Қабырғаларының саны әр түрлі көпбұрыштарды салу үшін келесі әрекеттерді орындайық:
Көпбұрыш (Polygon Tool) құралын таңдаңыздар. Нұсқағыш қасында бесбұрышы
бар крестке айналады.
Бастапқы нүктені таңдап, оны оңға және төмен апарыңыздар. Үнсіз келісім
бойынша көпбұрыштың қабырғаларының саны - 5. Эллипстер мен көпбұрыштарды салуда ұқсастық байқалады. Көпбұрышты салу да бұрыштан немесе центрден жүргізілуі мүмкін (Shift пернесін басып ұстап). Егер салу кезінде Ctrl- ды басып ұстасаңыз, онда дұрыс көпбұрыш салынады. Біз салған бесбұрыш кез келген объект сияқты манипулятормен қоршалған және бұрыштардың әрқайсысында бірден және қабырғалардың әрқайсысының ортасында - 10 тораптары бар. Бесбұрыштың ұшы төбесі (шыңы) (тақ санды қабырғалары бар кез келген көпбұрыш сияқты), оны жоғарыдан төмен салғанда жоғары бағытталады.
3. Көпбұрыштың қабырғаларының санын өзгертуге болады. Қасиеттер панеліндегі сәйкес енгізу жолы жұлдызша кескінімен белгіленген. Көпбұрыштың қабырғаларыныѕ санын енгізу жолына 3 санын енгізіңіздер. Объект үшбұрышқа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |