Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар



бет31/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады. Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 40С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады. Негізінен топырақтың тығыздығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздығы -2,70 г/см3, қара топырақтікі-2,37 г/см3, ауыр сазды топырақтікі-2,67 г/см3 болады.
Топырақ тығыздығының жоғары болуы тамырдың төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.
Сонымен бірге топырақ тығыздығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 г/см3,-ден 1,80 г/см3–ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 г/см3–ден 3,0 г/см-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп болған сайын, оның тығыздығы төмендейді. Мысалы, қара шірігі мол қара топырақтың тығыздылығы 2,37 г/см3. Топырақ тығыздығына оның гранулометриялық құрамы, құрылымы үлкен әсер етеді.
Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне оның созымдылығы, ісінуі, шөгуі, байланыстылығы, жабысқақтығы, физикалық «пісуі» жатады. Тұқымның бөртіп өнуі, өсімдік тамырының төмен қарай бойлап өсуі, топырақ пен атмосфераның арасында газ алмасу, жер өңдеу сапасы топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты.
Топырақтың созымдылығы деп оның сыртқы күштің әсерінен өзінің пішінін өзгертуін және оны ұзақ уақыт сақтай алатын қабілетін айтамыз.
Топырақтың ісінуі деп оның ылғалдану нәтижесінде көлемін ұлғайтуын айтамыз, ал, керісінше, топырақ кепкенде өзінің көлемін кішірейтуін топырақтың шөгуі деп атайды.
Топырақ түйіршіктерін бір-бірінен ажыратуға әсер ететін сыртқы механикалық күштің әсеріне топырақтың қарсы тұра алатын қасиетін оның байланыстылығы дейді.
Жер өңдеу құралдарының жұмыс органдарына немесе басқа заттарға топырақтың жабысу қабілетін оның жабысқақтығы деп атайды.
Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуі» деп оның өңдеуге дайын болған кезін, яғни, топырақтың кеберсіп, оны өңдейтін құралдардың жұмыс органдарына жабыспайтын жағдайын айтады. Піскен топырақ жеңіл өңделеді, құралға жабыспайды, кесекке айналмайды және т.б.
Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе біздердің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс оқымыстысы академик В.И.Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының саналы қимылының нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға «ноосфераға» (ақыл-еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғанын мойындауымыз керек.
Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы бойынша адамға жақсы өмір сүруі үшін (мекендеуі, тамақтық тағы басқа заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 7 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті 0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектар-ақ келеді. Дегенмен бұл көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы жылдарға шейін бұрынғы орталық Мәскеу Қазақстан өндірісінің 93%-на қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға өте үлкен нұқсан келтірді. Себебі республикамыз Одақтың нұсқауымен негізіне шикізат өндірумен шұғылданып келді, ал шикізат өндіру - өндірістің ең «лас» саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам қазақтың барлық байлықтарының беткі «қаймағын» ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды.
Қазақстанда бүкіл Д.И.Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау кезінде жерімізге көптеген – «жарақаттар» түсті. Оның үстіне олардың көбісін ең «арзан» ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды қазу кезінде кен байлықтары басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық - қоқыстарды, жылу электрстанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны-әйнектер, бетондар, тағы басқа тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтардың көбінесе тез арада ыдыратып, минералдандыратын бірден-бір жәндік немесе микроорганизмдер жоқ. Сондықтан олар бірнеше ондаған, жүздеген жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жердің көлемін арттырады, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады. Міне сондықтан да өз қолымызбен табиғатқа енгізген зиян әрекеттерімізді өзіміз қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлерімізді басып жатқан қоқыс-қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз қажет. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда өндірісіміз бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 мың гектардай екен.
Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба байлықтарды алған кезде «таза бұзылған» жерлерден басқа әскери-өндірістік кешендерден бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым көпшілік жерлері ядролық қару-жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшырған кездерде бұзылып, зақымданып оның ішінде радиацияға шалынып, «ғарыш» қоқыстарымен ластанады. Бұл мәліметтердің көп уақыт құпия болып келгені мәлім. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттар тобы кейінгі кездерде анықтағандай, еліміздің «қорғаныс» мақсатына бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асады. Бұл «қорғаныс» мақсатындағы обьектілердің қазақ жеріне, халқына тигізген және болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақтылап есептеу - келешектің ісі. Қынжылатын шындық, Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядролы-стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында табылып алынды, ядролы қондырғылар осында дайындалып, осында сыналды, ракеталы-ғарышты кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Мұның барлығы 40 жыл бойы Қазақстанда 500-ден астам атом бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты ластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жатқан Ресейдегі Капустин-яр полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық зияндары ұшан-теңіз екені даусыз.
Біздің шамалауымызша ол жерлердің кемінде жартысы бүлінген және ластанған жерлер. Бұл жерлер негізінен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында орын алған. Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына бүлінген жайылым жерлер де жатады. Жайылымдардың тарлығынан олардың біркелкі суландырылмағандығынан қыстау мен мал суаратын және елді мекендер төңірегіндегі миллиондаған гектар жайылымдар «тұяқ тесті» алқаптарға айналған. Ауыл шаруашылығы айналымына жарамай шыққан жайылымдар көлемі қазақ ауыл шаруашылығы академиясының акдемигі А.Асановтың (1991) мәліметіне қарағанда 15 млн га, ал өнімі көп кеміп, бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан асады.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздер тағы да ауыр техника мен транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-битум қалдықтарымен ластанған Каспий өңіріндегі жайылым жерлерді де жатқызамыз. Шамамен олардың көлемі 4-5 млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп бұзылған, ластанған жерлер көлемі республикада 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі топырақты қайта құнарландыру шараларын қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр жерде әр түрлі болады.
Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру объектілеріне су тасқынынан кейін сай-салалы, құм-тасты болып қалған алқаптар және су астынан жаңа босаған жерлер де жатады.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей Қазақстанда жатқан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен жартылай Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік-шығыс алқабы. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны Арал теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.
Арал мәселесі, оның тағдыры, оған су құятын екі үлкен өзендермен - Әмудария және Сырдариямен байланысты. Кезінде белгілі географ ғалым А.И.Воейков (1908) шөл далада мұндай теңіздің пайдасыз жатуы бос ысырап, ол табиғаттың «қатесі», оның қоршаған ортаға да ықпалы елеусіз, сондықтан да дұрысы оған, құятын өзендердің суын мақта, күріш өсіруге пайдалану тиімді деп есептеген. Кеңес заманындағы империя белсенділері осы еспке сүйене отырып, табиғат «қатесін» жөндеуге кірісті. Құдіреті күшті Орталықтың су министрлігінің тікелей араласуымен Орта Азия республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш тағы басқа егістерін өрістету кездерінде өзен бойларында бірнеше су қоймалары салынып, екі өзен сулары ауыздықталып егіс алқаптарына пайдаланылды. Сонымен 1960 жылға дейінгі сақталып келген, өзендер құятын сумен Арал айдынынан булану тепе-теңдігі бұзыла бастады. Әрине, Арал қасіретін толық сипаттап жату мүмкін емес, сондықтан тек бұл жайындағы қортынды мәліметтерді келтірейік. Арал деңгейі осы жылдар арасында 17-18 метрге төмендеді, теңіз жүздеген шақырымға шегінгендіктен, су астынан босаған алқаптар теңіздің бұрынғы көлемінің жартысына жуықтады. Теңізге құятын тұщы судың күрт кемуінен теңіз суының тұздылығы көп артты. Бұрынғы бір литрдегі 8-11 г тұз енді 30-35г-ға жетті. Теңізде балық құрыды. Құрыған теңіз табанынан жел суырып ұшыратын тұз бен шаңның зияны тек Қызылорда облысы, Қазақстан ғана емес, дүние жүзілік қасірет деп түсіну керек.
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы түгелдей, Ақтөбе, Шымкент және Қарағанды облыстарының Арал бассейнімен шектескен аймақтары үкіметіміздің шешімі бойынша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал апатын халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу орталықтың құдіреті күшті кезде мүмкін болмады. Оның үстіне «шегініп бара жатқан Аралды жуырда келетін Сібір суымен толтырамыз» деген үміт бар еді. Тек 1986 жылы орталық көптен айтылып келе жатқан мол сулы Сібір өзендерінің суын Орта Азия мен Қазақстанға бұру жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді тоқтатқаннан кейін бүкіл Арал аймағындағы халық «Аралға араша», «Арал тағдыры-адам тағдыры» деген ұрандарды айта бастады. Бірақ бұл тілектің орындалу уақыты өтіп кеткен еді. Арал аймағы экологиялық апатқа көптеп ұшыраған-ды. Енді Аралды бұрынғы қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес. Әңгіме – экологиялық жағдайды әрі қарай ушықтырмау үшін ең болмағанда теңіз деңгейін осы қалыпта сақтау жайында болып жүр. Арал апатының халық шаруашылығына, адам өміріне тигізетін зияны көптен бері айтылып келеді. Сырдария суы Аралға шамалы жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының халық шаруашылығына, оның күріш тағы басқа егістеріне, мұқтаждарына негізгі өзек болып отырғаны шындық. Бірақ «су басындағылар су ішеді, су аяғындағылар у ішеді» дегеннің кері келіп, Дарияның суы бүкіл Өзбекстан, Оңтүстік Қазақстан жерлерін басып өтіп, ондағы мақта тағы басқа егістіктерді «химияландырудың» әсерлерін өзімен бірге алып келеді. Аралға жақындаған сайын Дария суына облыстың жоғарғы аудандарындағы күріш, тағы басқа егістіктерді «химияландыру» әрекеттерінің «жемістері» қосыла береді. Судың тұздылығы артып, оның химиялық құрамы нашарлап адамнан бастап бүкіл тіршілікке, жер экологиясына қатты зиянын тигізуде. Ол туралы нақтылы материалдар баспасөзде айтылып жүр.
Арал бассейніндегі апат теңіздің шегінгенінен, Каспий аймағындағы апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен құрғақ жерлерді басып, өзінің көлемін ұлғайтуға байланысты болып отыр. Егер біз Аралға құятын сулады ауыздықтап, егістік суаруға мол жұмсағандықтан , теңіз деңгейі төмендейді десек, ал Каспий теңізі туралы болжам ақталмады. Бұрынғы Одағымыздың көптеген ғалымдары Каспийге құятын Еділ-Жайық тағы басқа өзендердің суларын ауыл шаруашылығына мол пайдалану таяу болашақта бұл теңіздің деңгейін төмендетеді деп болжам жасаған еді. Бұл жағдайдың алдын алу үшін мол сулы терістік өзендерін Еділге қарай бұру туралы кезінде жобалар да жасалды. 1970 жылдың соңынан бастап теңіз деңгейінің төмендеуінің орнына, керісінше, біртіндеп биіктей бастады. Сонымен 1978 жылдан бері қарай теңіз деңгейі 2м астам биіктеді, ал оның көтерілуі тоқтар емес. Кейбір ғалымдардың болжауынша, теңіздің биіктеуі XXI ғасырдың ортасына дейін созылмақ. Сонда мұндай таңғажайып оқиғаны немен түсіндіруге болады? Бұл жайында әр түрлі көзқарастар бар. Біздің ойымызша, бұл жайында көңілге қонарлық мәліметті геология-минералогия ғылымының докторы, Түркімен Ғылым академиясының толық-мүшесі К.Н.Аманниязов келтіреді (1999). Ғалымның ойынша, Орталық Каспий Жерорта теңізі белдеуінің салалас аймағына жатады. Ол Үлкен Кавказ бен Үлкен Балқан құрылымымен жалғасып, су астындағы жер қабатының тектоникалық әсері салдарынан біртіндеп көтеріліп келеді. Теңіз деңгейінің көтерілу «құпиясы» осында. Қазірдің өзінде жағалауы жайпақ Атырау, Астрахань, Ленкоран, Маңғыстау аймағын және Түркіменстан мен Әзірбайжанның біраз жерлеріне су жайыла бастады. Ал теңіз одан әрі көтерілген сайын су басқан жер көлемі де молайып келеді.
Теңіз деңгейі пәлен метр көтерілді деп айтуға ғана жеңіл. Шын мәнісінде көтерілген әрбір метр түгілі әр сантиметрінде халық тағдыры жатыр. Себебі көптен қалыптасқан теңіз жағалауында қаншама халықтың мекен-жайы, өндіріс орындары, халық шаруашылығының құрылыстары, қазба байлықтар, ауыл шаруашылығына пайдаланатын қаншама жерлер бар. Осылардың су астында қалуы нағыз экологиялық апат. Бұл апаттан жеңілірек құтылудың жолдары К.Аманиязовтың еңбегінде баяндалған. Бұған қоса Каспий өңіріндегі экологиясы бүлінген жерлерден басқа, мұнай мен газ барлау, өндіру кездерінде топырақ қабаттары бұзылған, ластанған жерлерді де қосу керек.
Енді Балхаш көлінің аймағы туралы біраз сөз. Балхаш көлінің су режимі өзін оңтүстік пен оңтүстік-шығыстан қоршаған Іле, Жоңғар, Кетпен тағы басқа таулардан және Қытай территориясынан басталатын жеті өзенмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл алқапты халық көптен «Жетісу»» алқабы деп атайды. Ірі жеті өзенмен бірге суын Балхашқа құятын басқа да майда өзендер толып жатыр. Дегенмен Балхаш тағдырын шешетін негізгі күре тамыр - Іле өзені. Басын Қытайдан алатын бұл өзен - осы өңірдегі ең мол сулысы. Балхаш көлін көрген академик Л.С.Берг оны «табиғат таңғажайыбы» деген болатын. Осындай шөлді аймақта бірнеше ғасырлар бойы тұщы көлдің сақталуы, академикті таңқалдырған еді. Кейінірек бұл оқиғаның кейбір сырлары шешілді. Біріншіден, Балқашқа құятын өзендер өз бастауын таудың мұздары мен қарларынан алады. Жол-жөнекей көп тұздана қоймайды, бастауымен құятын көлге дейінгі ара- қашық емес. Екіншіден, көлдің барлық айдыны түгелдей тұщы емес екені анықталды. Оның шығыс бөлігі әжептәуір тұзданған, ал оңтүстік батыс бөлігі - мол сулы Іле өзені келіп құятын аймағы тұщы. Ал 1960 жылдан бастап Іленің төменгі сағасын суармалы егіске, оның ішінде суды көп қажет ететін күріш өсіруге пайдалануға байланысты Балқаш өңірінің экологиясы нашарлай бастады. Іле суын ауыздықтап, Қапшағай су қоймасын жасау Іленің төменгі сағасындағы аймақтарды құрғатып, сол аймақтағы мал шаруашылығына, ондатра, балық шаруашылығына өте үлкен зиян келтірді. Балқаш көлінің деңгейі төмендеп, суы тұздана бастады. Көлдің арғы бетінде орналасып, оның тұщы суын қажетке жаратып отырған республикамыздың ірі өндіріс орталығы – кен-металлургия комбинатына, Балқаш қаласына көп нұқсан келтіре бастады. Құрылысы 1970 жылы бітіп, суға толтырыла бастаған Қапшағай су қоймасының жобалық көлемі 28 шаршы шақырым болатын, 1987 жылы, яғни 17 жылдың ішінде көлдегі су деңгейі 2м төмендеп, оның Балқаш қаласы тұсындағы тұздылығы 2 еседей артты. Сөйтіп Балқаш көлін жоғалтып алу қаупі туды. Нәтижеде «Балқашты сақтайық!» ұраны баспасөзде, теледидар мен радиода көтеріле бастады. Жұртшылықтың бұл әрекеті елеусіз қалған жоқ. Сол кездегі әкімшілік, басшы органдар Балхаш деңгейін одан әрі төмендетпеу үшін біршама игі істерді жүзеге асырды. Біріншіден, су қоймасындағы су көлемін жобадағы 28 шаршы шақырымға жеткізбей, сол 1987 жылғы деңгейде-13,5 шаршы шақырымда қалдыру. Екіншіден, бұдан әрі суды көп қажет ететін күріш шаруашылығын өрістетуді тоқтату. Оның орнына су аз жұмсалатын мал азықтық шөптер егіп, мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар ұйымдастыру. Осындай шараларды жүзеге асыру нәтижесінде көл деңгейі орта есеппен 340,7 м өлшемде қалыптасты. Ал Балқаш өңіріндегі экологиялық жағдай одан әрі онша төмендеген жоқ.

ЛИТОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Топырақ түзілу құбылыстарының нэтижесінде жалпы тау жыныстары құрамын сақтайды. Бірақ көптеген элементтердің мөлшерлері өзгереді.

Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында О мен Si, екінші А1 мен Ғе, үшінші Са мен Мg солардан кейін Nа, К т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамын айырмашылығы көрінеді. Мұнда органикалық әлементтердің мөлшерлері көп көміртегі 20 есе, азот 10 есе артық, онымен қатар оттегі және сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий темір, калий, кальций. магнийдің аз екені байқалады. Осы элсменттер әр түрлі химиялық қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. Өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы зор. Көміртегі, сутегі, оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді мииералды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет