Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі



бет24/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

Қаріптің түсі. Әдетте қара түсті фондағы ашық түсті қаріптерге қарағанда, ашық түсті фондағы қара түсті қаріптер тез оқылады. Мәтіннің тақырыптарын жазғанда ашық түсті қаріптерді , ал негізгі мәтінде басқа түстерді пайдаланған тиімді.

Интерлиньяж. Егер веб – беттінің фоны қаралау болса, онда мәтінді оқуды жеңілдету үшін интерлиньяжды, яғни жолдар арасындағы қашықтық ты үлкейту керек.

Қаріптің өлшемін таңдау. Веб – беттінің негізгі мәтінін өлшемі 10-12 пункт болатын қаріппен, ал мәтіннің тақырыптарын өлшемін 14-24 пункт болатын қаріппен теру керек. Тек қана жұп өлшемді қаріп қолдау керек, олар экранда әдемі көрінеді.

Веб – графикада қаріптің 2 түрі қолданылады.: графикалық – ол сурет түрінде және HTML – дискрипторымен генерацияланатын тірі (живой) қаріптер, яғни оларды мәтіндік редакторында кегльді өзгерте отырып, өңдеуге болады. Веб – графикада тірі (живой) қаріптерді пайдаланған тиімді. Себебі оны үнемі жаңартып отыру керек.

Графикалық элементтерді де тиімді пайдалану керек. Графикалық элементтерге боялған аумақтар, сызықтар, фотосуреттер және суреттер жатады. Веб – беттерінде бір бетті бірақ алатындай көлемі өте үлкен суреттерді пайдаланған жарамайды. Сондықтан да онша үлкен емес графикалық оъектілерді түрлі түсті кестелермен немесе мәтінмен біріктіре отырып пайдаланған тиімді.

Графикалық файлдың өлшемін 15 Кбайттан асырмау керек.

Графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу керек.

HTML құралдары мен графикалық элементтер бетті бөліктерге бөлудің бір әдісі болып табылады. Яғни бөліктерге бөлу арқылы қолданушының назарын оның жеке детальдарына аударуға болады.

Веб – беттің макетін жасау үшін мәтін, графикалық элементтер және HTML – графика орналасатындай тор құрып алу керек. Ол тор бір немесе бірнеше бағаннан немесе бірнеше бөліктерге бөлінген беттерден тұруы мүмкін.

Веб – беттерін құрғанда оны 3 бөлікке : үлкен – ең маңызды ақпарат жазатын , орташа – орташа маңызы бар ақпарат жазатын, кішкентай – онша маңызды емес ақпарат жазатындай.

Бетте бос орындар тастауды ұмытпау керек. Бос орын аз қалдырса, онда ақпаратты оқу қиынғы түседі. Сондықтан беттің 25 пайызын ашық қалдырған тиімді. Бос орынды – дизайн элементінің айналасынан қалдыруға болады.

Біртекті графикалық элементтерді, яғни фотосуреттерді, маркерлерді, интерактивті батырмаларды қолдану үшін графикалық шаблондар жиынтығын құрып алу керек. Оны құру үшін графикалық редакторларды пайдалану керек. , оларды сол редактордың форматында сақтау керек.

GIF, JPEG, PNG форматтары расторлық форматтар. Бұл форматтағы объектілер векторлық графиканың көмегімен құрылды, сосын расторлық суреттерге конвертировать етілді. Неге деген сұрақ туады? Себебі, жеке нүктелерді өзгертіп отырғанша, векторлардың көмегімен суреттерге қызықты эффектілер қосқан өте тез. Векторлық суретті GIF және JPEG форматында сақтау үшін растолық суретке конвертировать ету керек.

Графикалық мәтін құрғанда оны қолданылған графикалық пакеттің форматында сақтау керек. Егер мәтіннің тақырыбы Фотошопта жасалса, онда оны Фотошоптың форматында сақтау керек және оны экспорт жасағанда GIF форматына түрлендіру керек. Оны GIF форматына түрлендіогенннен кейін оны өзгерте алмаймыз. Сондықтан да оны екі форматта да сақтап қойған тиімді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет