Дәріс №1. Геоэкология: геосфералар мен қоғам интеграциясы жайлы ғылымдар жүйесі


Дәріс №11. Литосфера. Адам әрекетінің әсері. Бақылау және



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата03.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#156364
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Д ріс №1. Геоэкология геосфералар мен о ам интеграциясы жайлы

Дәріс №11. Литосфера. Адам әрекетінің әсері. Бақылау және 
болжау 2 сағат
1.
Топырақ түсінігі.
2.
Қазіргі таңдағы мәселелері 
3.
Бақылау және қорғау шаралары 
Литосфера (грекше “lithos” — “тас” + “sphair” — “шар”) – жердің 
қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының 
сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі 
тереңдікте 
тіршілік 
етеді. 
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су 
айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе 
геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен 


жануарлар арасындағы айналымы — кіші немесе биологиялық айналымды 
туғызады. 
Екі 
айналым 
да 
бір-бірімен 
тығыз 
байланысты. 
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны 
жекеленген 
экожүйе 
деп 
қарастыруға 
болады. 
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев XX 
ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету 
заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп 
қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, 
климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз 
байланысты 
болатынын 
атап 
көрсеткен. 
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және 
жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың 
түзілуі болады. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. 
Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: 
топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау 
жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті. 
Топырақ ресурстары – Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы 
шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен 
ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның 
компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін 
биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, 
топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді 
тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің 
механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-
түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ 
арқылы ғана жасалынады.Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі 
функциясы – атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын 
реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты 
суларын түзу мен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды 
тасымалдау. 
Топырақ – сыртқы орта жағдайлары: жылы, су, ауа, өсімдіктер мен 
жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі 
құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен 
адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – 
құнарлылығының 
қалыптасуына 
жағдай 
жасайды. 
Топырақтың құнарлылығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті 
қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол 
топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету 
нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып 
табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, 
ауылшаруашылық 
дақылдары 
өндірісінің 
негізі. 
Топырақ — барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде 
жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу 
процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи 
факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады. 


Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю, 
техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді. 
Топырақтың 
құнарлылығы 
адам 
іс-әрекетіне 
де 
байланысты. 
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық–түлік, малға жем, 
киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды 
байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі болса, 
топырақ 
анасы 
деген. 
Топырақ ештеңкеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым 
әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал 
таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез–келген әдісі 
(гидропонды, пластопонды, аэрапонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде 
орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де 
маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ 
түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша 
жағдай 
жасау. 
Топырақ – биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, 
олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне 
(атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете 
алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы 
компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі анторпогендік 
зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, 
өздігінен 
тазару 
қабілеті 
нашарлап, 
құнарлылығы 
кемуде. 
Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда – “төмендеу”, 
“артқа кету”) негізгі факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар 
пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с. 
Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру 
үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады. 
Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу
беткі құнарлы қабатының сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия 
деп аталады. “Эрозия” – термині латынның “erodere” – “бұзу” деген сөзінен 
алынған. Эрозия дегеніміз – топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, 
бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзу 
процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда 
қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 
1400-1700 жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 
жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде 
болуы 
мүмкін. 
Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты, не геологиялық 
және 
жылдам, 
не 
антропогендік 
эрозия 
болып 
бөлінеді. 
Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында 
болады. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты 
топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе 
алады. 
Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың 
табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып


бұл 
эрозия 
өте 
тез 
жүреді. 
Кең таралған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, 
ирригациялық, 
өндірістік 
(техногендік), 
абразия, 
жайылымдық. 
Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың 
жаңбыр, 
еріген 
қар 
суларымен 
шайылуы. 
Сызықтық эрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар 
суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы. 
Жел эрозиясы, не дефляция – топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы 
қабатының 
бөлшектерінің 
желмен 
ұшуы. 
Ирригациялық эрозия – суармалы егін шаруашылығымен айналысатын 
аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне 
байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен 
ағады. Су жіберілетін егістік жер азғана болса да тегіс болмаса топырақтың 
қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық 
эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдауы да жүреді. 
Өндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық 
әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ 
және 
мұнай 
құбырларын 
салу 
кезінде 
байқалады. 
Абразия кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) 
жыртылатын 
және 
мал 
жайылатын 
жерлердің 
ауданы 
кемиді. 
Шамадан тыс мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады. 
Механикалық эрозия – ауыршаруашылық техникалардың ауыр түрлерін 
топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланған 
жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, 
физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті – 
биологиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ–да топырақтың 
тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1млрд доллар шығын әкеледі. 
Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр 
техникалардың 
әсерінен 
топырақ 
тығыздалып, 
ауылшаруашылық 
дақылдарының өнімі төмендейді. Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді 
жолы – топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқа да 
машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы 
арттыру. 
Эрозия – құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір 
минут сайын жер шарында 44га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып 
отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га 
жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 50 млн га құнарлы жер 
тозып бітті. Эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық 
дақылдарының өнімі шамамен 20-40% төмендейді. Эрозияның зардаптары 
бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың түзілүі 
топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеуші және өнім 
жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, 
олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету 
ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биологиялық 
тепе–теңдіктің 
бұзылуына 
әкеп 
соғады. 


Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 жылда барлығы 160 млн 
га жердің 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер 
ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен жыл 
сайын жердің қоректік заттарға 4млрд тонна құнарлы қабаты жойылып 
отырады. 
Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты 
бұзылған. Пиреней шөлді Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл 
далалары, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бірқатар 
жерлері 
эрозияға 
ұшыраған. 
Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс 
пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану 
нәтижесінде жүреді. 
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән 
емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе 
ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет