Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын.
Бір тонна
қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг
қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары
бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен
ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер
көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар
темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен,
алюминимен және
басқа
да
металдармен
ластанған.
Көптеген
жерлерде
олардың
концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы
бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе
өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі
мүмкін.
Топырақтың химиялық құрамына -
тыңайтқыштар
мен зиянкестерге, арам
шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл
шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі
зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін
заттардан кем түспейді.
Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы
химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың
құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік
құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі
көздері мыналар:
пестицидтер
;
минералдық тыңайтқыштар
;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары
;
атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді
заттар
;
Мұнай және Мұнай өнімдері
.
Топыраққа антропогендік әсер ету оның
деградацияға
ұшырауына (эрозия,
ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан
топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін
дұрыс ұйымдастыру;
топырақты
ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу
тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір
түрлерінің қолданылуын шектеу;
ауыл
шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен
күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану
және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: