие ұғымының мәнi мен мазмұны әлеуметтендiру түсiнiгiнiң қоғамдық мәнiмен пара-пар анағұрлым ауқымды қолданылып келедi. Өйткенi баланы жан-жақты тәрбиелеу түсiнiгiнiң өзi оны сол баланың өмiр сүретiн
қоғамының азаматы етiп бейiмдеумен, яғни әлеуметтендiрумен тiкелей байланыста жүзеге асырылмақ.
5.Діни ұстанымдар мен сенімдер баланы қоғамға ену мен қоғамда дұрыс өмір сүруге бейімдеудің негізгі құралы ретінде қызмет атқарады.
6.Діни еңбектердегі тәрбие ұстанымдары ғылыми педагогика теориясы мен практикасында ұсынылатын тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыру талаптарын толықтыра түседі және өзара сабақтасып байланысады.
7.Діни еңбектердің мазмұнындағы тұлғаны өз қоғамында өмір сүру талаптарына байланысты ұсыныстарды отбасындағы, мектептегі тәрбие үрдісінде пайдалану әлеуметтендіру үрдісін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет