Көпбұрыштың қабырғаларының саны
Қабырғалардың саны 3-тен 500-ге дейін өзгере алады. Бұл сипаттаманы көпбұрыштың басқа қасиеттеріндей үнсіз келісім бойынша барлық жаңа обьектілер үшін беруге болады.
Көпбұрыш дөңес (бұрыштары сыртқы шығыңқы) (бұрыштарының әрқайсысы 180 – тан кем) немесе жұлдыз пішінді болуы мүмкін. Жұлдыз тәрізді көпбұрыш сәулелерінің (лучей) ұзындығы қасиеттер панелінде берілмейді. Оны тек интерактивті өзгертуге болады. Тораптардың қайсысына болсын басыңыздар және оны жұлдыздың қажетті мөлшеріне байланысты ортаға (центрге) немесе центрден апарыңыздар. Егер көпбұрыштыѕ торабын айналдырсаңыз, ол күрделі, сәулелері көп рет қиылысатын фигураға айналады. Мысалы үшін 12 қабырғалы көпбұрыш салыңыздар, оның қабырғасындағы торапты обьектінің ішіне, шамамен центрге дейінгі арақашықтықтыѕ үштен біріне апарыңыздар, ал сонан кейін бұл торапты шеңбер бойы апарыңыздар. Тораптың айналу барысында жұлдыз түрін өзгертеді, оның сәулелері әсем түйіспелер құрайды.
Көпбұрыш (Многоугольник, (Polygon Tool) инструментімен тек жұлдыз тәрізді көпбұрышты ғана емес, жұлдыздың өзін де салуға болады. Оның сәулелері обьектінің ішкі аймағы арқылы өтетін кесінділермен өзара қосылєан. Бесбұрышты таңдаңыздар, сонан кейін Жұлдыз (Star ) батырмасын басыңыздар (онда кішкене көк жұлдызша салынған).Обьект таңбашаға айналды. Енді батырмада көпбұрыш салынғанына назар аударыңыздар. Қайта шерту фигураны алғашқы қалпына келтіреді.
Ескерту: Егер жұлдыздың сәулелері жетіден артық болса, онда олардың ұзындығын қасиеттер панеліндегі сырғытпамен (ползунок) өзгертуге болады (оның қасында үшбұрыш салынған). Сырғытпаның орны неғұрлым оңға қарай болса, жұлдыздың сәулелері соғұрлым үшкір болады.
Достарыңызбен бөлісу: |