Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия


Дәріс-7 Сиырды машинамен сауу және алғашқы өңдеу



бет23/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс
14-19 .02.22., вопросы по аттестации ДЛЯ ПОДГОТОВКИ
Дәріс-7


Сиырды машинамен сауу және алғашқы өңдеу

1. Сауын аппараттарының түрлері.


2. Сауу қондырғылары.
3. Сиырларды топтап саууға арналған қондырғылар.

1. Малдың денесіне кигізіліп жұмыс атқаратын механизмдер аппараттар организмнің физиологиялық жұмысына сәйкес болуы керек, яғни сиыр сауу аппараттарының жұмысы бұзау емгенде сиыр емшегіне қандай әсер ететін болса, сол операцияларға сәйкес болуы керек. Мысалы бұзау, тағы басқа сүт көректілер емгенде бірінші емшекті сору операциясы, бұл уақытта ауыз ішінде ауаның сиреуі - вакуум пайда болады. Екінші операция сорылған сүтті жүту бұл уақытта емшекті сығу операция жүргізіледі. Сонымен малдың сүт беруін бұзбай, оның физиологиясына сәйкес болу үшін сауу аппараттарының жұмысында сору, сығу операциялары болу керек. Осы зоотехникалық талапқа байланысты қазіргі уақытта екі тактілі, үш тактілі сауу аппараттары шығарылады.


Сауу аппаратының күрделі қызмет атқаратын құрылымдарына пульсатор мен коллектор жатады. Пульсатор тұрақты ауа сорып туратын вакуум проводка жалғанатын болғандықтан, ол осы тұрақты ауа сору процесін коллектор мен сауу стакандарына керекті өзгермелі вакуумға айналдырып отырады.


Коллектор осы пульсатор жасаған өзгермелі вакуумды сауу стакандарын жеткізу, әрбір стакандардан сүтті жинау, сонымен қатар үш тактілі аппараттардағы демалу тактісін орындау қызметін атқарады.

2.Сауу қондырғылары.


Фермаларда сиыр сауу процесін толық атқаруды қамтамасыз ететін машиналармен аппараттар жинағын сауу қондырғысы деп айтамыз. Жалпы сауу қондырғысының құрамына сауу аппраты, вакуум түтігі, монометр, вакуум реттегіш, вакуум-баллон, ауа сорғыш және электрқозғағыш жатады. Мал басының сонына, олардын қалай ұсталуына байланысы олардың құрылысы әртүрлі болуы мүмкін.
Негізінен олар екі түрге бөлінеді:
1. Сиыр байлаулы тұрған жағдайда сиыр қорасының ішінде саууға арналған қондырғылар.
2. Сиыр байлаусыз және байлаулы ұсталатын фермаларда арнаулы жабдықталған бөлмелерде сиыр саууға арналған қондырғылар.

1. Ауыстырмалы сауу аппаратымен жабдықталған сауу қондырғысы. Бұл сауу қондырғысының сұлбасы көрсетілген. Мұнда сиыр саууды жүргізу үшін қондырғының электрқозғағышы қосылғаннан кейін сауу аппаратының шлангісі вакуум түтікке қосылады. Бұл қондырғы 100-ге дейін сиыры бар фермаларда мал байлүлы тұрған жағдайда қолданылады.


2. Жылжымалы платформаға немесе тележкелерге орнатылған сауу аппараттарымен жабдықтаған сауу қондырғылары.
3. Сүт жинайтын түтікпен жабдықталған қондырғылар.
4. Параллель станоктармен жабдықталған қондырғылар. 100-200 сиырға арналған. Мұндай қондырғыларды жайлауда пайдалануға болады.
5. Станоктарға бүйірмен кіретін «тандем» типтес сауу қондырғылары.
6. Үздіксіз кіріп шығатын станоктармен жабдықталған сауу қондырғылары.
7. «Ёлочка» типтес сауу қондырғылары.
8. «Карусель» типтес сауу қондырғылары.
9. Әмбебап сауу қондырғылары УВС-3, УДМ-8.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет