Дәріс №1 Кіріспе. Білім сапасы туралы түсінік. Жоспар



бет1/7
Дата11.09.2020
өлшемі52,94 Kb.
#77687
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс №1


Дәріс №1

Кіріспе. Білім сапасы туралы түсінік.

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Білім сапасы туралы түсінік

  3. Білім жүйесіндегі өзгерістер.




Кілт сөздер: білім беру, мектеп, білім сапасы, қоғам



  1. Кіріспе.

Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қоғам өмiрiнiң барлық саласында, соның iшiнде әлемдегі елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдаланып тұлға қалыптасуының негізін қалайтын орта мектептің білім беру жүйесінде оң өзгерiстер жасауды қажет етеді.

Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу – тәрбие үрдісін жетілдіруге жаңа талаптар қояды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» – деді [1].

Қазіргі кезде «білім» ұғымының мағынасы өте терең, ол өзінің құрамына өмірдің әлеуметтік және мәдени жағдайларын да қамтиды. Сондықтан оқушылардың мәдени құндылықтарды, әртүрлі іс-әрекет түрлерін, білім мен білік, дағдыларды меңгерулеріне мүмкіндік тудырады. «Білім беру сапасына» оқыту мен оқу, тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту мен өздігінен даму, тұлғаның әлеуметтенуі мен жан дүниесінің өсуі жатады. Сондықтан білім беру саласы қоғам мен өркениеттің проблемаларын шеше отырып, білім сапасының маңыздылығын арттырады.

Бүгінгі күні білім беру мекемелеріндегі білім сапасын басқарудың тиімділігін арттырудың әр түрлі бағыттары бар (білім беру мекемесін аккредитациялау, білім сапасын бағалаудың мектептік жүйесі, білім беру үдерісінің мониторингі, мектепішілік бақылау және т.б.).

Бұл әдістемелік құралда замануи мектептегі білім беру сапасын басқарудың негізгі талаптары, жаңа технологиялар және білім беру сапасын басқарудың тиімділігін арттыру, оларды қолдану жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, әдістемелік қазіргі мектептерді басқару аспектісінде «білім сапасы» ұғымының мәнін ашылып, отандық және шетелдік мектептердің білім сапасын басқару тәжірибелері талданып-зерделеніп, заманауи мектептердегі білім сапасын басқару жұмыстарының мазмұны, әдістері және түрлері бойынша ұсыныстар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет