Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі



бет20/23
Дата25.08.2017
өлшемі5,54 Mb.
#26669
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Құюларды қолдану


Объектінің құю параметрлерін орнату үшін Fill палитрасы қолданылады.

1. Uniform Fill – біртүсті құю (однородная заливка).

2. Fountain Fill Dialog – градиентті құю.

Градиентті құюдың параметрлері:



  • Type – градиенттік құюдың түрін анықтайды: Linear (сызықтық), Radial (радиальдық), conical (конустық), sguare (квадраттық).

  • Center Offat – градиент ортасының ауытқуы.

  • Angle – градиенттің бастапқы бұрышын анықтау.

  • Steps - (шар) қадам саны 256 max

  • Edge pad – объектінің шетінен шегініс.

Тїсті араластыру екі режимде жүргізіледі:

  • Two Color (екі түсті)

  • Custom (қолданушылық)

Two Color режимінде екі түс қолданылады.

Mid Point (орта нүкте) – түстік ауысудың шекарасын анықтайды.

Custom – режимінде градиенттік құю үшін түстің шексіз санын қатыстыруға болады.

Fountain Fill Dialog – сұхбат терезесінің төменгі жағында CorelDraw пакетімен бірге орнатылатын градиенттер: «+» тізімі орналасқан батырмасы көмегімен қолданушы құрған градиенттік тізімді құруға болады. « - » белгісі тізімнен жояды.

3/ Pattern Fill Dialog (pfkbdrf ntrcnehs) – j.vty құ./

Параметрлері:

  1. Оюдың түрі:

  • Two Color – екі түсті.

  • Full Color – толық түсті.

  • Bitmap – растрлік.

  1. Origin – ауытқуы. Объектінің ортасы бойынша оюдың ауытқуын анықтайды.

  2. Size – оюдың көлемі.

  3. Skew – оюдың наклоны.

  4. Rotate – оюды айналдыру.

  5. Transform fill with object - оюды объектімен қоса өзгерту.

Load – батырмасы көмегімен оюды файлдан жіктеуге болады. Create – батырмасы көмегімен оюды құруға болады.

4. Texture Fill Dialog – текстурамен құю.

Параметрлері:

  1. Texture library – текстуралардың әр-түрлі кітапханаларын таңдау үшін арналған тізім.

  2. Style – текстураның сыртқы түрін өзгерту параметрлер тобы.

  3. Preview –алдын - ала құру.

  4. Tiling – наложение.

  5. Options – көмегімен текстураны растрилизациялау параметрлерін орнатуға болады.

    • Bitmap resolution – растрлік оюдың шешілуі.

    • Maximum file width – пикселдер саны көрсетіледі.

ЕСКЕРТУ: Текстуралық құюларды қолдану, бейнені экранға шығару және қағазға басуын баяулатады.

  1. Post Script Fill Dialog – құюдың бұл түрі текстураға ұқсас бірақ қағазға шығару процесінде ол растрлік бейнеге түрлендірілмейді. Бұл жаєдайда принтер Post Script (беттерді сипаттау) тілін қолдануы қажет.


Бақылау сұрақтары:

    1. СorelDraw-да құюдың неше түрі бар?

    2. Eyedropper және Paintbucket саймандары не үшін қолданылады?

    3. Outline Pen сұхбат терезесіне сипаттама беріңіз.


Дәріс №29. Макет құру


        1. Беттің толық макетін баптау

        2. Объектілер диспетчер терезесі

Макет құру – бұл дизайнердің ойын жүзеге асыру үшін беттің және макет элементтерінің (мәтіннің, растрлік және векторлық бейнелердің) орналасу параметрлерін баптау. Жаңа құжат құрғанда CorelDraw автоматты түрде А4 (210х297 мм) форматын орнатады. Форматты өзгерту керек болса, ашылатын форматтар тізімінен керекті форматты таңдау керек немесе қасиеттер палитрасында тиісті өріске қажетті көлемді орнату керек. Беттің макетін толық баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document > Page бетін ашамыз. Бұл бетте 4 пункт бар:



  1. Size (көлем) – бұл пункте беттің параметрін баптауға болады. Алдын ала құру терезесінде енгізілген өзгертулерді байқауға болады.

  2. Logout (макет) – бұл пункте ашылатын Logout тізім көмегімен 6 шаблонның біреуін таңдауға болады :

    • Full Page (толық бет)

    • Book (кітап)

    • Book Let (буклет)

    • Tent Card (Открытка)

    • Side Fold (карточка с боковым сгибом)

    • Top Fold Card (карточка с верхним сгибом)

Макеттің өзгеруі алдын ала көру терезесінде бейнеленеді. Facing Page (айналық беттер) туын екі жақты басылым үшін қолданады.

Start on тізімі (начать с ...) бірінші беттің номері жұп немесе тақ болатынын анықтайды.

3. Label (наклейки) компакт дискімен бірге болатын 800 – ден астам стандартты наклейкалар пакетінен наклейканы таңдауға мүмкіндік береді. Егер де керекті нұсқа жоқ болса, Customize Label бөлуді баптау батырмасына шертіп, ашылған сұхбат терезесінде бөлу параметрлерін болады.

4. Background (фон) – бқл пункт беттің фонын таңдауға мүмкіндік береді. Ауыстырғыштар көмегімен 3 нұсқаны таңдауға болады.

  • No Background (фон жоқ)

  • Solid (бір түсті фон)

  • Bitmap (растрлік форматтағы бейне).

Print and Export Background туы фонды экспорттауға және қағазға шығаруға мүмкіндік береді. Егер ту орналатылмаса, онда фон экранда көрінеді де, қағазға басылмайды және экспорттағанда сақталмайды.

Object Manager (объектілер диспетчері) терезесін қолдану. Күрделі құжаттармен жұмыс істегенде объектілер арасында ыңғайлы түрде ауысу үшін Object Manager терезесі қолданылады. Бұл терезеде иерархия түрінде құжаттағы бар барлық беттер, қабаттар және объектілер орналасады. Бұл терезе көмегімен қабаттағы объектілердің орналасуын өзгертуге болады. Объектілерді ерекшелеуге, топтастыруға, көшірмесін алуға және де контурдың түсін өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл терезені ашу үшін Window > Docker > Object Manager командасын орындау керек. Object Manager терезесінде ерекшеленген объект жұмыс аймағында да ерекшеленеді. Үнсіз келісім бойынша әрбір қабат (Laуer) реттік номер жазуымен белгіленеді. Қолданушы қабаттың атауын өзгерте алады. Ол үшін қабаттың атауының үстінен екі рет шерту керек.

Қабаттың атауының сол жағындағы көздің белгішесі осы қабаттағы орналасқан объектілерді көрінбеуіне әсер етеді. Принтер белгішесі осы қабатта орналасқан объектілерді қағазға басуға рұқсат етеді немесе тыйым салады. Қарындаш белгісі осы қабатта орналасқан объектілерді өңдеуге рұқсат етеді немесе тыйым салады. Терезеде құжат туралы қандай ақпарат көрсетілетінін анықтау үшін және құжатты өңдеу үшін келесі басқару элементтері қолданылады.



Show Object Property (объектінің қасиетін көрсету) - объектінің атауының қасында объект туралы ақпарат жазылады (контурдың түсі және қалыңдығы, құюдың түсі).

Edit Across Layer қабаттар арасында өңдеу, терезеде қай қабат ерекшеленгеніне байланыссыз кез – келген қабаттағы объектіні өңдеуге мүмкіндік береді.

Layer Manager View (түрлер диспетчері) – бұл режимді қолданғанда терезеде тек қабаттар ғана көрсетіледі.

New Layer - жаңа бос қабат құрады

New Master Layer - бұл жаңа шаблон бет құрайды.

Delete – ерекшеленген қабат, объект немесе объектілер тобын жояды.

Объектіні бір қабаттан екінші қабатқа ауыстыру немесе көшірмесін алу үшін терезе менюінің Move to Layer немесе Copy to Layer командаларын орындауға болады.



Объектілерді туралау және бекіту

Snap to Grid кнопкасы бойынша объектілерді тор бойынша туралау режимі іске қосылады. Тордың параметрлерін баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document Grid терезесінде баптауға болады. Freguency (жиілік, частота) – көлденеңінен және тігінен өлшем бірлігіне келетін тор сызықтарының жиілігін орнатады. Spacing (арақашықтық) – тордың қадамы. Show Grid (торды көрсету) – торды көрсету немесе алып тастау. Snap to Grid (торды бекіту) – торды сызықтарға бекіту. Show Grid as Lines ( тор сызықтарын пунктермен көрсету). Show Grid Dots (тор сызықтарын нүктемен көрсету)

Жоғары сапалы құжат құру үшін, жұмысты тез және жоғары деңгейде жүргізу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Күрделі құжаттардың макетін құру үшін келесі кеңестерді орындаған жөн.



  1. Құжатты жоспарлау – яғни, бейне қай мақсатпен құрылады және соңғы нәтиже қандай болады екенін анықтау.

  2. Эскиз құру – жұмыстың алдында қағазға графиканың және мәтін элементтерінің орналасуын көрсетіп алу.

  3. Шаблон дайындау – бұл объектілерді туралауды жеңілдету.

  4. Құжатты құру.

  5. Алдын ала қағазға шығарып, нәтижені көру.

  6. Құжатты қағазға немесе плёнкаға шығару.



Бақылау сұрақтары:

Eraser сайманын қолданып төмендегідей сурет салыңыз:

Боялған шеңбер салып, 8 рет көшірмесін алыңыз. Smudge сайманы арқылы шеңберлердің формасын төмендегідей түрге келтіріңіз:








Каталог: uploads -> doc -> 1309
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1309 -> Сабақтың тақырыбы: Тамыр аймақтары. Сабақтың мақсаты
1309 -> Курмашева Анаргуль Назымбековна «1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» психологиялық дамыту бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет