Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


WWW-де қолданылатын ақпараттар мен файлдардың типтері



бет25/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

WWW-де қолданылатын ақпараттар мен файлдардың типтері


Ақпарат типі

Файлдың типі

Түсініктеме

Мәтін

.htm, .html

HTML форматы текст және экранда ақпараттың бейнелеуін анықтайтын арнайы форматтау кодтарын береді.

Дыбыс

.au, .snd, .mid

Audio, sound, MIDI, MP3 Дыбыстық файлдардың форматтары

Кескін

.gif, .jpg, .tif

GIF, JPEG, TIFF Графиктік файлдардың форматтары

Бейне

.mpg, .mov, .avi

MPEG, Apple Quikslime, MS Video Форматтарында жазылған бейнеклиптер



GIF

JPEG

256 түс

True color (16,7 млн түс)

Суреттің мөлдір бөліктерін сақтау үшін қолданылады.

Барлық мөлдір емес суреттер

Әдетте батырмалар, баннерлер, дизайн элементтері, логотиптер, сызбалар, түстер саны аз нақты суреттер үшін қолданылады

Әдетте түрлі түстер өте көп фотосуреттер үшін қолданылады.

Форматты таңдау әрқашанда файлдың көлемін азайтуға бағытталған. Сайттағы барлық суреттердің көлемі 30-50 Кбайттан аспайтындай етіп жасауға тырысу керек.



Дәріс №12. CORELDRAW РЕДАКТОРЫМЕН ТАНЫСУ

1. CorelDraw векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған және ұқсас программалардың ішінде сөзсіз көшбасшы болып келеді. CorelDraw-дың әйгілілігін графикалық бейнелерді құру мен редакциялауда құралдардың көптігімен, ыңғайлы интерфейспен және алынған бейнелердің жоғары сапалысымен түсіндіреді. Оның көмегімен қарапайым контурлы суреттермен қоса, сонымен қатар кескінге бояуларды құю эффектілі иллюстрациялар және эффектілер жасауға болады.

Редактордағы негізгі түсінік обьект түсінігі болып табылады. Векторлық обьект деп бейнелеу элементтерін: түзуді, қисықты, шеңберді, тікбұрышты және т.б. айтамыз. Бірнеше обьектілердің қосындысы көмегімен топтау операциясын орындау арқылы обьектілер тобын немесе жаңа күрделі біріккен обьект құруға болады.

CorelDraw редакторы құжатқа растрлық суреттерді қоюға мүмкіндік береді. Мұндай кезде әр растрлық сурет жеке обьект болып табылады және оны басқа обьектілерден тәуелсіз редакциялауға болады. CorelDraw векторлық графиканы өңдеуге арналғанымен, ол растрлық суреттермен жұмыс істеуде де мықты құрал болып табылады.

Берілген программада сонымен қатар мәтінмен жұмыс істеуге арналған құралдар бар. Обьект ретінде фигуралы және қарапайым мәтінді форматаудың көптеген түрінің арқасында, редакторда мәтіні бар суреттер құруға болады. Сонымен бірге фигуралы мәтінде векторлық обьектілерге қатысты операцияларды орындауға болады.

CorelDraw - MS Windows басқаруымен жұмыс істейтін барлық программаларына арналған стандартты интерфейсі бар. Сонымен қатар экранда тек графикалық программаларға тән элементтер тобы орналасқан.

CorelDraw – ды іске қосу үшін Іске қосу –Программалар - CorelDraw Graphics шерту. Программа іске қосылғаннан кейін экранда CorelDraw терезесі ашылады.
2. CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. CorelDraw бағдарламасын іске қосыңыз. Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық.

Windows стандартына сәйкес тақырып жолының астында меню жолы орналасады. Оның астында стандартты қўрал-саймандар панелі (toolbar), одан кейін (Property bar) атрибуттар панелі орналасады. Терезенің сол жағында саймандар панелі (tollbox), оң жағында түстер палитрасы (Color palette), төменгі жағында қалып-күй жолы (Status Bar) орналасқан ( жоғары жағында орналасуы да мүмкін).


Меню жолы

Стандартты құрал-саймандар панелі

Саймандар панелі

Түстер палитрасы

Жұмыс

аймағы


Сызғыштар

Тақырып жолы



Қалып-күй жолы

1-сурет. CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет