Байланысты: Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
Литофильді – тау жыныстарының элементтері. Сыртқы электрондық қабатында 2 немесе 8 электрон бар. Олар элементтік күйге дейін қиын тотықсызданады. Әдетте олар оттегімен байланысқан және силикаттар мен алюмосиликаттардың негізгі массасын құрайды. Сондай-ақ сульфат, фосфат, борат, карбонат және галогенидтер түрінде кездеседі.
Халькофильді – сульфидтік кендердің элементтері. Сыртқы электрондық қабатында 8 немесе 18 электрон бар. Табиғатта сульфидтер, селенидтер, теллуридтер күйінде және саф күйінде кездеседі: мыс, күміс, қорғасын,
Сидерофильді – d және f қабаттары электрондармен толығып жататын элементтер. Олар As мен S, сондай-ақ Р, С және N-қа айрықша жақын келеді, қосылыстары жиі кездеседі. Барлық дерлік сидерофильді элементтер табиғатта бос күйінде кездеседі.
Атмофильді – атмосфера элементтері. атмофильді элементтердің қосылыс түзуі қиын. Сондықтан табиғатта көбінесе элементтік, яғни бос күйінде болады.
Биофильді – биосфераның органикалық компонентінің құрамына кіретін элементтер.
Литосфера - (грекше - lithos - тас + sphair - шар) - жердiң қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тiрi организмдер 3км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк етедi. Құрамына жер қыртысы және жоғары мантияның сыртқы қатты бөлігі кіреді. Жоғарғы мантиядан жер қыртысы Мохорович (мохо – беті бөлінген) беті арқылы бөлінеді – бұл бөлу шекара өтуде жүйелік толқындар жылдамдығы кенет өзгереді, яғни өседі: 6,7-7,6 км/сек жылдамдықтан 7,9-8,2 км/сек жылдамдыққа дейін. Бұл құбылысты 1926 жылы Югославия геологы Мохорович анықтады.
Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топырақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы - кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негiзiн салушылардың бiрi В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзiне тəн өзара байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары мен өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесiнiң аса бiр маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып жатқан гумустық қабаттың түзiлуi болды. Бұл қабат топырақтың ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама бердi, ол: топырақ түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсеттi. Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке қажеттi ен маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның шын мəнiндегi маңызы мен ролiн өз дəрежесiнде бағалай алмай келемiз.
Топырақ биосфераның компоненттерiнiң бiрi ретiнде адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тiкелей жəне жанама əсерлердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен тазару процестерi механизмдерiнiң аса маңызды резервi болып табылады. Адамдарға азық-түлiк пен жануарларға қоректi өндiру үшiн қажеттi жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсiмдiктерге қажеттi қоректiк элементтердi жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.
Топырақ - сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсiмдiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен қалыптасқан жердiң беткi құнарлы қабаты. Топырақ түзгiш факторларға рельеф пен адамның iс-əрекетi де жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi - құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды. Топырақтың құнарлылығы дегенiмiз - оның өсiмдiктердi оларға қажеттi қоректiк элементтермен, сумен жəне ауамен қамтамасыз ету қабiлетi. Ол топырақ түзiлу процесi барысында жəне адамның топыраққа əсер етуi нəтижесiнде қалыптасады. Ол бүкiл адам баласының тiршiлiгiнiң көзi болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмiнiң, ауылшаруашылық дақылдары өндiрiсiнiң негiзi.
Топырақ - барлық элементтердiң аккумуляторы: оларды өзiнде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзiнiң қалыптасқан зат алмасу процесi бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ, топырақ көптеген антропогендiк факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын əсерлерге сезiмтал келедi. Топырақтың құнарлылығы адам iс-əрекетiне де байланысты. Топырақ - барлық материалдық игiлiктердiң көзi. Ол азық-түлiк, малға жем, киiм үшiн талшық, құрылыс материалдарын бередi. Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазiргi таңда, ғылым əлi күнге дейiн табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсiмдiктердi топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде орындай алмайды. Сондықтан, адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi де маңызды болып қала беретiн аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзiлу процесiндегі өзiдiгiнен қалпына келу қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
Топырақ - биосфераның басқа элементтерiмен үздiксiз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты жəне биосфераның кейбiр элементтерiне (атмосфералық ауа, жер бетiлiк жəне жер астылық сулар) өзi де əсер ете алатын өте күрделi ашық жүйе. Топырақ үнемi климат пен ауа райы компоненттерi, флора мен фауна, əсiресе соңғы кезде түрлi антропогендiк зиянды əсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейiп, өздiгiнен тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы кемуде. Топырақтың деградациялануының (латын тiлiнен аударғанда - "төмендеу", "артқа кету") негiзгi факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердi шамадан тыс көп қолдану, т.с.с. Топырақтың қорғау мен бақылау объектiсi ретiнде қоршаған ортаның басқа объектiлерiмен салыстырғанда бiрқатар өз ерекшелiктерi бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетiлiк суларға қарағанда əлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тəн аса қуатты табиғи өздiгiнен тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi.
Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтардың құнарлылығының азаюы, т.б. Осы мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла басталды.
ХІХ ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің еңбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғары қабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В.В.Докучаевтың ғылымға жаңа бағыт әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.
1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минералогия бөлімінің мәжілісінде В.В.Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше жаңа анықтама берді. Кейін бұл пікірлер әрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.
Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері ар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы - адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік заттарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтарында түскен күн сәулесі мен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық, биофильді минералдық заттар жинап, едәуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылды. Топырақ - асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, малшаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тәуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргіш күштерден (машиналар, станоктар, т.б.) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап, пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп халықты асырайды, машиналар сияқты моральдық және физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше екіге бөлінеді: қалпына келетін және қалпына келмейтін қорлар. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір, т.б. кендер, ал қалпына келетіндер қатарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары және топырақ жатады (Банников,1977). Бірақта топырақты қайтып қалпына келетіндерге қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнеше жыл керек, мал төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себептерден шойылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын құбылыс. Мәселен, қалыңдығы 20см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек.
Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан да адам өзінің тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су және жел эрозиясынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асыруы қажет.