Суды тазарту жəне ластанудан қорғау
Табиғи суларда олардың өздiгiнен тазару құбылысы жүредi. Бiрақ бұл процесс өте жай жүредi. Өндiрiстiк-тұрмыстық қалдықтар мөлшерi салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздiгiнен тазару құбылысы жеткiлiктi дəрежеде жүрген болар едi. Бiрақ, өкiнiшке орай, қазiргi таңда ғылыми — техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейiнiң қарқыны өте мөте жоғарылап отыр. Сол себептен, ағызынды суларды тазарту жəне оларды қайтадан пайдалану қажеттiлiгi туындап отыр. Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделi процесс. Олар — механикалық, физико-химиялық жəне биологиялық болып бөлiнедi. Бұл əдiстердiң əрқайсысын таңдап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалардың зияндылығына байланысты. Суды тазартудың механикалық əдiсi бойынша суды тұндыру жəне сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады. Көлемi түрлi бөлшектер мөлшерiне қарай əртүрлi конструкциялы торлармен, су бетiлiк қоспалар — май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзiледi. Физико-химиялық əдiсте ағызынды сулардан ерiген органикалық емес қосылыстар бөлiнiп, органикалық заттар ыдыратылады. Көбiнесе электролиз қолданылады. Электролиз кезiнде ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлiнiп алынады. Электролиттiк тазарту электролизер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту əсiресе, қорғасын, мыс өнеркəсiптерi мен бояғыш заттар өндiрiс орындарында тиiмдi.
4 кесте Əлемдік су қоры
Рет
№
|
Атаулары
|
Ауданы
млн.км2
|
Көлемі,
мың км3
|
Жалпы
су қоры
|
Тұщы
су қоры
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
7а.
7б.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
|
Əлемдік мұхит
Жер асты сулары
Оның ішінде:
Тұщы жер асты сулар
Топырақ ылғалы
Мұздықтар мен ерімейтін қар сулары
Жер асты мұздықтары
Көл сулары
Тұщы
Ащы
Батпақтар суы
Өзендер суы
Атмосферадағы су
Организмдердегі су
Жалпы қоры
Тұщы судың жалпы қоры
|
361,4
134,8
-
82,0
16,
631.95:631.82
21,0
-
1,24
0,82
2,68
148,2
510,0
-
|
1338000
23400
10530
16,5
24064
300
91,0
85,4
11,5
2,1
12,9
1,1
1385984,6
35029,2
|
96,5
1,7
0,76
0,001
1,74
0,022
0,007
0,006
0,0008
0,0002
0,001
0,0001
100,0
2,53
|
-
-
30,1
0,05
68,7
0,86
0,26
-
0,03
0,006
0,04
0,003
-
100,0
|
Ластанған ағызынды суларды ультрадыбыс, озон, иониттермен жоғары қысым арқылы да тазартуға болады. Ал химиялық əдiсте суды тазарту үшiн химиялық реагенттер, мысалы, хлор жəне оның хлорамин, хлорлы iзбес, натрий гипохлоритi сияқты қосылыстары қолданылады.
5 кесте Əлемдегi ең iрi өзендердiң сипаттамасы
Рет №
|
Аттары
|
Ұзындықтары,км
|
Көлемi, млн.км2
|
Судың жұмсалуы, м3/с
|
Континентi
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
|
Амазонка
Миссисипи
Нiл
Янцзы
Объ
Хуанхэ
Меконг
Амур
Лена
Конго
|
6437
5971
6670
5800
5410
4845
4500
4440
4400
4370
|
6,915
4,268
2,870
1,808
2,990
0,771
0,810
1,855
2,490
4,820
|
200000
18000
3000
34000
12800
1500
14800
10900
16800
41000
|
Оңтүстiк Америка
Солтүстiк Америка
Африка
Азия
Азия
Азия
Азия
Азия
Азия
Африка
|
Суды тазартудың биологиялық əдiсi сулардың биохимиялық жəне физиологиялық өздiгiнен тазару құбылыстарының заңдылықтарына негiзделген. Ағызынды суларды тазартудың биологиялық қондырғыларының бiрнеше типтерi бар: биофильтрлер, биологиялық тоғандар мен аэротенклер, метантэнклер. Аэротенклерге активтi ил - микроскопиялық өсiмдiктер мен жануарлар өсiрiп, үстiнен ағызынды сумен толтырады да, ағызынды суларды төменгi жағынан қатты ауа ағынымен үрлейдi. Оттектiң (ауамен үрлегенде) жəне органикалық заттардың көп мөлшерiнде (ағызынды судағы) активтi илде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсiп, көбейiп, бактериялар бiр-бiрiне жабысып, кесектелiп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейiн ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесi жүредi. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активтi көбейе бастап, массалары ұлғая түседi. Бактериялардың кесектелген массалары бiртiндеп судың түбiне шөгiп, ал су тазара бередi. Тұнған таза суды бөлiп алып, ал активтi илдiң суды тазарту функциясы əрi қарай жалғаса бередi. Ағызынды суды тазартудың химиялық əдiстерiнiң ең көп қолданылатын түрi нейтралдау. Өнеркəсiп орындарының ағызынды сулардың көпшiлiгiнiң құрамында күкiрт қышқылы, тұз жəне азот қышқылдары көп кездеседi. Осы қышқылдар болатын суларды нейтралдау үшiн магнезит, доломит, iзбестастар қолданылады. Əдетте химиялық тазартудан соң биологиялық тазарту жүзеге асырылады. Ағызынды суларды тазартуға жұмсалатын шығын өндiрiс орындарынаң жалпы сметалық құнының 10-15%, кейде 20-25% құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының өте қымбатқа түсуi, сол сияқты көбiнесе тек қана тазарту қондырғылары арқылы үздiксiз даму үстiндегi өндiрiс орындарының зиянды əсерiнен биосфераны қорғау проблемасын шешу мүмкiн еместiгi су көздерiн ластанудан қорғаудың неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiрудi қажет етiп отыр. Ал мəселенi шешу үшiн экологиялық жағынан қауiпсiз, аз қалдық шығаратын, тiптi кейбiр жағдайларда қалдықсыз технологиялық процестердi енгiзу қажет. Суды ластаушылардан бөлу үш этап арқылы жүзеге асырылады.
Бiрiншi реттiк тазарту. Ағызынды сулар iрi қатты қалдықтардан тұндыру арқылы тазартылады.
Екiншi реттiк тазарту: ерiген органикалық заттарды бөлу. Ағызынды суларды биохимиялық тазарту əдiсiнде кейбiр микроорганизмдер судағы ерiген органикалық заттармен қоректенiп, өсiп, дамып, көбейедi. Осылайша, ағызынды сулар органикалық заттардан тазарады. Екiншi реттiк тазартудың келесi бiр көп таралған əдiсi тамшылы биофильтрлер арқылы тазарту. Бұл əдiсте судағы тек қана жүзiндi органикалық қосылыстар емес, ерiген қосылыстар да бөлiнедi. Тамшылы биофильтрлер арқылы 80-85% ерiген органикалық заттар тазарады. Бiрiншi жəне екiншi реттiк тазарту арқылы ағызынды сулардан 90% органикалық ластаушыларды бөлуге болады.
Үшiншi реттiк тазарту: Үшiншi реттiк тазартудың негiзгi мақсаты — ағызынды судың құрамындағы азот жəне фосфор қосылыстарын бөлу. Осы элементтердiң қосылыстары суда балдырлардың қарқынды өсiп, дамуына себеп болады. Үшiншi реттiк тазартуда ластаушыларды химиялық реагенттермен тұнбаға түсiру арқылы суды тазартады. Тазартудың осы үш этапынан кейiн суды ондағы қалған бактериялар мен вирустардан тазарту үшiн хлорлап, жер бетiлiк суларға ағызады. Суды ластанудан қорғауда оның санитарлық-гигиеналық жағдайы аса маңызды роль атқарады. Халықтың пайдаланатын ауыз суы таза, зиянды қоспасыз болуы керек. Сондықтан cу көздерiнiң биологиялық, химиялық жəне бактериологиялық жағдайы үнемi бақылауда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |