Сапалы веб – беттерін құру үшін:
Түстер палитрасын шектеу керек. Бір – бірімен үйлесетін түстердің шектеулі санын қолдану керек.
Түстерге шектеу қою графикалық объектілерді Интернетте таратуды жылдамдатады. Суреттегі қолданылған түстер аз болған сайын, файлдың өлшемі кішірек болады. Ал файлдың көлемі шағын болса, ол тез жүктеледі.
Жеті түстен кем емес палитра құру керек және оны біртіндеп барлық веб – беттерін пайдалану керек.
Беттің элементтерін ерекшелеу үшін әртүрлі қаріптерді қолдану керек.
Таңдалып алынған қаоіптің көмегімен веб – беттерінде қуанышты , кәсіби шебеолікті және т.б беруге болады. Мынадай қаріптер бар:
Кертігі бар қаріптер – мысалы, А - әріптің шеттеріне кішкентай сызықтары бар әріптер. Олар тұрақтылықты, қауіпсіздікті, кәсібилікті және мәңгілікті көрсетеді. Мұндай қаріптер мәтіннің үлкен үзінділерін беруге қолайлы.
Кертігі жоқ қаріптер – мысалы, А – озық ойды, тазалықты, алға ұмтылысты көрсетеді. Олар тақырыптарды жазуға, мәтіннің онша үлкен емес үзінділерін теруге ыңғайлы.
Веб – беттерін жасағанда тек бір типті ғана шрифтер емес, 3-4 түрлі қаріптерді пайдаланған ыңғайлы. Одан көп болса, онда әдемі болмай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |