Дәріс 1
Жерге меншік қатынастарын реформалау мәселелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ
Қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлардың ішінде жер негізгі орын алады, ол экономикалық әрекеттер төңірегінде маңызды қызметтерді атқарады. Ауыл шаруашылығында жер-өндірістің басты бөлігі, өндірістік және басқа әлеуметтік істердің негізі. Табиғи объектісі және адамзат әрекеттерінің кеңістік орны ретінде жер қызметтерінің әмбебаптығынан жерді меншіктеу мәселе көпжақты, күрделі, бір мағыналы емес болып келді. Жерге меншік қатынастарын реформалау мәселелері жер қатынастарының іргелі бастауын қамтиды.
Меншіктік қатынастарды өзгерту мағынасы келесі фактілермен себептеледі. Ескі меншік қатынастарын өзгерту, нарықтық экономикаға көшу шартты нарықтық қатынастарының міндетті қасиеті, белгісі болып келеді. Сонымен қатар бірыңғай мемлекеттің меншігінде болған республиканың аса көп жер қоры өте-мөте азған,тозған күйде. Жерлердің басым бөлігі, әсіресе егіндік жерлер құнарлығын жоғалтты, ал сондай-ақ көптеген жер алқаптары былғанып, зиянды, соның ішінде радиоактивтік заттармен ластанды. Осы экологиялық қауіпті қатерлердің шын аумағы тек қана мамандарға белгілі. Республикамыздың барлық халық шаруашылық кешені жүйелі жағдайда аграрлық бөлімдегі жекеленудің іс-әрекеттері жер пайдалануды жақсартуға әкелген жоқ. Керісінше кей жағдайда жыртылған құнарлы учаскелер және суармалы ауыл шаруашылық жерлері айналымнан шығып қалды.
Қазақстанда халықтың көпшілігі, нарықтық экономиканың барысын дұрыс түсініп, кіші және орта бизнес, соның ішінде аграрлық бизнестік іске кірісіп кетті. Нарық қатынастарында өз орнын тауып жатқан әр саланың кәсіпорындар саны күннен күнге өсіп келеді.
Жер қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі нарықтық экономиканың туындап, дамуымен себептеліп отыр. Бірақ, мұнда жерге жеке меншік құқығын тек қана жариялаумен шектелмегені жөн. Мұнда жеке меншіктікті енгізе отыра, жалпы мемлекеттік, ұлтық, әр жеке азаматтың мүддесі ескерілуі және жер қатынастары дамуында әділеттік принцип іске асырылуы керек. Республика ерекшеліктерін ескере отыра, санатқа нысаналы арналуына, жерге меншік құқығының субъектісіне жерлерді жеке меншікке беру шартын, негізін, тәртібін, құқықтық режімін жеке зерттеу қажет. Осы мәселелер дұрыс және әділетті шешілсе, жерлерді жекешелендіруден туындауы мүмкін қолайсыздықтар азаяды және тіпті жойылады. Мұндайда заң актілерінде жерге мемлекеттік және жеке меншік түрлерінің теңдік және қатарлық принципі сақталуы керек. Кейін, аздап жеке меншік түрі кеңейтілгені жөн. Сөйтіп, жерлерді қайта құруға эволюциялық сипат беру керек.
1.1. Қазақ Республикасында жерге меншік құқығының түсінігі
Меншік құқығы Қазақстан құқық салаларының негізгі институты болып табылады. Нарық қатынастарының дамуымен, жерге жеке меншік құқығы қалыптасуымен байланысты жер құқығында бұл институт мағынасы өсіп отыр.
Адамзаттың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктің жалғыз қайнар көзіне қоғамдық өндіріс процесі жатады. Бірақ жердің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Мысалы, жер адам еңбегінің нәтижесі, өнімі емес, ол табиғаттың бір бөлігі, жер беті көлемін адам өзінің қажеттілігі үшін өзгерте алмайды. Табиғаттан материалдық игілік алу үшін, адамдар бір-бірімен өзара қатынастарға түседі /қоғамдық қатынастар/. Ол қатынастардың мәні – сол материалдық игіліктерді өздеріне меншіктеп алу. Меншік - қоғамдық қатынастардың бір түрі. Мұнда бір тұлға белгілі заттарға иелік жүргізіп, басқа тұлғаларды осы билікке араластырмайды. Меншіктің барлық түрлеріне бірдей құқық құзыреті тән, олардың мазмұндары және аумақтары әр түрлі.
Жерді иемдену құқығы - Қазақстанның жер учаскесін немесе жер қорының белгілі бөлігіне заң негізінде нақты қожалық ету мүмкіндігі.
Заңға сыйса, меншік иесі емес те жерге ие бола алады. Қарсы жағдайда, жерге өз еркімен иелік жасау, басып алу немесе өз еркімен жерді беру, заң жүзінде жауапкершілікке тартылады.
Кәдімгі мүлікті меншік иесі өзінің қажетіне қарай оларды ауыстыруға мүмкіндігі бар /басқа мекенге апару, қоймаға жабу және т.б./. Ал жерді иемдену дегеніміз - белгілі шарттылық ұғым, жерді басқа жерге ауыстыруға болмайды, сондықтан оған қожалық жасау шектеліп отырады. Жерді иемдену жерді үйлестіру жобасын натураға көшіру-жер учаскесі шекараларын бекіту жолдарымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар жерлерді аймақтарға бөлу, бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және мекендерде қала салу құжаттардың басқа түріне сәйкес пайдалану жолымен оларды иемденуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |