Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет18/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
Қалдықсыз өндiрiстер
Биосфера ластануы ұлғаюының катастрофалық процестерi жəне осы негативтi əсерлердi жоюға жұмсалып жатқан шығындарға байланысты қазiргi заманғы өнеркəсiптегi технологиялық процестердi комплекстi экологиялық жəне экономикалық жағынан бағалаудың қажеттiгi туындап отыр. Технологиялық процестердiң экологиялық тиiмдiлiгiн бағалау үшiн өнеркəсiп өндiрiсiндегi қоршаған ортаға зиянды заттардың экологиялық көрсеткiшi қолданылады. Бұдан басқа екiншi бiр маңызды бағалау критериi - ресурс сыйымдылық көрсеткiшi - пайдалы өнiм шығару процесiндегi жұмсалатын энергия, су, ауа, шикiзат, т.б. табиғи ресурстардың үлесi. Өкiнiшке орай, қазiргi кезде бұл көрсеткiштердiң үлесi өте жоғары. Қор үнемдегiш технологияларды қолдану тиiмдi болар едi. Бұл технологиялар табиғи ортадан алынатын шикiзаттарды үнемдеп пайдалану, технологиялық процесте қолданылатын материалдық жəне энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдалану, т.б. негiзiнде жүзеге асырылады. Қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстарды неғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қабылдау үшiн қажет. Территориялық-өндiрiстiк комплекстер iшiндегi энергиямен заттар ағынына талдау нəтижесi, əрбiр келесi кезеңде алынатын өнiмнiң массасы, алдыңғы кезеңдегi өнiмнiң массасынан түрлi: қатты, газ, сұйық күйдегi қалатын қалдық мөлшерiне аз болатынын көрсеттi. Ал, бұл қалдықтардың өзiн де белгiлi мақсатта пайдалануға болады. Өндiрiстi интенсивтендiруге байланысты қалдықтар мен қосымша өнiмдердi өндiрiсте қайтадан пайдалануға мүмкiндiк беретiн жаңа экологиялық таза технологиялар пайда болды. Қалдықтардың түзiлуiн азайта отырып, өндiрiстiң рентабельдiгiн, ресурстарды пайдалану коэффициентiн көтеруге жəне соның нəтижесiнде табиғатты қорғау iс-шараларына жұмсалатын шығынды азайтуға болады. Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Іс жүзiнде қалдықсыз өнiм өндiрудi жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялық процестердi анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т.б. арқылы жетуге болады. Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден не күтміз? Тәжірибе көрсеткендей, олар: биосфераға келетiн шығынды төмендету, шикiзат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т.с.с. Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мысалы хромдау гальваникалық цехының қазiргi заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп, хромдау ваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық су хромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестiруге болады. Сонымен, қалдықсыз өнiм өндiрiстерi болашақта өнеркəсiптiң биосфераға зиянды əсерiн түгелдей жою, табиғи ресурстарды өндiру, қайта өңдеу жəне пайдалану, өнiм өндiру кезiндегi келтiрiлетiн шығындарды толығымен жою проблемаларын шешедi деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет