6.2.4 Ауыспалыегіс танаптарының теңдігі Жыл сайын жоспарланған өнім алу және техниканы толық пайдалану керек, сондықтан танаптардың көлемдері бірдей болуы керек. Қалыптасқан жағдайға қарай олардың мөлшерлері белгілі шепте ауытқуы мүмкін.
Ауыспалы егістік жылдық жинайтын жалпы өнімнің мөлшері әр жылда бірдей болуын, техниканы, адамдардың еңбегін жыл сайын бірдей пайдалануды қамтамасыз ету керек. Сондықтан ауыспалы егіс танаптарының мөлшері бірдей болуы керек.
Бірақ ондай жағдайлар әрқашан бола бермейді. Бір жердің топырағы құнарлы, ал басқа жердің топырағы құнарсыз. Ќұнарлы топырақтан көп өнім алынады. Құнарыз топырақтан – аз алынады. Сондықтан мына формуланы пайдалана отырып шартты көлемді есептейміз:
Ршартты = Рф – б
100
онда: Рф – фактілі аудан;
б – бағалау баллы.
Үшінші танаптан басқа танаптардың ротация бойынша әр жылдық беретін өнімдерінің мөлшері 5%-тен аспайды. Ол әсерін тигізбейтін көрсеткіш.
Танаптардың біркелкі болулары өсірілетін дақылдардың түрлеріне де байланысты болады. Мысалы: қызылшалық ауыспалы егісте, көп танапты а/егістікте 1-2 танап қызылша. Егер танаптар әртүрлі көлемді болса, өнім де әртүрлі болады.
Ал 5-танапты егістіктік ауыспалы егісте 4 танабы – бидай, ал 1-танабы пар болса – онда жалпы өнімнің мөлшеріне өте көп әсерін тигізбейді.
Қалыптасқан территорияны неғұрлым сақтап қалу:
1. Негізгі жолдарды.
2. Орман жолақтарын.
3. Игерілген ауыспалы егістердің танаптарының шегараларын және т.б…
Әр өзгерістің тиімдігін жобада дәлелдеу керек.
Жобаланған танаптардың технологиялық сипаттамасы жасалады:
- танап нөмірі;
- ауданы;
- топырақ құрамы;
- жұмыс жолы;
- ені;
- эрозияға шалыну, шайылу категориялары бойынша топырақ
құрамы;
- жұмыс еңістігі;
- тасшылық коэффициенті;
- кадастрлық көрсеткіштері (б.б. және экономикалық бағалау).
6.3 Егістікті қорғау орман жолақтарын орналастыру Олар мақсатына және территорияда орналастыруына байланысты:
1. су айырықтық;
2. жел қайтару;
3. су ағысын реттеу болып бөлінеді.
Орман жолақтары конструкциясына, егіне ағаштар мен талдардың құрамына байланысты бөлінеді.
Тегіс далаларда желдің жерін азайту үшін және қардың жер бетінде тегіс жайылуын қамтамасыз ету үшін орман жолақтары отырғызылады. Микроклиматтық жағдай туады: ылғал аз кебеді, ауаның құрғаќтығы төмендейді, топырақ онша көп тереңдікте қатпайды, яғни дақылдардың өнімділігі көбейеді. Бірақ а/ш жерлерде көп орын алады. Кейбір жерлерде ағаш өсіру қиын, қосымша көп қаражат керек. Техникалы тиімді пайдалануға кедергі. Сондықтан әр жағдайда тиімділігіне байланысты отырғызылады.
Орман жолақтарын жобалауда:
1. жолақтар бағыты;
2. ені және конструкциясы;
3. жолақтар аралықтарының мөлшері анықталады.
Жел қайтару. Жел тоқтату орман жолағының бағыты соғатын желге перпендикуляр болуы керек және ажурлы, жел өткізетін конструкциялар қолданылады. Желге перпендикуляр ажурлы, жел өтетіндей 3-4-5 ряд (жол) ағаш ені 9-11-13м.
Қорғау ені:
В = Н * Кл.п * Ка орташа
Н - орман жол орташа биіктігі;
Кл.п – орман жолақтарының аралығы (кратность);
Ка – қорғау коэф-ті орташа;
Ка орт = Ка1* fв1 + Ка2* fв1 = Kafв
fв1 + fв2 100
fв1 - төрт бағытта қайталануы
С + О, СВ + ОШ;
Смал. Бойынша желдің соғу бұрышы
Ка1… Ка4 Қорғалатын алқап:
Р = ΣL1*В1 + ΣL2* В2 – Пуч.В1В2 онда: ΣL1 - бойлай орман жолақтардың ұзындығы;
ΣL2 - ендік орман жолақтардың жалпы ұзындығы;
В1В2 - қорғау енімен ұзындығы;
Пуч – тік бұрышты учаскелер.
Күрделі рельефте су айырық және суды реттеу орман жолақтары отырғызылады. Суды реттеу – горизонтальдарды бойлай отырғызылады. Ені 10-12м.