Дәріс №1 Кіріспе. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін алудың, көбейтудің қазіргі заманғы әдістері пәніне түсінік және маңызы



бет4/4
Дата24.07.2017
өлшемі0,67 Mb.
#21951
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Бақылау сұрақтары:
1. Тұқым шаруашылығының даму деңгейі

2. Апробация дегеніміз не?

3. Шетелдегі тұқым шаруашылығының деңгейі қандай?
Дәріс №12

Қазіргі заман талаптарына сай кейбір дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру.

Жоспар:


  1. Тұқымдық материал, оның маңызы мен сипаттамасы.

  2. Мемлекеттік тұқымдық бақылау.

Тұқымтану –тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы «тұқым» түсінігі бір мағына бермейді.

Ботаникалық ұғымда тұқым – қосарлана ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.

Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық материалды атайды.

Танаптық дақылдарда тұқымдық материиалдар ретінде төмендегідей түзілімдер пайдаланылады:



  • нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат, зығыр тұқұмдас дақылдар, мақта өсімдігі ж.б):

  • жалаңаш және қабақты жемістер ( қоңырбастар тұқымдасының дәндері- бидай, арпа, судан шөбі ж.б; күнбағыс пен мақсары шекілдеуіктері, қарақұмық жаңғақшасы т.б);

  • жеміс шоғырлары (мысыққұйрық масақшалары, қызылша домалағы);

  • түйнектер (картоп, жер алмұрты).

Тұқымдар – өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі тұқымның бастау алатын ертеден белгілі ақиқат. Танапты сапасыз тұқыммен сепкенде жағдайды ешнәрссе түзей алмайды: топырақ өңдеу де, тыңайтқыш та, егістікті күтіп-баптау да, жауын-шашын да. Осыны Ресейдің бұрынғы Н.И. Вавилов атындағы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ерлігі де дәлелдей түседі. М.К. Фирсова және басқа ғалымдардың деректері бойынша жоғары сапалы тұқым қатардағы тұқымға қарағанда егін өнімін ешқандай қосымша шығынсыз 15-20% арттырады.

Тұқым үш топ сапаға көрсеткіштермен сипатталады:


  • себу (егістік) сапасы- олардың себуге жарамдылығы дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері;

  • сорттық сапасы – сорттық тазалығына, репродукциясына және тегіне қойылатын талаптарына сәйкес келуі;

  • өнімділік сапасы – нақты жағдайларды белгілі бір деңгейде өнім беру қабілеті.

Аталғаан тұқым сапаларының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ жекелеген пәндердің зерттеп, оқып-үйрену объектісі болып табылады. Егер тұқымның сорттық сапасын тұқым шаруашылығы оқытса, онда оның себу сапасын – тұқымтану пәні оқып, үйретеді.

Бұрынғы Одақ аумағында тұқымды алғаш рет Ресейде 1864 жылы Рига политехникалық институтында талдап зерттей бастады. Алғашқы ғылыми мекеме «Тұқым сынау стансасы» 1977 жылы А.Ф. Баталиннің басшылығымен Санкт-Петербургте Бас Ботаника бағында пайда болды. Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының»Тұқымтану» бөлімі, Украинада тұқымдық бақылау қызыметінің қарқынды дамуы, Қазақстанда бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шортанды) аталған салада ірі көлемді жұмыстар атқарылады.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бас кезінде бұрынғы Одақтың нұсқалар, талаптар деңгейінде тұқымдық-бақылауды іскеасырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда (Мемлекеттік тұқым инспекцияларын» орнына «Мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары» қызмет жасау және тұқымдық бақылаудың екі түрібар: мемлекеттік және шаруашылық-ішілік бақылау.


2.Мемлекеттік тұқымды бақылау «Мемлекттік тұқым сапасын сараптама жасау лабораториялары» арқылы іске асырылады. Еліміздегі барлық ауыл шаруашылық нысандары (агрофирмалар, ұжымдық шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары және т.б.) Мемлекеттік «Тұқым сапасына сараптама жасау» лабораторияларында өздерінің барлық тұқым қорларын дер кезінде тексертіп отыруға міндетті.тексеру нәтижелері бойынша лабораториялар шаруашылыққа тиісті құжат береді: мұнда тұқымның себуге жарамдылығы, себу (егістік) стандарт талаптарына жеткізу үшін, қандай өңдеу жұмыстарын жүргізулері қажет екендігі көрсетіледі.

Қазіргі кезде тұқымтану ботаника пәнінің шағын бөлімінен өсімдік шаруашылығының ірі саласын айналды. Әуелде тұқымтануда тұқымның аналық өсімдікте пайда болуы, дамуы, олардың себу сапасы мен анықтау тәсілдері зерттелді. Кейіннен аналық өсімдіктегі тұқымның даму үдерісі, егін жинаудан сепкен дейін, «себу-көктеу» кезеңінде өсімдіктердің автотрофты қоректенуге көшкенге дейін үдерістер зерттеледі. Одан әрі тұқым сапасына экологиялық , агротехникалық жағдайлардың әсері зерттеледі.

Тұқымтану- мәдени өсімдіктердің тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайлардың, тұқымдағы физиологиялық үдерістенрді, қоршаған орта мен агротехникалық шаралардың тұқымының қалыптасуына әсерін, тұқымның егістік сапасын анықтау тәсілдерін оқытатын ғылым. Тұқымтану ғылымының басты зерттеу объектісі – тұқымдық материалдар, негізгі мақсаты- оның сапасын арттыру.

Тұқымтанудың мәнін, оның тұқымдық бақылаумен байланысын И.Г. Строна төмендегіше түйіндеген.

Тұқымтану пәні танаптық, көкөніс, әсемдік, шалғындық-жайылымдық дақылдардың, жеміс және орман өсімдіктері мен жабайы өсімдіктер дүниесі тұқымдарының биологиясы және олардың физикалық – механикалық қасиеттерін, физиологиясы мен биохимиясы, микробиологиясы мен фитопатологиясын, тұқымның әртүрлі сапалығын, физикалықәсер ету арқылытұқым сапасын өзгерту мәселелерін оқытады, ал тұқым шаруашылығы пәні негізінен тұқымтану пәнінің дақылдарынан (жабайы өсімдіктер дүниесінен басқалары) бастапқы материалдар, агротехника, механизация, апробация, тұқымды, өңдеу және сақтау, экономика және ұйымдастыру мәселелерін қарастырады да аталған екі пән бір-бірімен тұқымдық бақылау арқылы байланысады.

Тұқымдық қасиеттерді қалыптастыруда тұқым қуалаушылықтың шешуші рөлін мойындай отырып, дамып келе жатқан тұқымға әртүрлі сыртқы фактордың қуатты әсерін есепке алмай болмайды. Толыққанды, жоғары өнімді тұқым өндіру құпиясын ашуда биологиялық және экологиялық жағдайларды жан-жақты біліп үйрену ғана мүмкіндік береді, әрі тұқымдық алқаптарда өсіру технологиясының шараларын айқындауға көмектеседі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тұқымның биологиялық қасиеттері

  2. Мемлекеттік тұқымдық бақылау қалай жүргізіледі.

  3. Тұқымның сапалық көрсеткіштерін ата.


Дәріс №13

Егістік дақылдарының тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылау.

Жоспар:

1. Сорттық егісті бақылау.

2. Тұқымдық бақылау.

Сорттық егісті бақылау. Шаруашылықтардың тұқымдық учаскілерінен бастап тұқым шаруашылығы жүйесінің барлық буындарында, өсірілетін сортты тұқымдардың сапасына бақылау жасау үшін Мемлекеттік сорт бақылау жүйесі белгіленген. Бақылау зертханалық тексеру және егістік апрбация жолымен жүргізіледі және олардың әрқайсысы бірін – бірі өзара толықтырып отырады. Зертханалық бақылау – тұқым – бақылау зертханаларында, егістік апробация – тікелей селекциялық станциялардың тұқым шаруашылықтары егістерінде және шаруашылықтардың тұқымдық учфскілерінде жүргізіледі.

Апробацияның алдында (кемінде 10 күн бұрын) апрбатор, шаруашылық басшысы және егіншілік маманы сорттық егісті қарап шығады және оларды апрбацияға (сортына және түріне байланысты отау жұмыстарын жүргізуге, арам шөптерді құртуға және тағы басқа) даярлауға нұсқау береді.

Егістік апробациясының мәнісі – апрбациялық бауды сұрыптап алу және оны зерттеу. Апрбациялық баубір сорт тұқымдары себілген әрбір учасуіден (егіс көлемі дәнді дақылдар үшін 250 га, дәндібұршақ дақылдары үшін 40 га аспайтын болса) сұрыптап алынады. Көлемі үлкен алқаптарда, олар тиісті учфскілерге бөлінеді.

Апробациялық бау болатын өсімдіктерді егістің әр жерінен (тең аралық қалдырып), танапты қиғаштай жүріп отырып жинайды. Аудандық тұқым өсіру шаруашылықтары мен селекциялық станцияларда бір бауды бір қиғаш, екіншіні – біріншіге айқасқан екінші қиғаш бойына жинайды.

Апробациялық бауды жинау кезінде апробатор егіннің арам шөптермен ластануын көзөлшеммен бағалап, мына шкала бойынша белгілейді: арам шөптер, жоқ – 0, аз – 1, орташа – 2, көп – 3. Апробациялық баулар шаруашылық мекемесі өкілінің қатысуымен зерттеледі. Зерттеу біткеннен кейін бауларды сақтауға шаруашылыққа тапсырады. Баулар қатардағы шаруашылықтарда 6 ай, аудандық тұқым өсіру шаруашылықтары мен селекциялық станцияларда 12 ай бойы сақталады.

Апробация актісі үш дана етіп жасалады, оның әрқайсысына апробатор мен шаруашылық мекемесінің өкілі қол қояды. Апробацияның бір актісі шаруашылыққа, екіншісі құзырлы мекемеге, үшіншісі түұқым дайындаушыға беріледі.

Айқас тозаңданатын дақылдар үшінапробацияның орнына егістерді тіркеу іс жүргізіледі, бұл кезде шаруашылықтағы егістің сорттылығын, сол сияқты оның арам шөптермен ластануын және ауруға шалдығуын растайтын құжаттың бар жоқтығы көрсетіледі.

Егістік апробацияны арнаулы курстарда дайындықтан өткен адамдар жүргізеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Сорттық егісті бақылауға жалпы түсінік.

2.Тұқымдық бақылау дегеніміз не?

3.Сорттық және тұқымдық бақылаудың егістік дақылдарына маңызы қандай?



Дәріс №14,15

Сорт алмастыру және сорт жаңарту.

Жоспар:

  1. Сорт алмастыру

  2. Сорт жаңарту

Егер селекциялық – тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі мен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекетттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілері мен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімгің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті (озық) технология бойынша егіп – өсіруге жарамдылығы.

Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми – зерттеу (оригинатор) мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен бір – екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекеттік сорт сынауға береді. Жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сипаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.

Ғылыми – зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы қажет. Бірінші жылы барлық сорт телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми – зерттеу мекемесіне тікелей алады. Кейінгі жылдары өзіндігінен тозаңданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіріледі. Айқас тозаңдалатын дақыл сортарының тұқымдарын сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының селекциялық - тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау учаскесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды.

Мемлекеттік сорт сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Жаңа шығарылған сорт қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

  2. Жаңа сорттардың саналу мерзімі қанша уақытты алады?

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет