Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


Дәріс №11. WEB – графика негіздері



бет20/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

Дәріс №11. WEB – графика негіздері
Жер бетінде алғашқы екі компьютердің пайда болуынан бастап адамдар олардың арасында байланыс орнатып, ақпаратты тарату мәселелерін шеше бастады. Техникалық жағынан бұл мүмкін жағдай еді. Компьютерлік техника дами бастады да, компьютерлік желілер қолданыла бастады.

Компьютерлер арасында ақпарат алмасу мұқтаждығы арта түсті де, бүкіл әлемде ауқымды желі пайда болды.

Интернет - әлемнің түкпір – түкпірімен байланыстыратын алғашқы ауқымды желі.

1989 жылы Тим Бенерс-Ли гипермәтіндік жүйені ойлап тапты, ал 1990 жылы алғашқы WWW (World Wide Web, WWW немесе Wеb – дүниежүзілік өрмек ) пайда болды. Сол кездерде ірі фирмалар жасаған алғашқы веб – беттері пайда бола бастады.

WWW (World Wide Web, WWW немесе Wеb – дүниежүзілік өрмек ) – интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі , оны қысқаша Wеb деп те айта береді.

WWW – интернетте ақпаратты графикалық түрде беру құралы.



Web – беті – WWW - да орналастырылған және гипермәтін форматында дайындалған құжат.

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web беттерінің бір ортақ қасиеттері олардың юарлығы да HTML (Hiper Text Maker Langyage) да жазылуында. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Кез – келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар. HTML форматында сақталғаннан кейін Web беті түрінде бейнеленеді.

Гипермәтін -бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіндн екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.

Гиперсілтеме – басқа файлды немесе объектіні көрсететін гипермәтіннің үзіндісі. Сөзді ерекшелеп белгілеу келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу деген меғынаны білдіреді.

Броузер – бұл Web бетттерін (гипермәтіндік беттерді) қарауға негізделген программа.

Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес броузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылда, броузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тіліні ңкомандалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижен іэкранда көрсетеді.

HTML файлдары *.htm немес *.html деген кеңейтілулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Стандартные» программасындағы Блакнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін экренда көру үшін Microsoft Internet Explorer броузері қолданылады.

Ал сайт - Web беттерінің жиынтығы.

WWW – дың негізгі қасиеті – ол тек қана мәтін мен графиканы ғана біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар, мультимедиа мүмкіндіктері, яғни аудио және бейне клиптерді де біріктіре алады.

Web – гипермәтіндік орта болып табылады. Гипермәтін ақпараттың белгілі бір бөлігі ақпараттың басқа бір үзінділеріне сілтеме жасайды. Гипермәтіндік сілтеме тышқанды баса отырып, ақпаратқа сілтеме жасалған құжатты жеке терезеде аша аласыз.

Гипермәтіндік сілтемелер – Web құрастырылатын кірпіштер сияқты.

Web – беттерін құру үрдістері:


  1. Тұжырымдама. Web – бетін құрудың алғашқы қадамы – тұжырымдаманы, яғни мыналарды анықтап алу керек:

    • аудиторияны;

    • бетті құрудың мақсаты;



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет