7.2 Қоршалған жайылымдарды пайдалану. Малды жайылымға шығармастан бұрын жайылымдарды пайдалану графигі жасалу тиіс, онда барлық жайылым кезеңінің ішінде ауыспалы жайылым жүйесінде загондарды пайдалану кезектілігі, отарды әр загонға әкелу мерзімі шамамен көрсетілуі керек. «Көктем» учаскесінің загонына көктемгі жаюды шөп өсе бастағаннан кейін 12-15 күн өткен соң оның негізгі массасы түптену – бүршіктену кезеңіне жеткенде, яғни шөп 10-12 сантиметр өскенде, ал шөл және шөлейт жайылымда 7-8 сантиметр болғанда бастаған жөн. Ерте жайғанда шөл жағдайына шығындылығы жайылым массасының 2-2.5 ц. аспайды. Бұл кезде мал негізінен өткен жылғы жусан мен сораңның қалдықтарын жейді.
Күн жылынып, тұрақты температура орныққанша шөптін нашар өсіуіне байланысты бір загонда малды екі күннен көп жаюға болмайды. Одан әрі температураның артыуына қарай жайылым шөбі қаулап шығатындықтан, оныда төрт күннен пайдалануға болмайды.
«Жаз» және «Күз» учаскелеріне малды графикке, сондай-ақ жыл маусымдары бойынша жасалған жайылым күннің тәртібіне сәйкес күннен жаю қажет.
Ауыспалы жайылым жүйесі бойынша қой жайғанда шөл және шөлейт жайылымдарды пайдаланудың тиімділігі артады. Жайылымның биологиялық тұрақты шығымдылығы мен мәдени жайылымдардың ұзақ жылдық өнімділігі қамтамасыз етіледі.
Бақылау сұрақтары: Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды анықтау қандай жүйелікте анықталады?
Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес салмағын көрсет?
Жерді қорғау жөніндегі шаралардың маңыздылығын ата.
Ауылшаруашылық өндірістің шығындарын өтеу проблемасы жөнінде теорияларға кімдер үлесін қосты?