Қазақстан экономикасы да біліммен жүмыс жасай алатын, білімді нақты жүмысқа ай- налдыра білетін мамандарды қажет етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді 20112020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ауқымында білім алушылардың оқуды аяқтағанда қандай қүзіреттіліктерді меңгеруі қажет екендігін былайша көрсетуге болады:
Қазақстандық идея мен өзінділікті қалыптастыру негізінде өз Отаны үшін жауапкер- шілікті өзіне жүктеу дайындығы.
Өзіндік түрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы.
Проблемаларды шешуге дайын болуы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды түтынушы деңгейінде тиімді қолда- ну дайындығы.
Түлға аралық қарым-қатынасқа ауызша және жазбаша түрде дайын болуы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).
Әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайындық.
Өзін-өзі дамыту, өркендету, жүзеге асыруға дайындық.
Міне, бүгінгі заманның осындай ерекшеліктері үйрену/үйрету ісінде интербелсенді әдістеменің қажеттілігін дәлелдейтін тәрізді. Барлық деңгейлерде оқу процесі шәкірт- тердің өздігімен атқаратын белсенді әрекеттерден қүралуы қажет.