Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі



бет8/23
Дата25.08.2017
өлшемі5,54 Mb.
#26669
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Бақылау жұмысы:

  1. Коррекция және бейнелерді өңдеу жолдары

  2. Фильтр дегеніміз не?

  3. Имитация тобының Фильтрлерінің қызметі қандай?


Дәріс №18. Күрделі контурларды құру


  1. Контурларды топтарға біріктіру.

  2. Біріккен контурлар

  3. Құрама контурлар

Векторлық редакторларда жұмыс қарапайым контурларды құрудан басталады және күрделі контурларды құрумен аяқталады. Күрделілігі орташа бейнелер он және жүз шақты контурлардан тұрады. Күрделілігі жоғары бейнелер мың және он мың қарапайым объектілерден тұрады.



Контурларды топтарға біріктіру. Бұл қарапайым операция бір немесе бірнеше объектілерді (контурларды) бір топқа біріктіруден тұрады. Алынған топпен арнайы объект сияқты қатынасуға болады. Топты ауыстыруға, бұруға, созуға, үлкейтуге және онымен босқа да операцияларды орындауға болады.

Әрбір топқа кіретін элементар объект (контур) өз қасиеттерін сақтайды. Топ құрамындағы контурлардың қасиеттері сақталатын болғандықтан, топты таратып, қайтадан бөлек контурлармен жұмыс жасауға болады.

Контурларды топтарға біріктіру үшін оларды алдын-ала Ерекшелеу құралымен ерекшелеп алу қажет. Мұны жинақталатын объектілерді қоршайтын тіктөртбұраш рамканы тышқан көмегімен созу арқылы орындайды. Объектілер тобын әрбір объектіні SHIFT пернесін басып тұрып, бөлек шерту арқылы ерекшелеуге болады. Ерекшелеп болған соң Объект → Топтау командасы беріледі.

Ерекшеленген топты Объект → Тарату командасымен бөліп, ажыратады.



Біріккен контурлар. Біріккен контурлар бір немесе бірнеше бөлек контурларды біріктірудің бірнешеуін орындау нәтижесінде пайда болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде, бірнеше объектілерден операцияға қатысушы объектілердің ең жоғарғы, жақсы қасиеттеріне ие болатын жаңа объект түзіледі.

Біріккен контурлардың түзілуі үшін барлық элементар контурларды ерекшелеп және Объект→ Контурларды өңдеу менюінен кез-келген команданы беру керек.



Құрама контурлар. Құрама контурлар – бұл берілген контурлардың араласуы нәтижесінде түзілетін вректорлық графика объектілерінің ерекше түрі. Топтау операцияларының араласу операцияларынан айырмашылығы – араласуда контурлар өз қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Біріктіру операцияларының араласу операциясынан айырмашылығы, нәтижесінде жаңа объект түзілмейді, ерекше объект – құрама контурлар пайда болады.

1. Құрама контурларды түзу үшін берілген контурларды ерекшелеп, Объект→ Құрама контурлар→ Түзу командасын беру керек.

2. Ауызекі тілде құрама контурларды түзудің мәні «бубликтегі ойықтар» қиып алуында. Жоғарғы контур төменгісінде ойық қияды. Қиылысу аймағының еш қасиеті болмайды. Себебі мұнда аймақ та болмайды. Оның орнына «ойық» түзіледі, одан құрама контурлардың астындағы объектілер көрінеді.

Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру. Контурдың формасын оның бір немесе бірнеше тірек нүктелерінің орнын ауыстыру арқылы өзгерту қиын емес. Алдымен ауыстырылатын нүктелерді бөліктеп ерекшелеу құралының көмегімен бөліп көрсетіледі.

Тірек нүктелерінің қасиеттерін өзгерту. Тірек нүктелерінің тегіс және бұрыштық болатындығы туралы жоғарыда айтылды. Бірінші жағдайда олар бір сегменттің екіншісіне жайлап ауысуын қамтамасыз етсе, екінші жағдайда нақты бұрыш түзеді. Егер екі басқарушы түзулердің ұзындығы бірдей болса, тегіс тірек нүктелері симметриялық болуы мүмкін.

Нүктелердің қасиеттерін Перо құралының тобындағы Тірек нүктелерін түрлендіру құралының көмегімен өзгертеді. Оны тірек нүктесінде шертсе, ол бұрыштық нүктеге айналады, ал созып тұрып шертілсе – симметриялық болады. Басқару сызықтарының осы құралмен әрі қарайғы орын ауыстыруы контурдың аралас бөліктерінің талап етілетін қисықтығымен бұрыштық нүктені түзуге мүмкіндік береді.

Тірек нүктелерін құру. Егер контурдың қисықтығы жеткіліксіз болса, онда оның үстіне қосымша тірек нүктелерін қоюға болады. Бұл үшін Тірек нүктелерін қосу құралы (ол Перо тобында) қызмет етеді. Алынған тірек нүктелерінің орнын ауыстыруға, ал басқарушы түзулердің көмегімен осы нүктеде жалғасатын сегменттердің қисықтығын өзгертуге болады.

Тірек нүктелерін жою. Егер контурда керек емес, артық тірек нүктелері болатын болса (бұл әсіресе еркін салу құралдары Қылқалам мен Қарындашты қолданғанда), оларды алып тастауға тура келеді. Бұл үшін Тірек нүктелерін жою құралы қызмет етеді. Тірек нүктелерін бұлай жойғанда контур жарылмайды, жазылады, себебі жойылатын нүктеге көрші екі тірек нүктелері өзара жаңа сегментпен жалғасады.

Тұйық контурларды өңдеу. Векторлы редакторларда тұйық контурлар ерекше қасиеттерге ие. Теориялық тұрғыда тұйық контур – заливка қасиеті бар контурдың жалғыз түрі болып есептеледі. Мұнда ашық контурлар да құйылады, алайда бұл шарт бойынша орындалады.

1. Қалыпты формадағы тұйық контур жасаудың ең қарапайым әдісі сәйкесінше құралды (Эллипс, тіктөртбұрыш және т.с.с) пайдалану болып табылады. Тұйық контурды алдын-ала Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп басқаруға болады.

2. Тұйық контурды Перо және Қарындаш құралдарының көмегімен құруға болады. Бұл жағдайда бастапқы тірек нүктелеріне жақын орналасқан аймаққа құралды жақындатсақ, көрсеткіш формасы өзгереді, бұл тышқан кнопкасын шертумен контурдың тұйықталатынын көрсетеді.

3. Ашық контурды тұйық контурға Объект → Контур → Байланыстыру командасы арқылы түрлендіруге болады. Бұл команда бойынша бастапқы және соңғы тірек нүктелері бұрыштық тірек нүктелеріне түзу сызық түрінде қосымша сегментпен жалғасады.

Тұйық контурды бөлу. Тұйық контурды бөлуді Пышақ (Нож) құралымен орындайды. Пышақпен жүргізілген сызық контурды екі контурға бөледі. Олардың әрқайсысымен бөлек жұмыс жасау үшін оларды Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп алу қажет.

Контурларды құю (заливкалау). Құю режимдері. Adobe Illustrator редакторында құюдың үш түрлі режимі бар : 1) бірыңғай құю (бір түспен); 2) градиентті құю (түстер арасындағы жайлап ауысу); 3) декоративті құю (таңдап алынған өрнекпен контурды толтыру).

Құю үшін экранда келесі үш палитра болуы керек : а) синтез (түс таңдау үшін); б) градиент (градиентті созбаларды құру үшін); в) каталог (үлгілерді таңдау мен сақтау үшін).

Құю режимін таңдау үшін құрал –саймандар панелінің астындағы кнопкалы панель қолданылады. Оның үш режим кнопкасы бар : Түс, Градиент және атрибутсыз. Жаңа объектінің құйылуы индикатор панелінде орнатылған түс пен режимге сәйкес орындалады.


Бақылау сұрақтары:

1. Контурларды топтарға біріктіру дегеніміз не?

2. Біріккен контурлар дегеніміз не?

3. Құрама контурлар дегеніміз не?

4. Контурлармен жұмыс жасау жолдарын көрсет.

Дәріс №19. Мәтіндік объектілермен жұмыс


  1. Мәтінмен жұмыс істеу құралдары.

  2. Мәтінмен жұмыс істеу режимдері.

  3. Блокты мәтінді құру.

Векторлық шрифтер символдары да контурлар сияқты векторлық объектілер болып табылады. Векторлық редактор тұрғысынан текстік объектілер – бұл басқа табиғаттың объектілері. Олардың қасиеттері басқа (шрифт өлшемі, аты, сызба түрі және т.с.с).



Мәтінмен жұмыс істеу құралдары. Adobe Illustrator – дың текстпен жұмыс істеуге арналған 6 альтернативті құралдары бар: Текст, Аймақтағы текст, Контурдан тыс текст, Вертикаль текст, Аймақтағы вертикаль текст, Контурдан тыс вертикаль текст.

Кәдімгі текст пен вертикаль тексттің айырмашылығы айтарлықтай көрнекі. Контурдан тыс текст түзуге арналған құралдар қисықсызықты қатарлар алуға арналған және тақырыптарды безендіру үшін қолданылады. Аймақтағы текст түзуші құралдар блокты текст – текстпен толтырылған контур, түзуге арналған.



Мәтінмен жұмыс істеуге арналған палитралар. Текстік объектілермен жұмыс істеуге арналған төрт арнайы палитра бар. Ең көп қолданылатындары Символ және Абзац палитралары. Біріншісі шрифт параметрлерін басқару үшін, ал екіншісі – абзац параметрлерін басқару мен блокты текст құруға қызмет ететіні атынан белгілі. Текстпен жұмыс істеуге арналған барлық палитралар меню қатарының тексті пунктінен ашылады.

Табуляция сызғышы палитрасын кестелерді құруда немесе табуляцияланған блокты тексттерді құруда қолданылады, ал ММ-дизайн палитрасы Multiple Master форматындағы арнайы шрифтілі жинақты коррекциялау үшін арналған.



Мәтінмен жұмыс істеу режимдері. Пайдаланылу сипатына қарай текстпен жұмыс істеудің екі режимі бар: еркін жазба режимі және блокты текст режимі.

Еркін жазбалар қарапайым және фигуралық болуы мүмкін. Құжаттарда ол тақырып ролін атқарады.

Басқа векторлық редакторлар сияқты Adobe Illustrator- ды да еркін жазбаларды түзу үшін жиі қолданылады.



Блокты текст – бұл арнайы форматталған кең массивті текст. Векторлық редакторларда блокты тексттермен жұмыс әр түрлі болуы мүмкін. Ең алдымен бұл контурды күрделі емес текстпен толтырудан тұратын безендіру жұмыстары. Басқа варианттары - компьютерлік теру жүйесінің жұмыстарын өңдеу.

Блокты тексті құру. 1. Блокты тексті құру үшін Аймақтағы текст немесе Аймақтағы вертикаль текст құралдары қолданылады.

2. Тексті орналастыруға арналған аймақты алдын-ала дайындау керек. Бұл текстің аумағын шектейтін тұйық контур болуы керек. Контур туынды формада болуы мүмкін, бірақ құрама бола алмайды.

3. Құралды таңдап, құрал көрсеткішін контур шекарасында шерту керек, сол кезде ішкі аймақта текстік курсор пайда болады. Енді текстті енгізуге кірісуге болады.

4. Текст стилін Символ және Абзац палитраларының көмегімен өзгертуге болады.

5. Текстпен толтырылған аймақтың формасын контурларды редакциялауға арналған кәдімгі құралдар көмегімен өзгертуге болады.

Еркін жазбаларды құру. Еркін текстік жазбаларын тақырыптық қатарлар үшін қолданады. Векторлық редакторлардың бірінде жасалған әдемі тақырыпты буфер обменаға көшіріп және текстілік редакторда немесе баспа жүйесінде құралған объект есебінде қоюға болады.

1. Adobe Illustrator – да кәдімгі сызықтық тақырыптарды немесе фигуралық тақырыптарды құруға болады. Бірінші жағдайда Текст немесе Вертикаль текст құралын, ал екінші жағдайда – Контурдан тыс текст немесе Контурдан тыс вертикаль текст құралдарын қолданады.

2. Кәдімгі сызықтық текст өте оңай енгізіледі. Текст құралын таңдап, құжаттың жұмыс өрісінде (кез-келген жерге) шерту керек, текстік курсор пайда болған кезде, тақырып текстін енгізуді бастауға болады.

3. Символдардың формасын, өлшемін, және сызбасын Символ палитрасының көмегімен орындайды, және өзгертілетін фрагментті алдын-ала ерекшелеп алады.

4. Фигуралық тақырыптарды құру үшін алдын-ала қисық сызықты контур жасау керек. Оны Перо құралымен жасайды. Бұл контур тақырыпты орналастырудағы базалық сызық ретінде қолданылады. Контурды түзу кезінде оның формасын шамалап беруге болады, себебі тексті қисыққа орналастырғанда қисық формасын жайлап керекті формаға өзгертеді. Текстің орналасуы қисықтың өзгеруіне қарай өзгеріп отырады.

5. Контурдан тыс текст құралын таңдап, көрсеткішін контурда шерту керек. Текстік курсор пайда болғаннан кейін тексті енгізуге көшуге болады. Текст символдарының параметрлерін Символ палитрасының көмегімен өзгертуге болады.



Символдарды векторлық түрлендіру. Векторлық редакторлардың сипаттамалық ерекшелігі болып олардың жарнамалық бизнесте қолданылуы табылады. Векторлық графика құрылғыларымен жарнамалық беттерді, жарнамалық хабарламаларды дайындауға немесе фигуралық тақырыптар мен буклеттерді безендіруге болады.

Жарнама жасаушы ұжымдардың тағы бір маңызды ісі болып ұжым логотиптері мен жарнамалық публикацияларда қолданылатын фирмалық стильдерді өңдеуі табылады. Бұндай компьютерлік жүйеге орнатылған стандартты шрифтілік терулердің жұмысы жеткіліксіз, себебі әрбір фирма өзінің қайталанбас стилі болғанын қалайды.

Web –қызметтердің кең таралуымен байланысты құжаттарды стандарт емес формада безендіру қажеттілігі өсіп кетті. Интернетті әрбір мекеме ғана емес, әрбір адам өзінің Web – бетінің қайталанбас стилі болғанын қалайды. Бұл үшін векторлық редакциялау текстік объектілердің векторлануы мүмкіндігінің арқасында ыңғайлы мүмкіндіктерді ұсынады.

1. Стандартты символдық жинақтың кез-келген векторлық объектісін, яғни тірек нүктелері мен сегменттерден тұратын контур сияқты қарастыруға болады. Мұны осы түрде елестету үшін, арнайы векторлану операциясын орындау керек.

2. Символды немесе символдар тобын векторландыру үшін оларды ерекшелеу құралымен ерекшелеп және Текст → Контурға түрлендіру командасын беру керек. Бұл команданы контексті менюден де орындауға болады.

3. Векторланудан кейін текстілік объектілер контурға айналады. Бұл жағдайда оларды кәдімгі векторлық редактор құралымен өңдеуге болады : масштабтау, трансформалау, созу, көлбеу, қысу, тірек нүктелерінің орнын ауыстыру, сегменттердің қисықтығын өзгерту, жаңа тірек нүктелерін қосу, керек емес, артығын өшіру, құю параметрлерін өзгерту.


Бақылау жұмысы:

  1. Мәтінмен жұмыс істеу құралдарын ата?

  2. Мәтінмен жұмыс істеу режимдерін түсіндір?

  3. Блокты мәтінді құру жолдары?



Тәжірибелік сабақ №3

Мәтіндермен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты: Adobe Photoshop программасында мәтіндермен және ондағы палитраларды, жұмыс істеу режимдерін пайдалану.
Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.
Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

Adobe Illustrator – дың текстпен жұмыс істеуге арналған 6 альтернативті құралдары бар: Текст, Аймақтағы текст, Контурдан тыс текст, Вертикаль текст, Аймақтағы вертикаль текст, Контурдан тыс вертикаль текст.

Кәдімгі текст пен вертикаль тексттің айырмашылығы айтарлықтай көрнекі. Контурдан тыс текст түзуге арналған құралдар қисықсызықты қатарлар алуға арналған және тақырыптарды безендіру үшін қолданылады. Аймақтағы текст түзуші құралдар блокты текст – текстпен толтырылған контур, түзуге арналған.

Текстік объектілермен жұмыс істеуге арналған төрт арнайы палитра бар. Ең көп қолданылатындары Символ және Абзац палитралары. Біріншісі шрифт параметрлерін басқару үшін, ал екіншісі – абзац параметрлерін басқару мен блокты текст құруға қызмет ететіні атынан белгілі. Текстпен жұмыс істеуге арналған барлық палитралар меню қатарының тексті пунктінен ашылады.

Табуляция сызғышы палитрасын кестелерді құруда немесе табуляцияланған блокты тексттерді құруда қолданылады, ал ММ-дизайн палитрасы Multiple Master форматындағы арнайы шрифтілі жинақты коррекциялау үшін арналған.

Пайдаланылу сипатына қарай текстпен жұмыс істеудің екі режимі бар: еркін жазба режимі және блокты текст режимі.



Еркін жазбалар қарапайым және фигуралық болуы мүмкін. Құжаттарда ол тақырып ролін атқарады.

Басқа векторлық редакторлар сияқты Adobe Illustrator- ды да еркін жазбаларды түзу үшін жиі қолданылады.



Блокты текст – бұл арнайы форматталған кең массивті текст. Векторлық редакторларда блокты тексттермен жұмыс әр түрлі болуы мүмкін. Ең алдымен бұл контурды күрделі емес текстпен толтырудан тұратын безендіру жұмыстары. Басқа варианттары - компьютерлік теру жүйесінің жұмыстарын өңдеу
Тапсырмалар:

1 тапсырма. «фотошоптағы трюктер» - су бетіндегі жазу.

1. Ӛлшемі 300Х300 болатын жаңа бейне құрамыз (файл-жаңа). Бейнені (Фильтр -

рендеринг - бұлт) бұлт фильтрімен өңдейміз, алдын ала алдыңғы жақтағы түсін - ақшыл сұр, ал артқы жақтағы түсін - қара сұр етіп аламыз.

2. Енді хром (Фильтр-эскиз-хром) фильтрін қолданамыз, оның параметрлерін:

Детализация 10, смягчение 0. деп аламыз

3. Бейнені бейне коррекция – түстік тон/қанықтылық, параметрлері: түстік тон

198, қанықтылық 56 деп, және тонирование терезесінде жалауша қойып (2-сурет)

бейнені бояймыз.

4. Қабаттар панелінің төменгі жағындағы "Жаңа қабат құру" командасын

пайдаланып жаңа қабат құрамыз Алдыңғы жақтағы түсін - ақ, ал артқы жақтағы түсін - қара етіп аламыз. Осы қабатқа да (Фильтр - рендеринг - бұлт) бұлт фильтрін қолданамыз

5. Бейнені бейне коррекция – түстік тон/қанықтылық, параметрлері: түстік тон 210, қанықтылық 56 деп, және тонирование терезесінде жалауша қойып бейнені бояймыз.

6. Бірінші қабатты жоғарғы орынға орналастырып, қабаттардың орындарын

ауыстырыңыздар, мөлдірліліксіздігі 80% деп алыңыз.

7. Құралдар панелінен Мәтін құралын таңдап, шрифт тағайындаймыз, негізгі түс

ретінде ақ түсті аламыз. "ВОДА" деген сӛзді жазамыз. Мәтіні бар қабатты алдыңғы екі қабаттың арасына жылжытамыз.

8. Тышқанның оң жақ батырмасымен мәтіні бар қабаттың үстіне апарып шертеміз, пайда болған мәзір ішінен "қабатты растрировать" деген команданы орындаймыз. Мәтінгетолқын (Фильтр - қисайту - толқын) фильтрін қолданамыз, оның параметрлері

2 тапсырма. «Photoshop эффектері», мәтінді жаңа қабатқа клейлеу.

1. Мәтінді ерекшелейміз.

2. Мәтін жазғымыз келетін кез келген бейне ашамыз.

3. Құралдар панелінен Горизонтальды мәтін- маска құралын таңдаймыз да, "ТЕКСТ" деген сөзді жазамыз

4. Редакциялау – көшіру, командасын орындаймыз, содан соң Редакциялау –орналастыру командасын орындаймыз, мәтін автоматты түрде жаңа қабатқа клейленеді.

5. Мәтіні бар қабат үстіне апарып тышқан бағыттауышын шертеміз, пайда болған мәзірден «тиснение» командасын таңдаймыз да ОК пернесін басамыз.


3 бөлім. Векторлық графика

Дәріс №21. Corel Draw векторлық программасымен танысу
1. Экран элементтері.

2. Түстік модель.


CorelDRAW арқылы қисықты, геометриялық фигураны немесе мәтін әрпін оңай құруға, және өте жоғарғы дәлдікпен олардың формасын өзгертуге, мәтінді берілген қисық сызық бойымен орналастырылуға болады. Әртүрлі құралдарды бірге қолдану арқылы CorelDRAW-да өте көп графикалық эффектер: мәтін қатарын немесе графикалық объектіні изометриялық бейнеге түрлендіруге, иілдіруге, сызықпен қоршауға, 68айналдыруға, айнадағы бейнесін алуға, үшөлшемді эффектер алуға т.с.с. көптеген жұмыстарды жасауға болады. Corel Corporation графикалық редакторы CorelDRAW атаулы Канада фирмасының ӛте үлкен мүмкіндіктеріне, дайын бейнелер кітапханасының үлкендігіне байланысты ең белгілі, кӛп тараған бағдарламалардың бірі болып отыр. Кейбір құралдарының басқа графикалық редакторларда жоқ болуы оның ерекшелігін айқындай түседі.

Бағдарламаны іске қосқаннан кейін монитор экранында CorelDRAW- дың терезесі ашылады. Ашылған терезеде New Graphic (жаңа файл) батырмасын басқаннан кейін, CorelDRAW- дың негізгі терезесі ашылады да, жаңа файлға автоматты түрде Graphic деп атау беріледі.

CorelDRAW12 бас терезесін он негізгі элементтерге бөлуге болады (1-ші сурет).

 тақырыптар қатары;

 мәзір қатары;

 құралдар панелі;

 қалып-күй қатары;

 түстердің экрандық калитрасы;

 құжат терезесі;

 жұмыс беті;

 сызғыштар;

 навигатор;

айналдыру жолағы

Corel Draw векторлық программасы – бұл машиналық графиканың шедеврлерін құруға мүмкіндік беретін компьютерлік дизайнер инструменті. Бұл программа түрлі-түсті иллюстрациялар, күрделі сызбалар, кітап және журнал беттерін безендіру, әр түрлі бейнелермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Түстік моделдер. Corel Draw-да әр түрлі түстік моделдер қолданылады:


  • RGB (қызыл+жасыл+көк) – бейнені экранға шығару үшін;

  • CMYK (көгілдір+сары+қара+қызғылт) – баспалық өнімді шығару үшін;

  • HSB (рең+қанықтылық+айқындылық) – өзіндік көркем шығармаларды құру үшін.

Corel Draw векторлық программасының жұмыс ортасы мынаадй терезелерден тұрады:



1. Menu Bar – мәзір қатары

2. Standart - cтандартты құрал-саймандар панелі


Каталог: uploads -> doc -> 1309
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1309 -> Сабақтың тақырыбы: Тамыр аймақтары. Сабақтың мақсаты
1309 -> Курмашева Анаргуль Назымбековна «1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» психологиялық дамыту бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет