Дәріс №1. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру түсінігі, мазмұны және шешетін мәселелері. 1 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру


Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру



бет14/19
Дата02.10.2024
өлшемі100,11 Kb.
#205517
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ИШЖО дарыс

6.1 Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру
Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру дегеніміз, ол:

  • ауыспалы егіс танаптарын;

  • жұмыс учаскелерін;

  • егістікті қорғау орман жолақтарын;

  • дала жолдарын;

  • дала қостарын;

  • авиа алаңдарды;

  • дала су көздерін орналастыру.

Әр табиғи-шаруашылықтық жағдайда бұл жұмыстардың мағнасы, қажеттілігі әртүрлі. Сондықтан бұл жұмыстардың белгілі жағдайдағы нәтижелілігіне, маңыздылығына байланысты жұмысты орындау кезегі және олардың құрамы әртүрлі болады.
Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес болулары керек:
1) топырақтың сапасын әрдайым жоғарылатуға, эрозиялық апаттан сақтауға, эрозия қалдығын жоюға жағдай жасау, дифференциалды агротехника қарастыру;
2) техниканы және техника құралдарын тиімді пайдалануға және далалық жұмыстарды ұйымдастыруға оптимальды территориялық жағдай жасау;
3) Ауыспалы егіс айналымының әр жылында негізгі дақыл бойынша жалпы өнімнің мөлшерінің бір қалыпта болуын қамтамасыз ету;
4) Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыруға байланысты капиталдық (бір уақыттық) және әр жылдық шығындардың мөлшерінің неғұрлым аз болуын қамтамасыз ету.


6.2 Ауыспалы егіс танаптарын және жұмыс учаскелерді орналастыру
Танаптар, өсімдіктерді кезектестіре отырғызуға арналған, мөлшерлері бірдей, ауыспалы егіс массивінің бөліктері. Кейде танап ішін орналастыру жұмыстары жүргізіледі: жұмыс учаскелерін белгілеу, танаптарды өсімдіктерді отырғызу жолақтарына бөлу.
6.2.1 Жер бедеріне байланысты танаптарды жобалау
Егістік жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда жер бедері өте көп әсерін тигізеді. Әсіресе беткейдің экспозициясын және еңістігін жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде есепке алу қажет. Әр танап бір экспозициялық бетте орналасуы тиіс. Бұл топырақтың егіс егуге бір уақытта дайын болуын, ауылшаруашылық өсімдіктерінің пісу уақытының біріңғай болуын қамтамасыз етеді. Дақылдарды бір уақытта егуге, күтуге және жинауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Ал егер танапты беткейдің бір бетіне орналастыру мүмкіндігі болмаса, онда танап агротехникалық біріңғай жұмыс учаскелеріне бөледі.
Бедерлі жерлерде танапты орналастырудың ең негізгі шарты – танаптың ұзын қабырғасы беткейге көлденең, яғни беткейде горизонтальдарға параллель болып орналасуы керек. Өйткені танапты бойлай жасалатын негізгі жұмыстар горизонтальдар бағытында жасалады, сондықтан беткейді бойлай ағатын суларға кедергі жасалып, олардың ағыны бәсеңдеуге байланысты, танаптарға сіңіп, жерге қосымша ылғал болады.
Машина-тракторлық агрегаттарды пайдалануда рельеф, олардың тиімді пайдалануына әсерін тигізеді. Тік беткейлерде техника жоғары өрлегенде қосымша күш керек болады.
Агрегаттың жұмыс жасау өнімділігі азаяды.
Танаптарды рельефке байланысты орналастыру бойынша жоба шешімдерін бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:

іжум = Н1 - Н2 ; іжум = Lr * ћ і * Sіn γ


L P
онда: і – орташа бойлық еңістік;
Н1, Н2 – нүктерлердің биіктігі;
Н1- Н2 – өзара биіктік;
L – горизонталь салындының ұзындығы (м);
hі – горизонтальдардың арасындағы өзара биіктік;
Р – танап көлемі, м2;
Lr – танап ішіндегі барлық горизонтальдардың ұзындығы;
γ – танапты өңдеу бағыты мен горизонтальдардың негізі бағыты арасындағы бұрыш.
Күрделі рельефте Чешихин Г.В. палеткасы пайдаланылады.
Танап бойынша анықталған еңістік орташа алқап бойынша еңістікпен салыстырылады:

іжалпы = Lr – ћ і


Р
онда: іжалпы – жергілікті жердің жалпы еңістігі, %;
Р – танаптың ауданы, м2;
Lr – жергілікті жердегі горизонтальдардың жалпы ұзындығы, м.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет