Баланы неге оқыту
керек?
|
Оқу үдерісін
ұйымдастыру:
Оқушыны қалай
оқыту керек?
|
Білім беру
нәтижелері:
Оқу пәндері
бойынша
оқушылардың ББД
|
«Шығуды»
реттеу
|
Құзырлар түріндегі
күтілетін нәтижелерді
анықтау
Оқушыға не үшін оқу
керек?
|
Оқу үдерісін
ұйымдастыру:
Оқушыны оқуға
қалай үйрету
керек?
|
Білім беру
нәтижелері:
Оқушылардың
алған
құзырлықтары
|
3) оқушы мен мұғалімнің «субъектілі-субъектілік» қарым-қатынасына арналған объективтік жағдайларды туғызу, онда оқушы өз танымының ұйымдастырушысына, ал мұғалім – оқушының оқуына жасалатын жағдайларды ұйымдастырушыға айналады;
4) білім беру жүйесін тиімді басқарудың механизмі ретіндегі оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалауға (ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау, бірыңғай емтиханды енгізу) бағытталған білім сапасы мониторингі жүйесін әзірлеу және енгізу;
5) білім беру мазмұнының экстенсивті дамуынан интенсивті дамуына көшу. Оқыту нәтижелерін бағалау жүйелері мақсатқа және бағалау нысандарына сәйкес төмендегідей жіктеледі:
- аттестациялау (белгіленген білім деңгейін алуды растау), оқушылардың жеке нәтижелерінің түзету, оқытудың келесі кезеңіне ауысу, жекеленген оқу пәндерін оқу деңгейін таңдау мақсаттарына сәйкес оқушылардың жеке білім нәтижелерін бағалау (жағдайы немесе өсу динамикасы).
- мұғалімдердің немесе мектептің қызметін бағалау, оқыту мен оқу процесін қалыптастыру мақсатында сыныптың, мектептің білім нәтижелерінің деңгейін бағалау.
- білім сапасын және даму тенденцияларын бағалау мақсатында жеке аймақтардың немесе елдің аумағында оқушылардың таңдаулы жиынтығының білім нәтижелерінің мониторингі. Білім сапасын бағалаудың жалпыға белгілі екі тәсілі бар.
Бірінші тәсіл
- білім беру қызметі, яғни, оқу үдерісі бойынша бағалау. Оны келесі өлшемдер бойынша сипаттауға болады:
1) оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың, жоспарлардың сапасы;
2) білім беру процесіне тікелей қатысатын мектептің педагогикалық ұжымы әлеуетінің сапасы;
3) білім беру мекемесінің ұсынатын қызмет түрлерінің көптүрлілігі мен олардың талапқа, сұранысқа сәйкес болуы;
4) оқушылар әлеуетінің сапасы;
5) мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастың сапасы және өзара түсіністіктің болуы;
6) білім беру үдерісіне қажетті құралдардың: материалдық-техникалық, зертханалық-тәжірибелік базаның, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы;
7) білім беру технологияларының сапасы.
Екінші тәсіл, соңғы немесе алынған нәтижеге байланысты сипатталады. Мектеп жұмысын бұл тәсіл бойынша оның әлеуметтік тапсырыс берушілері, яғни, ата-аналар бағалайды. Бұл тәсілдің критерийлері:
1) мектеп оқушыларының білім деңгейлері;
2) жалпы оқу білік, дағдыларының қалыптасу деңгейлері;
3) шығармашылық іс-әрекетті меңгеру деңгейлері;
4) өздігінен іздену, білім алу деңгейлері;
5) тәрбиелілік, әдептілік деңгейлері;
6) тұлғаның психологиялық, әлеуметтік, биологиялық тұрғыдан даму деңгейі;
7) тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделу және мектептегі қауіпсіздік деңгейі. Сонымен, «білім сапасы» терминін білім беру қызметі мен нәтижесінің арақатынасы деп қорытындылауға болады.
Білім беру мекемесінің әлеуметтік сұранысқа сәйкестігін бағалаудың келесі тұжырымдамалары арқылы, қазіргі педагогикадағы «білім сапасы» түсінігінің мәнін ашуға болады:
- мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың пікірлерін салыстырмалы сараптау негізінде, мектеп туралы тұтас көзқарастың қалыптасуын (мысалы, мектептің жалпы жағдайымен және оның даму келешегімен қанағаттанушылықтары);
- оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жан-жақты баға беруі;
- мектеп қызметінің негізгі бағыттарының және білім беру сапасының мұғалімдер мен ата-аналардың талабына сәйкес болуы мен қанағаттандыруы;
- мұғалімдердің білім беруіне, оқушылардың білім алуына жасалған қолайлылық шараларының деңгейі (мектеп қабырғасында өтетін уақытта қолайлылық пен жайлылықты сезінулері);
- оқушыларды оқуға, өздігінен білім алуға ынталандыру деңгейі;
- оқушылардың жекелеген пәндерге қызығушылығының болуы және оны жүзеге асыра алу мүмкінгінің деңгейі;
- мұғалімдер мен оқушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсете және жүзеге асыра алу мүмкіндіктерін бағалауы;
-жоғары сынып оқушыларының өмірлік маңызды жоспарларын жүзеге асыруға мектеп, мұғалімдер ұжымы тарапынан көрсетілетін көмек деңгейі;
- оқушылар мен ата-аналардың мұғалімнің тұлғалық және кәсіби сапасына қоятын талаптарының сәйкестік деңгейі;
- әлеуметтік ортадағы әртүрлі факторлардың баланың дамуына тигізетін әсерінің дәрежесі және бала тұлғасының қалыптасуындағы мектептің рөлі.
Сонымен, «білім сапасы» түсінігіне «қазіргі заман педагогикалық теориясы, тәжірибесі талаптарына сәйкес және тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің білім сұраныстарын қанағаттандыра алатын білім беру ерекшеліктерінің жиынтығы» деген тұжырымды анықтап, қазіргі педагогикада мектептегі білім сапасын білім беру үдерісіне жасалатын жағдайлардың сапасы, білім беру үдерісін жүзеге асыру сапасы және оның нәтижесінің сапасы деп үш тұғырлы қарастыруға болады. «Білім сапасы» ұғымының күрделілігі мен көпмағыналылығын айта отырып, қазіргі педагогикада оны анықтаудың ішкі және сыртқы ерекшеліктері көрсетілген. Жалпы білім берудің ішкі ерекшеліктері.
1. Білім беру үдерісінің негізгі жағдайларының сапасы:
- білім беру үдерісін басқару сапасы;
- ғылыми-әдістемелік жұмыстың сапасы;
- мамандармен қамтамасыз ету сапасы;
- материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету сапасы;
- оқушылардың жалпы және психологиялық денсаулығының сапасы;
- педагогикалық еңбекке ынталандыру сапасы.
2. Білім беру үдерісін жүзеге асыру сапасы:
- білім беру үдерісі мазмұнының сапасы;
- пәндерді оқыту сапасы;
- өздігінен білім алуға ынталандыру сапасы.
3. Білім беру нәтижесінің сапасы:
- білім, білік және дағдылардың сапасы;
- шығармашылық жұмыспен айналысу білігінің сапасы;
- тәрбиелілік деңгейінің сапасы;
- тұлғаның даму сапасы т.б.
4. Жалпы білім беру сапасының сыртқы ерекшеліктері:
- білім берудің оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес болуы;
- білім берудің ата-аналардың сұраныстарына сәйкес болуы;
- білім берудің қоғам талабына сәйкестігі;
- білім берудің мемлекет талаптарына сәйкестігі;
- білім берудің кәсіби білім беру мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуы;
- тұрақты сапалы білім беруге кепілдік беретін мектептің мәртебесі.
3. Білім жүйесіндегі өзгерістер. Репродуктивтік оқытудан конструктивтік
(сындарлы) оқуға көшу.
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен қүрастырудың түлға- ны дамытатындығы, өздігімен қүрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивтік) тек есте сақтау дәрежесінде болса, қүрастырылған (конструктивтік немесе сындарлы) білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмүн қүрастыру және бағалау секілді белсен- ді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, өздігімен білім қүрастыру қажет бүл күнде. Ал бүл мақсатқа әр сабақта интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |