Дәріс №1 Кіріспе. Білім сапасы туралы түсінік. Жоспар


Білім сапасы туралы түсінік



бет2/7
Дата11.09.2020
өлшемі52,94 Kb.
#77687
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс №1

2. Білім сапасы туралы түсінік

Білім беру – оқу орнында ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі, қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты. Білім берудің мақсаты – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалды, мәдени және олардың дене бітімінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі, жүйеге келтірілген білім, білік, дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгерту және оның нәтижесіне қол жеткізу [2].

Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру, оқыту мен өздігінен іздену негізінде жүзеге асырылады [2].

Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – тұлғаның сапалы білім алуына жағдай жасау деп түйіндеуге болады. «Сапа» – бұл нысандар мен үрдістердің тиімділігі, құндылығы, олардың нақты мақсаттарды, нормаларды қанағаттандыруға жарамдылығы немесе бейімділігі, яғни талаптарға, қажеттіліктерге және нормаға сәйкес немесе дәл болуы [3].

«Сапа» ұғымы «қалай», «қандай» сөздерінен туындаған, қандай ерекшеліктерге ие деген мағынаны білдіреді. Сапа – жалпы ғылыми санат, оны әртүрлі саланың мамандары қолданады. Сапа – берілген стандарттарға сәйкес еңбек нәтижесі. Білім беру саласындағы сапа – білім беру саласының «өнімі», яғни оқушының білімі, білігі және дағдыларының қалыптасу деңгейі. А.И. Субетто бұл түсініктің барлық аспектілері сипаттаманың бірлігі мен бірін-бірі толықтырулары арқылы ғана «сапа» ұғымының нақты мәнін көпсалалы, пәнаралық құбылыс ретінде бағалауға болады деген қорытынды жасады [4].

Өйткені сапа дегеніміз:

- ерекшеліктердің жиынтығы (ерекшелік аспектілері);

- сапа құрылымды болады; нысан бөліктерінің немесе үдерістердің ерекшеліктер жүйесі де сапа (құрылымдылық аспектісі);

- сапа нысанның немесе үдерістің құрамдас бөліктерінің, элементтерінің бір-бірімен байланыс заңдылығынан көрініс табатын нақты анықтылығы, ішкі дүниесі (анықтылық, белгілілік аспектісі);

- сапа – нысан немесе үдерістің тіршілік үшін күресінің негізі; ол сапаның белгілі бір уақыттағы немесе сол сәттегі жүйелері арқылы ашылатын не анықталатын екі жақты шарттан (келісімнен) тұрады, олар: ерекшелік, құрылым, жүйе, шекара, біртұтастық, өзгермелілік, мөлшер (ішкі-сыртқы шарттастық аспектісі);

- сапа нысанының немесе үдерістің жекелігін, оның өзгешелігін, тұтастығын, реттілігін, тұрақтылығын ескертеді (өзгешелік аспектісі);

- адамның қолымен жасалатын нысандардың немесе үдерістердің сапасы, табиғаттың басқа құбылыстарының сапасына қарағанда құндылыққа ие, нақты айтқанда сәйкес келетін нысандар мен үдерістердің құндылығын (құндылықтар теориясы) ескертеді, яғни, олардың адамның алдына қойған нақты мақсаттарына, міндеттеріне, жағдайларына жарамдылығы мен сәйкестігі.

Сонымен, «білім сапасы» түсінігіне ғалымдардың берген жалпылама анықтамаларының, сипаттамаларының ғылыми жаңашылдығы мен келешегіне қарамастан, бұл құбылысты сипаттаудың, өлшеудің тәсілдері әлі де философиялық, экономикалық, техникалық сипатқа ие. Сапа ұғымын педагогикаға кіргізуде, бұл ұғымды педагогикаға бейімдеу мен мазмұнын толықтыруда, шығарылған теориялық ережелерді педагогика тұрғысынан түсінуде, мектептегі білімнің сапасына қолдануда қиындықтардың болуын осы себептермен түсіндіруге болады.

Педагогикалық сипаттамаларда білім сапасын әртүрлі нұсқаларда: философиялық және басқарушылық тәсілдермен түсіндіреді. Білім сапасына философиялық көзқарас – бұл «білім беру, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту мәселелерін шешуге көмектесетін жиынтықтың ерекшеліктері» деп түсіндіреді. Көптеген педагог-ғалымдар бұл «білім беру процесінде құзыреттілікті және кәсіби сана-сезімді біртіндеп, тиімді қалыптастыруды анықтауды сипаттайтын кешен» деп түсіндіреді. Басқарушылық тұрғыдан білім сапасы – бұл «мақсат пен нәтиженің арақатынасы», «мақсатқа жетудің өлшемі», «білім беру өнімінің нормаға сәйкес болу деңгейі», яғни, нәтижелердің өлшемге, стандартқа сәйкестігі, білім беру қызметін тұтынушылардың талап-тілектерінің қанағаттану дәрежесі [5].

Ұсынылып отырған екі тәсілді салыстыратын болсақ, философиялық анықтамада білім сапасының жалпы мағынасы көрсетілгенімен, оның мазмұны мүлдем ашылмайды. Мысалы, «әлемдік және отандық мәдениеттің құндылықтарының көмегімен бағыт табуға қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау мәселелерін шешу» деген анықтамада, аталған қасиеттерді елемеушілік байқалады.

Білім беру сапасының педагогикалық мәнін түсіну үшін басқарушылық тәсіл неғұрлым ыңғайлы болып табылады. Бұл тәсілде білім берудің алдын ала жоспарланған мақсаттарға сәйкес келетін нәтижелерінің сапасы қарастырылады. Мақсат қою шешімі қиын тәжірибелік проблема болғандықтан, сонымен бірге мақсаттарды норма деңгейіне ауыстыру да нақты құжаттармен бекітілмегендіктен, бұл тәсіл де білім сапасы түсінігін ашуға жақындатылған түсіндірме ғана болып отыр. Білімнің нәтижесі деп нені айтуымыз керек екені туралы да алуан түрлі пікірлер бар.

Қазіргі кездегі педагогикадағы анықтамалардың көпшілігі, нәтижені білім сапасының бір ғана көрсеткіші ретінде қарастырады, бірақ бұл сапаға тән ерекшеліктер, оның құрамдас бөліктерінің заңды байланысы ретінде қарамақайшылық тудырады.

Білім сапасы мазмұнын нәтижеге баламалап шектеу қою, сонымен қатар сандық көрсеткіштермен анықтау қазіргі педагогикада кең таралып отыр, яғни, білім нәтижелерін анықтаудың нақты көрсеткіштері мен өлшемдері анықталмаған. Білім сапасы – бұл кешенді түсінік, ол қызмет түрінің тиімділігін, яғни білім беру стратегиясын әзірлеу, оқыту процесін ұйымдастыру және т.б әрекеттерді жан жақты сипаттайды.

Білім сапасы білім беру процесінің мақсаттары, міндеттері мен мазмұнына; мұғалімдердің шеберлік деңгейі мен қызметтің ұйымдастырылуына; білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының жағдайы мен оқу процесінің ғылыми-ақпараттық базасының деңгейіне байланысты болады. Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттеріне мыналар жатады: білім беру үдерісінің негізгі шарттары, білім беру үдерісін басқару, ғылымиәдістемелік жұмыстар, маманмен қамтамасыз ету, оқушылардың психикалықсоматикалық денсаулығы, мектепке дейінгі білім беру, педагогикалық еңбекті ынталандыру, білім беру үдерісін жүзеге асыру және қаржыландыру, оқыту, оқу; білім беру үдерісінің нәтижелері: білім, дағды, шығармашылық жұмыстың шараларын игеру, тұлғаның тәрбиелілігі және дамуы.

Жалпы білім беру сапасының ішкі қасиеттерін қамтитын білім беру сәйкестігі: оқушылардың білімдік қажеттілігіне, ата-аналардың білімдік сұранысына, қоғамдық институттардың қажеттіліктеріне, мемлекеттің талаптарына, аймақтық еңбек нарығының және кәсіптік білім берудің талаптарына; білім сапасына кепілдік беретін заманауи мектептің имиджіне.

М.М. Поташник және А.М. Моисеевтің жұмыстарында білім беру сапасы мақсат пен нәтиженің ара қатынасы, мақсатқа жетудiң өлшемi мақсаттарға жету әрі мақсаттар (нәтиже) әрекеттер түрінде ғана беріліп және оқушының әлеуеттік дамуы аймағында ғана жобаланған мөлшер, жақсы нәтижеге жету ғана емес, ең төменгі шығынмен ең жақсы жетістіктерге жету мөлшері ретінде анықталады, яғни тиімді нәтиже [6; 7].

Проблемаларды шешудің бірден-бір жолы – мониторингты ұйымдастыру мақсатымен білім сапасын бағалау өлшемдерін анықтау.

Оқыту нәтижелерін бағалаудың жүйесін қарастырайық. Нәтиже дегеніміз жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру. Оқыту нәтижелерін бағалау жүйесінің барлық негізгі сипаттамалары (құралдарын өңдеудің негізгі тәсілдері, тексеру жұмыстарының сипаттамалары, тексеріс процедуралары, нәтижелерді ұсыну және т.б.) осы жүйенің алдына қойылған негізгі мақсат және міндеттермен анықталады. Оқыту нәтижелерін бағалау жүйесінің алдына қойылатын негізгі мақсат – білім беру жүйесінің қызмет етуі туралы толыққанды ақпарат алу.

Мектептегі білім берудің мазмұндық және процессуалдық негіздерін ұйымдастыруға екі тұрғының арасындағы негізді айырмашылықты келесі сұлба түрінде көруге болады (1-кесте).

«Шығудағы» білім берудің мазмұндық және процессуалдық жаңалығын реттеу келесі аспектілерге келіп тіреледі:

1) оқу жетістіктерінің деңгейлері мен күтілетін нәтижелері жалпы орта білім беру мазмұны мен көлемін анықтау;

2) жалпы және кәсіби білім беру ара қатынасын белгілеуге мүмкіндік беретін аралық кезеңнің дербес сатысы ретіндегі негізгі білім беруді бөліп алу;

1-кесте – Мектептегі білім беру үдерісін ұйымдастырудың әр түрлі тұрғылары


«Кіруді» реттеу

Білім мазмұнын

нормалау:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет