Ауыр металдармен ластану
Суға ауыр металдардың түсуі барлық өнеркәсіп салаларымен тікелей байланысты. Сонымен бірге ауыр металдар тұрмыс қалдықтарымен жер асты сулары арқылы да таралуы мүмкін.
Ауыр металдармен ластану көздері төмендегідей:
тау – кен орындарының ашық беттері.
Байытылған фабрикалардың қоймалары мен өнім қоймалары.
Металлургиялық, химиялық өндіріс, машина жасайтын, жылу энергетикасы, құрылыс индустриясы.
өнеркәсіп ағындылары.
өнеркәсіп қалдықтары.
Ауылшаруашылық. Біздің аймақта ауылшаруашылық ауыр металдармен ластанудың ең негізгі көзі.
Дәріс №5
Гидросфераның химиялық экологиясы.
Дәріс мақсаты: Гидросфераның химиялық экологиясымен; гидросфераның ластану негіздерімен, ластандырушы заттардың химиясымен таныстыру.
Гидросфера туралы түсінік.
Мұхит суының химиялық құрамы.
Әлемдік мұхиттың ресурстары.
Гидросфера дегеніміз - бұл атмосфера мен жер қабатының аралығында орналасқан жердің су қабаты. Оның құрамына теңіз, мұхит және басқа да сулы орталар жатады. Мысалы: өзен, көл, суқойма, батпақ жер асты сулары жатады. Мұхит жерден 71% биіктікте жатады, ал оның тереңдігі 4 км, су массасы 1,5 1018 т. Гидросферадағы су қоры 1,5 млрд км3 құрайды. Атмосферадағы су – бұл бұл ең бастысы су буы және оның конденсаты.язни су тамшысы және мұз кристалы биологиялық су деп - өсімдіктер мен тірі организім денесіндегі суды айтады.
Биосфераның барлық тірі заты – 1400 млрд тонна құрайды. Соның ішінде биологиялық су массасы-1120 млрд т. немесе 1120 км3 су буы табиғатта 3 күйде кездеседі: сүйық, қатты, газ. Күн көзінің жылуы әсерінен мұхит теңіз сол сияқты өзен сулары бу болып ұшып кетеді. Су буы бұл ауадан да жеңіл болады.Ол атмосфераның жоғары қабатына көтеріліп бұлт түзіп ұсақ тамшыларға айналады.
Ал жер бетіне жаңбыр және қар түрінде кері қайтады.
Тірі организімдер үшін судың ролі өте зор. Сусыз зат алмасу процесі жүрмейді.
Барлық физикалық, химиялық және коллоидты процестер диссемляция, ассемляция, дифузия, ресорбция осмос және т.б.процестер тек сулы ортада жүріп отырады.
Жер бетінде халық санының артуы мен ауылшаруашылық өнімдерін шығару суды пайдалануды арттыру да, әлемдік су ресурстар институттарының бақылауы бойынша адамзат тіршілігі үшін 9000км3 шамасында су қажет. Осындай су қоры жылына 20 млр. Адамды қамтамассыз етеді деген дәлелденген.
Орта есеппен алғанда бір күнде бір адамға 450 л.су қажет.оның ішінде 50% тұрмыстық ішуге 20% комуналдық тұрмысқа 30 % өндірістік қажеттілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |