Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


ВЕКТОРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰРУ



бет26/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika


ВЕКТОРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰРУ


CORELDRAW – тағы өте күрделі суреттер бірнеше қарапайым объектілерден құрылады. Сондықтан келешекте суретті редакциялай алу үшін әртүрлі векторлық объектілерді құра білу қажет.

Қарапайым фигуралауды салу


C ORELDRAW – та құрылатын қарапайым геометриялық объектілерге тік төртбұрышты және эллипсті, көпбұрышты және спиральды, түзу және қисық сызықтарды жатқызуға болады. Кейбір күрделі объектілер көптеген қарапайым объектілерден тұрады. Сондықтан оны сала білу қажет. Тәжірибемізді тік төртбұрышты салудан басталық. Бағдарлама терезесінің сол жақ бөлігінде орналасқан Toolbox (Графика) құралдар панелінен «Rectangle Tool» құралын таңдаймыз. Бұл кезде батырманың түрі өзгеріп, батыѕқы күйге ауысады, яғни тік төртбұрыш құру режимінде екеніңізді білдіреді. Сіз басқа құрал таңдағанша, ол батырма сол батыңқы күйде болады. Жұмыс аймағының кез келген жеріне тінтуір нұсқағышын қойыңыз. Бұл кезде нұсқағыш крест түріне ауысады. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басып, оны босатпай жылжытыңыз. Экранда өлшемі тінтуір қозғалысымен бірге өзгеретін тік төртбұрыш пайда болады. Қажетті өлшемді алғаннан кейін, тінтуір батырмасын босатқасын, экранда тік төртбұрыш суретін көресіз.
Құрылған объекті маңында қара тік төртбұрыштар мен ортасында х белгісін, ал тґбелерінде контурлық тік төртбұрыштарды көреміз. Бұлардың барлығы объектіні редакциялауға арналған басқарушы элементтер. Олардың қолданылуын келесі бөлімдерде қарастырамыз. Эллипсте дәл осылай салынады.

Дәл осылай барлық қарапайым фигураларға Ctrl, Shift пернелерін қолданып салуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет