Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі



бет2/23
Дата25.08.2017
өлшемі5,54 Mb.
#26669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы  жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады.  Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.     
Бақылау сұрақтары:

1.Кескіндерді тану немесе техникалық көру жүйесі дегеніміз не?

2.Бейнелерді і ӛңдеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?

3.Компьютерлік графика нені зерттейді?

4.Автоматтандырылған жобалау жүйелері дегеніміз не?

5.Компьютерлік графиканың даму тарихы.

6.Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстарын атаңыз

Дәріс №2. Компьютерлік графиканың пайдалану салалары мен түрлері


  1. Компьютерлік графиканың түрлері

  2. Үш өлшемді графика

Компьютерлік графикада бейнелену тәсіліне байланысты растрлық, векторлық және фракталдық графика болып бөлінеді. Обьектінің модулін тұрғызуда үш өлшемді графика жеке пән ретінде қарастырылады.



Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.



 Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 

  Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

    Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.



   Растрлық графиканың артықшылығы:

  • әр нүкте бір-бірінен тәуелсіз;

  • бейнелік ақпаратты енгізудің автоматты техникалық түрде іске асырылуы. Мұндай құрылғыларға сканерлер, бейнекамералар, сандық фотокамералар және графикалық планшеттер жатады;

  • фотомүмкіндігі. Тұман немесе түтін суреттерін және басқа да әсерлер алуға болады;

  • файлдар форматы нүктелік бейнелерді сақтауға арналған және олар стандартты болып табылады;

  • Web-дизайнды қолдануға болады.



Растрлық графиканың кемшілігі:

  • Растрлық бейнені бұруға, еңкейтуге болмайды. Егер бейнені кішкене ғана қисайтатын болсақ онда бейне шеттері түзу сызық емес «баспалдақ» болып қалады;

  • Бейнені үлкейтіп анықтап көруге болмайды. Бейне нүктелерден тұрғандықтан, оны үлкейткенде нүктелер көлемі де үлкейеді. Бұдан бейненің сапасы нашарлайды;

  • Бейнені үлкейткенде файлдың көлемі үлкейіп кетеді.

    Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.     



   Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлы графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.



 Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

 Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, орай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.



Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.



 Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.  

Үш өлшемді графика. Үш өлшемді графиканың негізі векторлық графика болып табылады. Мұнда бейнелер компьютер жадысында құраушы объектілер түрінде сақталады. Объект 3-өлшемді болуы үшін оның бетін каркастық құрылғы ретінде үш өлшемді координата x,y,z түрінде және кеңістіктегі түйіндік нүктелер арқылы тұрғызу қажет.

Растрлық, векторлық, үш өлшемді графика статистикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Динамикалық үш өлшемді графика кинематографияда кеңінен қолданылады. Ал екі өлшемді графика x,y координатты графика мультфильмдерде және веб-беттерін өңдеуге қолданылады.

Дәріс №3. Дербес компьютердің бейнежүйесі.


  1. Суреттермен жұмыс істеуге арналған құрылғылар

  2. Үйдегі фотостудиялық құралдар

Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, яғни сурет тікбұрышты нүктелер матрицасы түрінде беріледі, әрбір нүктенің берілген түстер жиынтығынан таңдалатын өзінің түсі болады.

Компьютерде графикалық ақпараттарды өз жадысына сақтауға арналған бейнеадаптер болады. Онда әрбір нүктеге жадыдан белгілі бір бит саны бөлінеді. Сонымен қатар бейнеадаптер монитор экранында бейнежадыны секундына 70-100 рет ұдайы көрсете алады.

Негізгі бейнеадаптерлерге:CGA (Color Graphics Adapter 320x200,1982), EGA (Enhancad Graphics Adapter 6400x350,1984), VGA (Video Graphics Array, 640x480), SVGA (Super Graphics Array,800x600 ден 1248x1024 дейін) және т.б. жатады.

Қазіргі кезде экранда 16 млн.түсті беретін VGA және SVGA бейнеадаптерлері кеңінен қолданылады.

Барлық бейнеадаптерлердің негізгі төрт бөлігі болады.



  • жүйелік логикалық микросхемалар жинағы(бейнечип);

  • жедел бейнежады (Video RAM)

  • цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)

  • базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS)

Жүйелік логикалық микросхемалар жинағы – деректерді жедел бейнежадыға жазып, іс жүзінде экранда ақпараттың бейнелеуін басқарады.

Цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)-жедел бейнежадыдағы ақпаратты оқиды да, оларды цифрлық түрден аналогтық мониторды басқару сигналдарына айналдырып, оны мониторға жібереді. Бұл операция секундына оншақты рет орындалады, ол экранның ауысу жиілігі деп аталады. Қазіргі кездегі эргономикалық талаптарға сай экранның ауысу жиілігі 85 Герцтен аспауы қажет.

Базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS) –енгізу/шығарудың негізгі программалар жиынтығынан тұрады, ол компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырады.

Мониторлар әдетте үш параметр, яғни дюмдегі диаганаль өлшемі, нүктені ажырату қабілеті және герцтегі қайталау жиілігі бойынша жіктеледі.

Монитордың ажырату қабілеттілігі мен қайталану жиілігі бейнеадаптердің мүмкіндігіне тәуелді.

Графикалық ақпараттармен жұмыс істеген кезде кем дегенде 17 дюмдік мониторды пайдаланған ыңғайлы.

Сонымен қатар, монитор кем дегенде 1208х1024 нүктені тануы керек, ал 1600х1200 болса одан да жақсы. Түстің тереңдігі ең аз дегенде 16 бит болуы керек, ал 32 бит болса одан да жақсы. Онда бір мезгілде 64 мың түстен 16 млнға дейінгі түстерді беруге болады. Компьюерде жұмыс істеген кезде көз шаршамас үшін оның алмасу жиілігі 85 Герцтен кем болмауы керек.

Суреттермен жұмыс істеуге арналған компьютерлердің жедел жадысы кем дегенде 128 Мбайт, қатты дискінің көлемі ең аз дегенде 20 Гбайттан кем болмауы керек.



Суреттермен жұмыс істеуге арналған қосымша құрылғылар

Принтерлер. Суреттің қағаздағы «қатты» көшірмесін алу үшін принтерлер мен плоттерлер қолданылады.

Кез келген принтер растрлық суретті құруды іске асырады, себебі ол нүктелерден тұратын символдарды шығарады. Принтерлерді былайша топтастыруға болады.



Суреттермен жұмыс істеген кезде матрицалық принтерлердің санасы өте төмен болғандықтан оны қолданбай-ақ қоюға болады. Ең жақсысы лазерлік принтерлер өте қымбат тұрады. Олардың бағасы – 2-3 мың долларға дейін барады.

Сурет принтердің

Сондықтан да графикалық ақпараттармен жұмыс істегенде түрлі-түсті бүріккіш принтерді қолданған тиімді. Оларды Canon, Epson Stylus, Hewlett Packard фирмалары жасап шығарады және олардың сапасы өте жақсы.



Сканерлер. Сканер – компьютерге мәтін, сурет, слайд, фотосурет түріндегі кескіндердің образдарын немесе басқа да графикалық ақпаратты енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Сканерлердің өзіндік белгілеріне қарай былайша топтастыруға болады.

Графикалық жұмыстар үшін планшетті сканерді қолданған тиімді. Сканердің негізгі параметрі суреттің әрбір дюймінде танып, қабылдайтындай дюймдегі нүктелер санымен өлшенетін айыру қабілеті болып табылады. Сканердің айыру қабілеті 600х300-ден 1200х600-ге дейін және одан да жоғары болады.

Сканер компьютерге тізбектелген порт арқылы жалғанса, онда сканерден ақпарат алу өте баяу, ал USB интерфейсі арқылы қосылса, онда ақпарат алу жылдамырақ болады.

Цифрлық фотокамералар(ЦФК) – компьютердің көмегімен өңдеуге болатын кадрлар құруға мүмкіндік береді.

ЦФК – ның қарапайым фотокамерадан артықшылығы: онда фотопленканың орнына суреттерді электр сигналдарына айналдыратын жарық сезгіш элемент қолданылады. Сигналдар кодталғаннан кейін камераның жадысына жазылады. Оны кез келген уақытта компьютердің жадысына жазып, графикалық редактордың біреуінде өңдеп, бсапаға шығаруға болады. Қазіргі кезде түсірілген суреттің өлшемі 320х240 нүктеден бастап 2400х1600 нүктеге дейінгі фотокамералар қолданылады.

Бейнекамералар. Интернетте ақпарат алмасу үшін қарапайым және арзан бейнекамералар қолданылады. Оларды көбінесе web - камера деп атайды. Бұл камерада ақпаратты сақтау құрылғысы жоқ, ол тек бейнесигналды трансляция жасап, цифрлық формаға түрлендіреді. web – камераның көмегімен 640х480 нүктеден тұратын фотосуреттерді алуға болады. Бұл камералар компьютерге USB интерфейсі арқылы қосылады. Мұндай камераның мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, суреттердің сапасы төмен болады.

Графикалық планшет. Ол – компьютерде сурет салуға арналған құрылғы. Графикалық планшеттің көмегімен кәдімгі қағазға салғандай сурет салуыңызға болады. Қарындаштың рөлін графикалық қылқалам атқарады. Графикалық қылқаламның мүмкіндігі жоғары, өйткені графикалық редактор оны қарындаш, бор, қылқалам немесе кез келген басқа сурет салатын құрал ретінде қабылдай алады. Ыңғайлы әрі сенімді графикалық планшеті Wacom фирмасы шығарады. Қылқаламның қоректендіру элементі мен жалғастыратын кабелі жоқ. Ол кәдімгі қаламға ұқсас. Оның бір ұшымен сурет салып, екінші ұшыменөшіргіш сияқты суреттің кез келген жерін өшіріп тастауға болады.



Каталог: uploads -> doc -> 1309
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1309 -> Сабақтың тақырыбы: Тамыр аймақтары. Сабақтың мақсаты
1309 -> Курмашева Анаргуль Назымбековна «1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» психологиялық дамыту бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет