Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия



бет21/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс
14-19 .02.22., вопросы по аттестации ДЛЯ ПОДГОТОВКИ
Әдебиеттер тізімі
.Әбдіров А.М. Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру.  Астана КазАУ, 2   б.
2.Әбілжанұлы Т. Кормоприготовительные машины для крестьянских хозяйств и других агроформирований. Ќ Астана. 2007. 200с.
3. Рүстембаев Б.Е. және т.б. Сүт және сүт өнімдерін өндірудің жаңа техноло-гиялары мен экономи-касы. Оқу құралы. - Астана. 2007
4. Зейнуллин К.Ш., Естаев Б.З. Мал фермалары мен комплекстерінің технологиялық жабдықтары. Оқу құралы. - Целиноград. 1992


Дәріс-6
Мал қораларынан қи шығарғыш қондырғылар

1.ТСН-3.0Б, ТСН-160, УС-15 және УС-10 транспортерлерінің құрлысын және жұмысын


2.ТСН -3.0Б транспортерінің және УС-15 қондырғысының жұмыс органдарын, механизмдері

1. Қорадан қи шығарғанда айнала қозғалатын ТСН-3.0Б қырғышты транспортері (2.1-сурет) қора ішіндегі каналдарда жиналған қиды сыртқа шығарып және транспортқа артуға арналған. Транспортер горизантальді және көлбеу транспортерден тұрады. Бұл транспортердің әрқайсысының жетектері болады. Горизантальді транспортері 320мм қора периметіріндегі қи каналында орнатылады. Транспортер шынжыры сыртқы және ішкі планкалардан құралып өзара саусақтармен қосылады. Қырғыш скоба болтпен орнатылады. Шынжырдың ұзындығы 170м. Әрбір қырғыш арасы 1м, ал шынжыр қозғалысының жылдамдығы 0.19 м/с.


Кергіш механизм (2.2-сурет) еденге анкерлі болттармен бекітілген рамадан 7, реттеуіш винттен 3, сырғымадан 6 саптан 1, сырғыманың осіне бекітілетін қырқаяқтан тұрады. Шынжырды керіп тарту үшін сапты оңға, солға бұрайды. Осы уақытта саптың басындағы храповикті механизм көмегімен винт 3 бұрылады. Кергіш механизм транспортердің бос тармағына орналастырылады.
Көлбеу транспортер горизонтқа 30 градус бағытта орнатылады. Транспортердің төменгі жағы қора ішінде және горизанталь транспортер арасында орнатылады, ал жоғары жағы қора сыртында болады. Шынжырының ұзындығы 13,7м.



1-бұрылыс қырқаяғы; 2-транспортер; 3-кергіш құрылғы; 4-горизонтальді транспортер жетегі; 5-көлбеу транспортер; 6-горизонтальді транспортердің тартқыш механизмі; 7-көлбеу транспортер жетегі.




2.1 - сурет - Кырғышты ТСН-З,ОБ транспортері

Қорадан қи шығарғанда және қиды транспортқа арту үшін айнала қозғалатын ТСН-160 (2.3-сурет) қырғышты транспортері қолданылады. Мұның құрылысы мен жұмыс принципі ТСН- З.ОБ транспортеріне ұқсас. Тек ТСН-160 транспортерінің бөлшектелмейтін, термиялық өңделген және калибрленген якорлі 16x80 мм мөлшерлі шынжыры болады. Шынжырдың горизантальді және вертикальді звенолары, сонымен бірге вертикальді звеноға дәнекерленіп бекітілген тіректері бар. Тіректерге қырғыштар бекітіледі. Транспортердің шынжырын автоматты түрде тартып өздігінен реттегіш механизмі бар (2.4-сурет).





1-сап; 2-подшипник; 3-винт; 4-сырғыма осі; 5-бұрылыс қырқаяғы;


6-сырғыма; 7-рама.


2.2 – сурет - ТСН-З.ОБ транспортерінің кергіш құрылғысы



1-горизонтальді транспортер; 2-көлбеу транспортер; 3-басқару тетігі; 4-горизонтальді транспортер жетегі; 5-кергіш құрылғы; 6-шынжыр; 7-бұрылыс қырықаяқтары.




2.3 - сурет - ТСН-160 қырғышты транспортерінің жалпы түрі

1-бұрылыс қырқаяғы; 2-кергіш ролигі; 3-кергіш ролик рычагы; 4-тірек; 5-жүк ілінген трос; 6-жүк.




2.4-сурет-ТСН-160 транспортерінің автоматты кергіші

Скреперлі УС 15 қондырғысы (2.5-сурет) ірі қара малды боксты және байламай ұстайтын қоралардан қи шығаруға арналған. Қора ішіндегі қиды шығару орнына қарай қондырғы конструкциясының өзгешіліктері үш түрлі болып келеді. Қондырғы мынадай беліктерден тұрады: жетектен 1, скреперлі жұмыс органынан 4,5 және шынжырды кергіш құрылғыдан, бұрылтқыш құрылғылардан 2, жұмыс контурының шынжырынан және басқару шкафынан. Қондырғының екі жұмыс органы бар.


Жұмыс органы қиды жылжытуға арналған. Ол шарнирлі құрылысы бар сырғымадан 3, скреперлерден 2 және кергіш құрылғыдан 4 тұрады. Скрепер қаңқасында резеңке пластиналар 5 бекітілген. Сырғыманың бір жағы шынжырмен, ал екінші жағы кергіш құрылғымен жалғасқан. Қондырғы скреперлері ілгерілемелі-кейінді жұмыс істейді. Қондырғы жұмыс істегенде бір қи каналындағы скрепер қанаттарын жайып қиды итереді де, ал екінші қи каналындағы скрепер қанатын жинап бірінші скреперге қарама-қарсы жаққа қозғалады. Бірінші скрепер қиды көлденең каналға (коллекторға) түсіргеннен кейін реверсті түрде жұмысқа екінші скрепер кіріседі, яғни шынжырлар жетекпен екінші бағытқа тартады. Осылай цикл қайталана береді. Жұмыс органының қозғалу жылдамдығы 2,4 м/с.
Электрлік қозғалтқышты автоматты реверс жасауына КВД 12 механизмі қолданылады. Ол (2.6-сурет) контактісі жоқ ДЗ М индукциялық датчиктер блогінен құралып, жетектің редуктор корпусімен басқару блогінде орнатылған. Транспортер шынжырындағы тірек механизмнің қайтақосқыш пластинасына 2 әсер етіп жетектің электр қозғалтқышының айналу бағытын өзгертеді.

1-жетек; 2-бұрылтқыш құрылығы; 3-сырғыма; 4,5-скреперлер; 6-шынжыр




2.5 – сурет - УС-15 скреперлі қондырғысы



1-кайтара қосқыштың түптік айырғышы; 2-қайтара қосқыштың пластинасы. 3-авариялық айырғыш пластина; 4-авариялық түптік айырғыш; клеммалар тақтасы.




2.6 - сурет - Реверстік механизм

2. УС-10 қондырғысы штангалы-шынжырлы контурлы киды көлденең немесе орталық каналдан шығаруға арналған. Қондырғы қиды бір каналдан немесе паралель орналасқан екі каналдан (2.7-сурет) шығара алады. Қондырғы конструкциясы УС-15 қондырғысына ұқсас, тек жұмыс органдары көп болады және олардың саны қи каналының ұзындығына байланысты.


Қондырғы контурының кергіш құрылғысы штангамен шынжыр арасында орналасқан. Ол түп 4 (2.8а-сурет) және гайкасы 2 бар винттен 3 тұрады.



1-жетек; 2,4-бұрылтқыш құрылғылар; 3-скрепер; 5-жетек станциясы; 6-қи шығару каналынын беткі торы.




2.7 - сурет - УС-10 қондырғысының қи шығару каналында орналасуы

Шынжыр 7 болтпен 6 кергіш механизм түбіне жалғанған. Жұмыс органы (2.8 - сурет) оң және сол жақтағы скреперлерден тұрады. Олар шарнир арқылы түп өкшесі 3 бар сырғымамен 2 жалғасқан. Сырғыма кергіш винт және контргайка көмегімен бір жағынан штангеге, ал екінші жағынан аралық 8 арқылы шынжырға бекітілген.


УС-10 қондырғысының 8 жұмыс органы бар, олардың араларының қашықтығы 10м, ал скрепердің жүріс қадамы 12,5м. Скрепердің ашылған кездегі ені 1,75м, ал жиналған кездегі ені 0,69м. Қырғыштардың биіктігі 0,15м. Жұмыс контур диамметрі 20мм жабық темірден және дөнгелек звенолы шынжырдан тұрады. Контурдағы автоматты түрде жұмыс істеп, тәулігіне 6 рет жұмысқа қосылады. Өнімділігі 2,8 кг/сағ, скрепердің қозғалу жылдамдығы - 0,14 м/с.

а-кергіш құрылғы; 1-штанга; 2-гайка; 3-винт; 4-түп; 5-контргайка; 6-болт; 7-шынжыр; б-жұмыс органы; 1-оң скрепер; 2-сырғыма; 3-түп өкше; 4-сол скрепер; 5-кергіш гайка 6-скрепер саусақтары; 7-штанга; 8-шынжыр бекитін аралық.




2.8 – сурет - УС-10 скреперлі қондырғысының элементтері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет