Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


биосферадағы күкірттің айналымы



бет13/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

биосферадағы күкірттің айналымы
Күкірт – активті элементтердің бірі. Сонымен бірге оқшау газдармен немесе СО2 – мен салыстырғанда күкірттің атмосфераға түсуі өте қиын. Күкірттің биосферадағы айналымының схемасы:
H2SO4 және сульфаттар
2 4
S 3 ақуыз

1 5
H2S және сульфидтер
Құрлық биомассасында күкірттің мөлшері 8,5∙109 тонна. Фотосинтез жүретін организмдерде 0,07∙109 тонна. Өнеркәсіп көздерінен түсетін күкірттің жалпы мөлшері 1 жылда 100–110∙109 тонна. Күкірттің миграциясына үлкен әсерді ағынды сулар әкеледі. Қоршаған ортаға түсетін күкірт қосылыстарының техногенді қалдықтары масса тепе-теңдігін бұзбайды. Бірақ өндіріс және тұрмыс қалдықтары құрлық биотасына көп зиян әкеледі. Атмосфераға SO2 – нің эмиссиясы арқылы қышқыл жаңбырлар әкеледі.


Дәріс №3
Гидросфераның химиялық экологиясы


Дәріс мақсаты: Гидросфераның химиялық экологиясымен; гидросфераның ластану негіздерімен, ластандырушы заттардың химиясымен таныстыру.



  1. Гидросфера туралы түсінік. Гидросфераның динамикалық жүйе ретінде құрылысы мен

қасиеттері.

  1. Табиғи сулардың химиялық құрамы, негізгі сипаттамалары.

Гидросфера туралы түсінік. Гидросфераның динамикалық жүйе ретінде құрылысы мен қасиеттері
Гидросфера — бiздiң планетамыздың аса маңызды құрам бөлiктерiнiң бiрi. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер əсерiнен қозғалысқа түсетiн жəне бiр күйден екiншi күйге өте алатын барлық су түрлерi жатады. Гидросфера Жердiң басқа элементтерi атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегi су үнемi қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөлiктерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, бiртұтас жабық жүйе: мұхит-атмосфера-құрлықты түзедi. Ол гидросфераның түрлi бөлiктерiнiң əртектiлiгiне байланысты өзгеретiн су алмасу процесiнiң белсендiлiгiн қамтамасыз етедi. Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97% құрайды жəне Жер планетасы бетiнiң ауданының 75% аса бөлiгiн алады. Биосфера тiршiлiгiнде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндiрiсiн қамтамасыз ететiн толып жатқан химиялық реакциялар жүредi. Су кез келген жануарлар мен өсiмiдктердiң ткандерi мен клеткаларының құрамына кiредi. Жануарлар мен өсiмдiктер организмдерiндегi өте күрделi реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы климат та көп жағдайда суға жəне атмосферадағы су буларының мөлшерiне байланысты қалыптасады. Мұхиттардағы судың беткi бес жүз метрлiк қабаты ондағы планктонның сүзгiш аппараты арқылы 40 күн iшiнде сүзiлiп өтсе, бiр жыл iшiнде мұхиттағы бүкiл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңiз суындағы ерiген тұздардың концентрациясы 3,5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,9% — натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т.б. иондардың үлесiне тиедi. Биосферадағы үш сфераның — ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негiзгi заты көмiрқышқыл газы болып табылатын карбонаттық тепе-теңдiк арқылы жақсы түсiнуге болады. Мұхитта атмосфераға қарағанда көмiрқышқыл газы 60 есе көп. Көмiрқышқыл газы суық суда жақсы еритiн болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тəрiздi тартып алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстiк пен солтүстiк ендiктерге қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО2 мөлшерi артқан сайын мұхит суындағы оның мөлшерi де артады, нəтижесiнде кальций карбонатының ерiгiштiгi жоғарылап, гидрокарбонат-иондар көбейедi. СО2 мөлшерi азайғанда сутек иондарының концентрациясы төмендейдi де, кальций карбонатының көбiрек тұнбаға түсуi байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көмiртек иондары тұрақтанып, атмосфераның анторопогендiк ластануынан жиналған СО2 артық мөлшерi сiңiрiледi. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негiзгi роль атқарушы болып табылады, себебi тiрi организмдердегi барлық биохимиялық процестер тек су қатысында ғана жүре алады, сондықтан да олардың клеткалары мен тканьдерiнiң көп бөлiгi судан тұрады. Су — əлемнiң ең үлкен байлығы. Бiрақ бiздiң планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың жетiспеушiлiгi жер шарының көп теген аудандарындағы өткiр мəселелердiң бiрi болып отыр. Жердегi су ресурстары жалпы алғанда, жер бетiлiк немесе континетальды сулар, Бүкiл Əлемдiк мұхит сулары жəне жерастылық сулар болып үш топқа бөлiнедi. Жер бетiлiк, не континентальды суларға — өзен, көл, жабық теңiздер, батпақтар, атмосфералық жауын-шашын сулары, мұздықтар суы, Бүкiл Əлемдiк мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңiздер, ал жер астылық суларға топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады.
Судың химиялық құрамы бiр-бiрiне байланыссыз екi фактордың — тарихи-табиғи жəне геологиялық жағдайлар мен антропогендiк фактордың əсерiнен қалыптасады. Судың химиялық құрамының түрлiше болуы себептi оларды минералдану дəрежесiне байланысты төмендегiше классификациялауға болады (1 г/л):
тұщы су ---------------1 ге дейiн
тұздылау --------------1-25
тұзды ------------------26-50
ащы ------------------- >50
Жер бетiндегi тұщы су қорының 97% Антарктида, Гренландия, полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесiне тиедi. Егер осы мұздықтарды Жердiң бетiне бiрдей етiп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53м қабат түзген болар едi. Бiрақ осындай тұщы су қорын пайдалану əлi күнге мүмкiн болмай отыр. Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетiспеушiлiгi түсiнiктi жағдай деуге болады. Табиғатта су айналымы үздiксiз жүрiп отырады. Күн сəулесiнiң əсерiнен Мұхит суларының, құрлықтың беттерiнен жəне өсiмдiктердегi транспирация арқылы су үздiксiз буланады. Нəтижесiнде атмосфера су буларымен қанығады. Буланған су конденсацияланып, бұлттар түзiп, атмосфералық жауын-шашын болып жер бетiне жауады. Жерде оның бiраз бөлiгi топырақ пен өсiмдiктер беттерiнен буланып, бiразы топыраққа сiңiп, өсiмдiктерге сiңiрiледi, не топырақтың терең қабаттарына өтiп, онда грунт суларымен бiрге қайтадан жер бетiне шығып, мұхиттарға қосылады. Жауын-шашынның бiраз бөлiгi топырақ беттерiнде қалып, өзендерге қосылады.
Гидросфера – жердің су қабаты. Құрамына Әлем мұхиты, құрлық сулары (өзендер, көлдер, көшпе мұздар) және жер астындағы сулар кіреді. Біздің планетаның, жалпы айтқанда биосфераның даму тарихында су басты роль атқарады. Гидросфера литосферамен, атмосферамен және тірі затпен тікелей байланыста болады. Өйткені олардың құрамына міндетті компонент ретінде кіреді. Биосферада су универсалды еріткіш ролін атқарады. Себебі барлық заттармен әрекеттеседі. Сол себепті, құрлық және мұхит арасында, ағзалар мен қоршаған орта арасында заттардың алмасуын су қамтамасыз етеді. Гидросфераның басым бөлігі 94% Әлем мұхитына келеді. Екінші орынды жер астындағы сулар және көшпе мұздар алады.

1 – кесте Жер гидросферасында су массаларының таралуы (Львович бойынша)



Гидросфера бөлігі

Су көлемі, ∙ 103 км3

Жалпы көлемінен % - ы

Әлем мұхиты
Жер астындағы сулар
Көшпе мұздар
Активті су алмасу зоналары
Көлдер
Топырақ дымы
Атмосфера булары
Өзендер
Барлық гидросфера

1 млн. 370 мың
60000
24000
4000
280
80
14
1,2
1 млн. 454 мың

94%
4%
1,7%
0,3%
0,02%
0,01%
0,001%
0,0001%
100%


Республика территориясында су қоры біркелкі таралмаған. Ең көп су қорымен қамтамасыз етілген Шығыс Қазақстан облысы, оның территориясына 200–290 км3/1км2 келеді. Ең аз су Батыс Қазақстанда және Маңғыстау облысында 0,36 км3/1 км2 келеді.
Крисофера (қар, мұз, мəңгiлiк мұз аймақтары) — климаттық жүйенiң компонентi болып, шағылдыру қабiлетi (альбедо) жоғары, жылу өткiзгiштiгi төмен. Жаңа жауған қар түскен күн сəулесiнiң 90% шағылдырады. Қар мен мұздар планета бетiне “жапсырылған” айна сынықтары тəрiздi. Мұздардың 90% Антарктидада, бiрақ планетадағы мұздардың негiзгi массасы теңiздердiң мұзы мен қар түрiнде болады. Солтүстiк жарты шарда Солтүстiк мұзды мұхит акваториясындағы мұз жазда 8 млн км2, ал қыста 18 млн км2 созылып, көлемi Австралияның көлемiнен 2 есе көп көлем алады. Оңтүстiк жарты шарда Антарктида маңында қыстыгүнi мұз 20 млн км2 алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет